Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет2/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   218
ӘОЖ 821.0 

ББК 83.3 

 

© Ш.Есенов атындағы Каспий  



мемлекеттік технологиялар және  

инжиниринг университеті, 2019 

 

 

ISBN 978-601-308-086-4 



 

 

 



 

 

 


 

1-СЕКЦИЯ 



«ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ МҰРАЛАРЫ» 

 

ӘОЖ 930.2 



 

ТҮРКІ РУХАНИЯТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ БИЛЕР ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ 

РӨЛІ 

 

Ахан Б. 

С.Байішев атындағы Ақтөбе университеті, Қазақстан 

  

Аңдатпа.  Бұл    мақалада  көшпелі  түркі  жұртының  ұлттық  руханиятын  қалыптастырудағы 

билер дүниетанымы ғылыми тұрғыда сараланады.  



Түйінді сөздер: билер институты,  рухани қазына, жеті жарғы. 

 

Ел  егемендігі  рухани  дүниемізді  түгендеуге  белгілі  дәрежеде  жағдай  жасады  десек  те  әлі 



күнге  қазақ  топырағының  төл  туындылары  боп  есептелетін  оның  ауыз  әдебиеті  нұсқалары, 

әсіресе,  шешендік  сөздер  үлгілері,  мақал-мәтелдері,  эпос  жырлары,  халықтың  әйгілі  би-

батырлары,  хандары,  билері  жайлы  ел  аузында  жүрген  әңгімелер,  олардың  өнеге-өсиет  сөздері 

философиялық,  жалпы  дүниетанымдық,  саяси  –әлеуметтік,  құқықтық  тұрғыдан  арнайы  зерттеп-

зерделеуге  түскен  жоқ.  Осы  бағыттағы  атқарылар  іс  әлі  өз  кезегін  күтуде  және  оның 

көшпенділердің  рухани  өркениетін,  оның  ішінде  олардың  саяси-құқықтық  көзқарастары  мен 

ұғым-түсініктерін,  қағида-принциптерін  танып  білудегі  берері  де  аз  болмаса  керек-ті.  Бір 

қуанарлық жәй соңғы кездері қазақ халқының тарихы, ауыз әдебиеті, жалпы рухани мәдениетіне 

арналған  деректі  материалдар  көптеп  басылып  шығуда.Бүгінгі  алқалы  мәжіліс  түркі  жұртының 

ұлттық  руханиятын  ұлықтаудағы  ұлы  істердің  бірі  деп  білеміз.  Рухани  жаңғыру  аясындағы  ұлт 

рухын танымдық тұрғыда зерделеудегі игілікті іске сәттілік тілеймін.   

  Билердің  рухани  қазынасы  –  мәңгі  өшпейтін  шырақ,  таусылмайтын  кәусар  бұлақ  іспетті. 

(1)  Олардың  қоғамдық-саяси  және  құқықтық  болмыстары  тек  қана  өз  заманының  көкейкесті 

мәселелеріне  ғана  арналып  қоймай,  сонымен  қатар  бүгінгі  күн  тәртібінде  тұрған  біршама  өзекті 

мәселелерге  де  өздерінің  нақтылы  жауабын  беріп  тұрғанына  таңданбасқа  болмайды.  Олардың 

кейбір  ой-пікірлерін  кәдемізге  жарату  -  әлеуметтік  тәжірибені  алға  дамыту  деген  сөз.  Сонымен 

қатар  кұқық  саласындағы  көзқарастарын,  таным-бағдарларын,  жан-жақты  терең  зерттеудің 

нәтижесінде біз олардың осы күнге дейтін беймәлім болып келе жатқан биліктерін танып, өткен 

ғасырдағы  қазақ  қоғамындағы,  тіпті,  қазіргі  кездегі    қайшылықтардың  себептеріне  бойлауға 

мүмкіндік  аламыз.  Өйткені  олар  айтқан  биліктерде  қүқық  тарихының  жаңа  беттері  ғана  емес, 

дәстүрлі  жалғастығы  да  бар.  Оны  Шыңғыс  хан  жосығының,  Есім  ханның  ескі  жолымен,  Қасым 

ханның  қасқа  жолының,  Әз  Тәукенің  «Жеті  жарғысының»  занды  жалғасы  деп  ұққан  жөн.  Ел 

ішіндегі  дау-шарлар  туралы  билердің    әрбір  сөзі,  әрбір  шешімі  -  Әз  Тәукенің  «Жеті 

жарғысындағы» баптармен үйлесіп отырған. Және олар негізін үйсін Төле би, Арғын Қазыбек би, 

алшын Әйтеке би қалаған «Жеті жарғыны», қазақ ханы Әз Тәуке бекіткен «Жеті жарғыны» ұдайы 

басшылыққа алып, қажетті жерінде заман талабына ылайық өзгертіп, жетілдіріп те отырған. 

Қазақ халқының қадірменді билері ел басына ауыр күндер туған қиыншылық кездерде, ел 

жиналған  айт,  ас,  той  тұсында,  жер  дауы,  жесір  дауы,  барымта  дауы,  көтерілген  жерлерде  ауыл 

ақсақалдарымен кеңесіп, ел тағдырын бірге шешісіп келген. Кейде ауыл ақсақалдары, билері бір 

шешімге  келе  алмай  қалғанда  ортада  билік  айтып  дауды  тындырып  отырған.  Бүгінгі  күн 

көзқарасымен  емес,  сол  заманның  деңгейімен  бағаласақ,  билер  өз  дэуірінің  айрықша  қайсар 

адамдары,  ел  билейтіндей  көсемдіктер,  ділмар  шешендіктер,  ержүрек  қолбасшы  екендіктерін 

танытқан адамдар. 

Билер  қазақ  қауымында  аса  зор  құрмет  иесі,  сирек  кездесетін  әлеуметгік  топ.  Өйткені, 

«жүзден-жорға,  мыңнан  тұлпар»  дегендей,  казақ  биіне  артылар  жүк  пен  қойылар  талаптардың 

салмағын ел бастаған көсем де, сөз бастаған  шешен де көтере алмайды. Ал бидің әрі  шешен әрі 

көсем болуы шарт. Ол аз болса, ел басынан өткен тарихи уақиғаларды, шежірені, мақал-мәтел мен 



 

қанатты сөздерді,  аңыз-әңгемелерді  және  ең бастысы  - қазақтың әдет-ғұрпын, салт-санасын, ескі 



рәсімдерін,  алқалы  жиындарда  айтылған  атышулы  биліктер  мен  атақты  билердің  ғұмыр-

деректерін,  жөн-жобаларын  жақсы  білуі  тиіс.  Демек,  оның  әрі  философ,  әрі  тарихшы,  әрі 

әдебиетші, әрі заңгер болуы шарт. Бұл туралы Шоқан былай дейді: «Би атағын беру қазақта халық 

тарапынан  бір  сайлау  арқылы,  немесе  халықты  билеп  отырған  үкімет  тарапынан  бекіту  арқылы 

болған  емес,  тек  сот  ғүрыптарына  әбден  жетік,  сонымен  қатар  тілге  шешен  қазақтар  ғана  бұл 

қүрметті атаққа өз бетімен ие болып отырған. Мұндай би атағын алу үшін би болам деген қазақ 

өзінің ұлттық салт-дәстүрі мен болмысына негізделген, мұсылмандық құқық ісіне жетіктігін және 

шешендік қабілеті бар екендігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың 

атағы жұрттың бәріне мэлім болып отырған. Сонымен, бүл «би» деген атақ ел ішінде билік айтуға 

жэне  төрелік  сөз  сөйлеуге  патент  сияқты  нэрсеге  айналған».  Тарихи  деректерге  қарағанда  26 

жастағы Шоқан Көкшетауға барған сапарында Қанжығалы Бөгенбай батырдың шөбересі Саққұлақ 

бидің аулында қона жатып, атышулы шешенмен бірнеше күн әңгіме-сұхбат құрған. Осы кездесуде 

Шоқан Саққұлақ биге: - Ақсақал, біреу жолдан адасса, кімнен ақыл сұрайды? - деген сауал қояды. 

- Шырағым, көнеден сұрайды,  - деп жауап береді шешен.   - Көне адасса кімнен сұрайды?  - Көне 

адасса,  көргендіден  сұрайды.  -  Көргенді  адасса,  кімнен  сұрайды?  -  Көргенді  адасса,  көптен 

сұрайды. - Көп адасса, кімнен сұрайды? - Көп адасса, көп оқығаннан сұрайды. - Көп оқыған адасса 

кімнен  сұрайды?  -  Көп  оқыған  көзі  шықпай  неге  адассын!  Әлгінде  ғана  Сатыбалдының 

Жаманқұлына күдіктеніп, оның Үмбеталы жырау туралы дастанын өзің де менен сұрап, анықтап 

алған  жоқпысың?  -  дейді  шешен.  Содан  соң  іле-шала:  Асылы,  ақыл-адамды  аздырмайтын  ем, 

білім-таусылмайтын  кен.  Адамның  басшысы  -  ақыл,  жетекшісі  -  талап,  Шолғыншысы  -  ой, 

жолдасы  -  кәсіп,  қорғаны  -  сабыр,  қорғаушысы  -  мінез.  Адам  биік  болса  тасар-ды,  кішік  болса, 

құрт-құмырсқа басар-ды, орта құба төбел болса - сол адам ұзақ жасар-ды. Біліп туған бала екенсің, 

тумысыңнан  дана  екенсің,  -  деп  Шоқанға  қатты  риза  болған  Саққұлақ  би  батасын  берген  екен. 

Осы  бір  мысалдың  өзінен-ақ  қазақ  билерінің  табиғи  болмысын,  тапқырлық  өресін,  шешендік 

шабытын  көресің.  Қазақ  биіне  қойылатын  тапаптар  хақында  ұлы  Абай  да  кезінде  көшпелі  пікір 

айтып  былай  деген:  «Бұл  билік  деген  біздің  қазақ  ішінде  әрбір  сайланған  кісінің  қолынан 

келмейді.  Бұған  бұрынғы  «Қасым  ханның  қасқа  жолын»,  «Есім  ханның  ескі  жолын»,  әз  Тәуке 

ханның Күлтөбенің басында күнде кеңес болғандағы «Жеті жарғысын» білмек керек. һәм, ол ескі 

сөздердің  қайсысы  заман  өзгергендіктен  ескіріп,  бұл  жаңа  заманға  келіспейтұғын  болса,  оның 

орнына  татымды  толық  билік  шығарып,  төлеу  саларға  жарарлық  кісі  болса  керек».  Демек, 

Абайдың  ойынша  қазақ  биі  ескі  жөн-жобаларды,  заң  күші  бар  ережелерді  біліп  қана  қоймай, 

оларды  заманның  жаңа  талаптарына  сай,  өз  қабілетінше  бейімдеп,  әділ  билік  жасай  алуы  керек. 

Әділ билік демекші, қазақ билерінің хұзырлық деңгейінің кепілі «қара қылды қақ жарған» сақилық 

болып  табылады.  Қазақта  «Тура  биде  туған  жоқ,  туғанды  биде  иман  жоқ»  деген  тамаша 

диалектикалық мазмұндағы мақал бар. Әділеттіліктің туын жоғары ұстаған ұлағатты билер халық  

сеніміне  ие  болып,  «құлағынан  сыбыр»,  алдынан  дау  кетпеген.  Ал  «имансыз»  билер,  керісінше 

мал үшін сөзін сатып, сақалын саудаға салып, әділет жолынан ауа жайылған соң туған-туысқанын 

қолдап,  оларды  ақтауға,  немесе  жақтауға  жанын  салып,  тілін  безеп  сөз  қадірін  кетіргендер, 

Абайдың «отырман ескі бише бос мақалдап», - деуі де осындай билер хақында айтылған. 

Қазақ билерінің хұзырлық болмысы халық сотында жасайтын жария билігі арқылы айқын 

көрінеді. Билер соты негізінен алғанда үш сатыдан тұрады: төменгі сатысы  - жеке бидің, немесе 

ауыл ақсақалының билік қылуы; екінші сатысы - жүгініс. Бұл орайда билікке 1-2 би, екіден сегізге 

дейін  ақсақалдар  қатысуы  мүмкін;  үшінші,  яки  ең  жоғарғы  сатысы  -  «Билер  кеңесі».  Оның 

құрамында  6-дан  24  биге  дейін  болады.  Кейіннен  «шербешнай»  (чрезвычайный  съезд)  аталған. 

Билер кеңесі руаралық, тайпааралық, тіпті ұлысаралық  шиеленісіп кеткен үлкен дауларды шешуге 

байланысты  шақырылып  отырған.  Даудың  мән-маңызына,  береке-бітім  табуына  қарай  хандық 

(кесілген құнның жиырмадан бір бөлігі) және билік (кесілген құнның оннан бір бөлігі) жауапкер 

жақтан  алынып  отырған.  Қазақ  билері  үлкен  дауларда  айтысқа  өз  руының,  немесе  тайпасының 

атынан түссе жақтаушы (адвокат), немесе айыптаушы (прокурор) міндетін атқара берген. Тергеу 

жұмыстары алдын ала да, айтыс үстінде де жүргізіле бергендіктен, қазақ билері тергеуші міндетін 

де қоса атқарған. Билер айтысында төбе би сайланады. Соңғы кесім, ақтық шешім сол төбе бидің 

хұзырында  болады.  Билер  соты  шын  мәнісінде  ашық  сот,  жария  халық  соты.  Билер  үкімінің 




 

сыншысы  да,  мақұлдаушысы  да,  бекітушісі  де  орындаушы  да  -  халық.  Көпшілік  келісімі 



(конвенция) билер үкімінің орындалуына кепілдік орнына жүреді. Дауласушы екі жақ береке-бітім 

тапса, халық та риза. Көпшілік айыпталушының да, дау иесінің де қуанышына ортақтасып бірге 

тойласады. Өкінішке орай, бұл дәстүр біздің заманымызға жетпеді. Береке-бітімнің ишара белгісі 

ретінде  екі  жақтың  арасына  ала  жіп  керу  рәсімі  үкімді  тұйықтайтын  болған.  Ол  рәсімнің  шығу 

төркіні сонау қадым замандардан басталатын сыңайлы. Хан дәргейіне бас ұра келгендерді ала жіп 

астынан  өткізу  рәсімі  олардың  пиғыл-ниеттерінің  ақ-қарасын  ажырату  мақсатында  қолданылса 

керек. Ол жіптің астынан өту дос елдердің өкілдеріне міндетті болмаған, яки терезесі тең хандар 

мен  атышулы  билерге  де  сондай  артықшылық  берілген.  Ал  жіп  астынан  тізерлеп,  немесе  жер 

бауырлап  өту,  немесе  тік  түрегелген  күйі  басын  изеп,  иіп  өту  де  ханның  келушіге  қатынасына 

байланысты болған.  

Қазақ билерінің хұзырлығына тиесілі халық сотының, яғни жария биліктің үкім шығарарда 

сүйенер келесі әдет заңдарының бірі «жан беру» рәсімі болып табылады. Егер қаралып жатқан іс 

күмәнді  болып, оның ақ-қарасын  ажыратуға айғақ боларлық куәгерлер жеткілікті болмаса, онда 

би  даугер  мен  жауапкерге  «ағайын-қарындас»  болып  бітісуді  ұсынады.  Олар  бұл  ұсынысқа 

келіскен жағдайда жауапкер айып құнының жартысын ғана төлейді. Егер келіспесе, онда би «жан 

беру»  рәсімін  қолданады.  Алайда  бұл  рәсімді  орындау  хұқы  кез-келген  адамға  сеніп 

тапсырылмайды.  Өйткені,  оның  жауапкершілігі  аса  зор  болғандықтан  «жанға  ұстаған»  кісі  атақ-

абыройы  бар,  халық  сеніміне  ие  болған  беделді  болуы  тиіс.  «Жанға  ұстаған»  бидің  шешімі 

бойынша  қарсы  екі  жақтан  да  тағайындалуы  мүмкін.  Егер  «жан  беру»  рәсімі  жауапкер  хақында 

іске  қосылса,  онда  «жанға  ұстаған»  адам  жауапкердің  «осы  күмәннан  адал  екеніне»  жан  береді. 

Ал,  керісінше,  ол  даугер  жағынан  тағайындалса,  онда  «даугердің  күмәні  жала  емес»  деп  жан 

береді.  Әдетте  «жан  беруші»  қарсы  жақтан  тағайындалады.  Мысалы,  даугер  «жанға  ұстағанды» 

жауапкер  ауылынан,  ал  жауапкер  керісінше,  даугердің  ауылынан  немесе  оның  рулас 

ағайындарының ішінен іздейді. Кішігірім істер бойынша, олардың ақ-қарасын тексермекке би ант 

ішкізу  рәсімін  қолдануы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  даугер  де,  жауапкер  де,  тіпті  екі  жақтың 

куәгерлері  де  өз  сөздерінің  дұрыстығын  растауға  ант  ішеді.  Қазақ  арасында  жалған  іске  ант 

бергендерді «көк соғады», «ант ұрады» деген түсінік мықтап қалыптасқандықтан бұл рәсімге кім 

болса да, ойлана-ойлана баратын болған. Оның үстіне ондай адам ант ішу арқылы жауапкершілікті 

тек  өз  мойнына  ғана  емес,  бүкіл  ағайын-туыс,  әулетіне  артады.  Күйсе,  оларды  бірге  күйдіреді. 

«Арам  іске  ант  ішпе»  деген  заң  күші  бар  мәтел  содан  қалған.  Ант  ішудің  «жан  беру»  рәсімінен 

айырмашылығы  мынада:  Егерде  ант  ішуге  іске  қатысты  адамдардың  барлығы  дерлік  хұқылы 

болса, «жан беруші» бейтарап кісілерден тағайындалады, онда да оған қойылатын талаптарға сай 

келсе.  «Жан  берушінің»  кандидатурасын  бекіту  ісі  тек  билердің  хұзырында  болатындығы  да 

сондықтан. Мұндай тәртіп «жан беру» рәсіміне аса зор жауапкершілікпен қараудың нәтижесінде 

қалыптасқан.    Қазақтардың  «жан  беру»  дәстүрінен  қатты  қорқатын  себебін  олардың  анимистік 

дүниетанымы арқылы түсіндіруге болады. Анима - «жан», «рух» деген мағынаны білдіретін латын 

сөзі. Анимистік дүниетаным шынайы түтастықтың санадағы екі ұдайылануынан келіп туындайды. 

Ертедегі  адамдар  түс  көру,  өлім  сияқты  күрделі  құбылыстарды  танып-білуге  ниеттеніп, 

нәтижесінде бұл дүниеден басқа да дүние бар, денеден бөлек  «жан» болады, өлген адам әруаққа 

айналады деген сенім қалыптасқан. «Қазақ үғымындағы жан  - деп, жазады К.Ш.Бейсенов, - адам 

өлгенде денесінен үшып кететін, шыбын тәріздес, бірақ рухани сипаттағы бейзаттық құбылыс. Ол 

адам  үйқыға  кеткенде  оның  денесінен  үшып  шығып  жер  жahанды  аралап,  небір  таңғажайып 

оқиғалардың  куәсі  болуы  мүмкін.  Осыдан  келіп  түс  көру  қүбылысының  себебін  түсіңдіруге 

талпыну орын алады. Ал, өлген адамдардың рухтары мәңгі сүреді деген сенім қазақтар арасыңда 

ислам дінінен анағұрлым бұрын қалыптасқан. «Әруақ атады», «Өлі риза болмай, тірі байымайды» 

деген түсініктердің анимистік көзқарастан туындайтыны да ақиқат нәрсе. Анимистік көзқарастың 

салт-санаға,  түрмыстық  жөн-жоралғыларға  етене  енгендігі  де  белгілі  жәйт.  Тіпті,  қазақ  баласын 

«жаным»,  «шыбыным»  деп  жақсы  көрсе,  ол  да  анимистік  дүниетанымның  әсері.  Міне  осындай 

дүниетанымның  аясында  өмірге  келген  «жан  беру»  рәсімінен  қазақтың  қорқуы  табиғи  нәрсе. 

Өйткені,  ол  біреу  үшін  өз  жанын,  яғни  өз  өмірін  кепілдікке  береді.  Оның  үстіне  жан  берген  ісі 

жалған болып шықса өлетініне шүбә келтірмесе, әрі екі дүниеде жаманаттан арыла алмайтынына 

кәміл сенсе! Сондықтан да «жан беру» рәсіміне істің ақ адал екеніне әбден  көзі жеткен кісі ғана 




 

ризашылығын береді. Осы жағдайды ескерген би «жан берушіге» мерзім белгілейді. Көрсетілген 



мерзім  ішінде  ол  ақ-қарасын  әбден  тексеріп,  ауыл  адамдарынан,  ағайын-туысынан,  жора-

жолдастарынан  істі  адамның  адалдығына  айғақ  іздейді.  Көпшіліктің  берген  мінездемесі,  әсіресе 

ақсақал, ақылгөй қариялардың пікірлері еске алынады. Нәтижесіңде, егер істі адам «жан беруге» 

тұрарлық болса «бәленше осы күмәннан адал» деп би алдында куәлардың көзінше сол үшін  жан 

беретінін  мәлімдейді.  Қазақшылықтың  мұрты  бұзылмай  тұрған  замандарда  «жан  беру»  рәсімі 

моланы айналу арқылы, яғни әруақтар алдында жүзеге асырылса, кейіннен мылтықтың ұңғысына 

серт  қылып,  ал  сот  ісіне  Шариат  араласқан  кезеңнен  бастап  құран  ұстап  бимен  қоса  молда 

алдында  орындалатын  болған.  «Жан  берушінің»  тексеру  нәтижелеріне  еш  уақытта  күмән 

келтірілмейтін.  Алайда,  оның  өзі  мүдделі  ісінің  ақ-қаралығына  дүдәмал  болса,  немесе 

тағайындалған мерзім ішінде елеулі  себепсіз би алдына келмесе жан беруге тиісті  адам жауапқа 

тартылады. Ал жалған  күмән еткен жан берушіге 1885 жылы Қарамолада өткен билер кеңесінде 

("шербешнай", ягни чрезвычайный съезд - Б.А.) ұсынылған Ереженің 22-ші бабы бойынша «қасқа 

тоғыз», немесе «түйе бастатқан бір тоғыз» айып салынады. Б.Адамбаевтың «Шешендік өнер» атты 

кітабында біздің ойымызша «түбі шикілеу» бірер аңыз әңгімелер келтірілген екен. Онда Қазымбет 

деген  ұста  шапқан  ерге  Төле  би  қызығып  «менің  тоғайымның  ағашы»  деп  жала  жауыпты-

мыс.Сонымен,  Дүңгене  деген  қарт  биге  жүгінгелі  бара  жатқанда  жолда  кездескен  бір  жылқышы 

жігіт былай депті-міс: Өзің үйсін Төлесің, ақылға кең кемесің, Жорта қиял қылмасаң, алыстан өзің 

көресің. Барғаның бүкір би болып, бермесе қисық төресін, Мұнымен қайда барсаң да, түбінде сен 

өлесің. Қапталы қайың, қасы тал, Қазымбет қосқан ер екен, Қайтсең де  иесіне бересің. Бұл аңыз 

әңгіменің қисыны келіспей тұрған себебі, біріншіден, Төледей азулы, аузы дуалы би жала жаппай-

ақ «қалап» немесе қолқа салып-ақ қандай ер болса да өзіне ала алар еді, емеурін білдірсе-ақ ердің 

иесі  қуана-қуана  тарту  етер  еді.  Екіншіден,  «қарақылды  қақ  жарған»  әділдігімен  аты  шыққан 

«толық билікке Төле жеткен» деп Қаздауысты Қазыбек би айтқаңдай үш жүзді аузына қаратқан әрі 

шырылдап елінің үстіне түскен адалдығы мен жанкештілігінің арқасында «Қарлығаш би» атанған 

Төленің  біреуге  жала  жабатын  еш  қисыны  жоқ  деп  білеміз.  Үшіншіден,  Төле  би  жүгінетін  жер 

қайдағы бір бүкір би емес «билер кеңесі» болса керек-ті. Төртіншіден, жолай кездескен көлденең 

көк  атты  Төлеге  «өлесің»  дейді.  Бұлай  деп    тек  «жан  берген»  күмәнға  айтуға  болады,  ал  өлең 

мәтінінде  ол  туралы  ештеңе  де  жоқ.  Асылы,  бұл  біздің  заманға  келіп  жеткен  басқа  бір  аңыз 

әңгіменің бұрмаланған түрі болса керек: Осындай аңыз әңгіменің тағы бірінің мазмүны мынадай. 

Бірде  Төле  мен  Әйтеке  астыртын  уағдаласып,  Қазыбек  биді  сынамаққа  бір  ерге  өтірік  таласып, 

оның  алдына  жүгініседі.  Екі  би  дауласып  бірталай  жерге  барып,  Төле  би  қыза-қыза  келе  «жан 

беремін» деп айтып салады. Сонда Қазыбек би: «Үш жүзді аузыңа қаратқан Төлесің, адам болайын 

деп жүрген немесің, ағаш ер үшін жан берме, ағаш ер үшін жан берсең, ажалыңнан бұрын өлесің», 

- дей келіп, «сен екі шіркін қартайғанда мені сынамай-ақ қойғанда, үш жүзде біреудің жауырыны 

жерге  тимегенде  қайтеді»,  деп  олардың  «қулығын»  біліп  қойғандығын,  әрі  өзінің  де  шашасына 

шаң  жұқтырмайтын  дүлдүл  екендігін  осылайша  білдірген  көрінеді.  Міне,  бүл  аңыз-әңгіменің 

тарихи  шындыққа  жанасымды  екендігіне  ешкім  де  күдік  келтірмесе  керек.  Әрине  бүл  әдет 

заңының, оның ішінде «жан беру» рәсімінің бағы таймаған замандарда болған әңгіме. 

Билер  даналығы  дегеніміз  тек  қана  терең  біліктілік  емес,  ол  –  сонымен  қатар,  ғұмырлық 

ақиқаттарды  танып  білуге  негізделген  бидің  өмір  сүру  салты,  тұрмыстағы  мінез-құлқы,  үлгі 

тұтарлық кісілік парасаттылығы.  

Билер даналық тағылымына қарай жасалған бетбұрыстың бір көрінісі билер институтының 

қазіргі  таңда  қайта  түлеуі.  Еліміздің  егемендік  алған  кезінде  қайта  жаңғырып  отырған  құбылыс 

қоғамның  ізденісінен,  ұлтымыздың  рухани  жан  дүниесін,  оның  мәдениетін,  билердің  даналық 

тағылымдарына, ұғым-түсініктеріне сүйене отырып жандандыру деп ұққан дұрыс.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Тэйлор Э.Б. Первобытная культура. М., 1989. 16  

2. Сейфуллин С. Билер сөзі. // Қазак әдебиеті. I кітап. Алматы, 1932;  

3.Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы, 1991;  

4.Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 16 том., Алматы, 1985, т.б. 



 

5. Ахан Бекежан. Билер дүниетанымы Алматы Ғылым 2001ж. 344б. 



6.Ахан Бекежан. Билердің әлеуметтік философиясы оқу құралы  Ақтөбе 2004ж. 

7.Мәметова Ә. Шешендік сөздер.// Қазак әдебиетінің тарихы. Алматы. 1948. 8.Адамбаев Б. 

Шешендік создер. Алматы, 1967; Шешендік өнер. Алматы, 1969;  

9.Б.Адамбаевтың «Шешендік өнер» Алматы,. «Жазушы» 1969.-140б.  

10.Казахское  традиционное  ораторское  искусство  и  речи,  связанные  с  именем  Сырыма. 

Автореферат канд.дисс. Алматы, 1962;  

11.Халык даналығы. Алматы, 1976; Тозған қазды топтанған карға жейді. Алматы, 1991;  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет