Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет82/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   218
Түйінді  сөздер:  бала,  эмоционалды-еріктік    сфера,  депривация,    әдістеме,  ауытқушылық, 

логопед, психолог, психика, интеллект, ақыл-ой. 




180 

 

Баланың  тұлға  ретінде  қалыптасуына  өмірінде  «Ата-ана-бала»  қарым-қатынас  жүйесіне 



түспеуі қатты әсер етеді. Мінездерінде қырсықтық, бірбеткейлік сияқты жағымсыз қасиеттер ерте 

көріне  бастайды.  Бала  толыққанды  даму  үшін  ең  алдымен  оның  махабатқа  деген  қажеттілігі 

қанағаттандырылуы  қажет.  Кейбіреулер  оны  туылғаннан  пайда  болатын  қажеттілік  десе,   енді 

біреулер өмір сүру барысында қалыптасатын қажеттілік деп есептейді. 

Осы  қажеттіліктің  қанағаттандырылмауы  бала  дамуының  бұзылысына  және  эмоциялық 

депривацияның  пайда  болуына  әкеліп  соғады.    Депривация  –  психология  мен  медицинада  кең 

қолданылатын  термин.  Бұл  термин  ағылшынның  «deprivation»  сөзінен  шыққан,  қазақша 

мағынасы:  өмірлік  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  мүмкіндігінің  шектелуі  немесе  жойылуы. 

Эмоциялық  депривация  көбіне    балалар  үйінде  тәрбиеленетіндер  де  ерекше  байқалады. 

Депривацияның келесі  түрі  – сенсорлық депривация  – яғни заттық ортаның болмауы және сезім 

мүшелері  қоздырғыштараның  жетіспеуі.  Депривацияның  бұл  түрін  де  балалар  үйінде 

тәрбиеленетіндерден кездестіреміз [1]. 

Депривация  сонымен  қатар  тек  балалар  үйінде  емес,  отбасында  тәрбиеленіп  жатқан 

балаларда да байқалады. Отбасында анасы болмаған жағдайда  немесе баласына эмоциялық көңіл 

бөлмеген жағдайда  аналық  депривация туындайды. Психикалық  күймен сипатталады.  Аталған 

психикалық  жағдай  мінез-құлықтың  өзгеруінен  байқалады.  Депривация  механизмі  баланың 

сыртқы  орта  адамдарымен  қарым-қатынасының  шектелуімен,  баланың  негізгі  психикалық 

қажеттіліктерінің жеткіліксіз қанағаттандырылуымен байланысты. Сонда, психикалық депривация 

деген  өмірлік  жағдайлар  нәтижесінде  туындайтын  нақты  психикалық  күй.   Мұндай  жағдай 

баланың  негізгі  қажеттіліктерін  толық  қанағаттандыруға  қолайлы  мүмкіндіктері  болмаған  кезде 

туындайды. 

Қазіргі  таңда    мектеп  жасына  дейінгі  балалар  тәрбиеленетін      мекемелерде  олармен  

жүргізілетін жеке-дара жұмыстарға, қарым-қатынасқа үлкен мән берілуде. Негізгі ауыртпашылық 

логопед,  психолог,  тәрбиешілерге  жүктелуде.  Дамуында  терең  артта  қалушылығы  бар  балалар 

үшін  жан-жақты  сенсорлық  әсер  алатындай  «сенсорлық  бөлмелер»  деген  қолданылады. 

Педагогтар  ересек  балалардың  табиғат,  саябақ,  музей  тағы  басқа  демалыс  орындарына  барып 

дамуына жағдайларды барынша жасайды.  

Соңғы  уақытта  балалар  үйінде  тәрбиеленетін  мектеп  жасына  дейінгі  балаларда   

депривацияның  түрліше формаларын  байқауға  болады.  Бір жас пен 4 жасқа дейінге 462 баланың 

дамуына  бақылау  жүргізілген,    нәтижесі  төмендегідей.  Олардың  жүйке-психикалық  дамулары 

төменгі  деңгейде.  Әсіресе  екі    жастағы  балалар  аналық  депривация  жағдайында  екендігі 

анықталған. Үш жаста ғана сюжетті және рөлдік ойын белгілері қалыптасатындығы байқалады. Ал 

тіл  дамуына  келсек,  тек  сөзді  айтуда  емес,  сөздік  реакциялар  яғни  ойлаумен  байланыста  бола 

отырып кешеуілдеп дамыған. 

Л.С.  Выготский  атап  кеткен  «сензитивті»  кезең,  яғни  екінші  жаста  бұл  балалар  сенсорлы 

және  тілдік  дамуда  өте  артта  қалушылық  көрсетеді  [2].    Балалар  үйіндегі  балалардың  даму 

динамикасын бақылай отырып мынандай қорытынды жасауға болады:  4-5 айлық кезеңнің өзінде 

эмоция,  көру,  есту  анализаторларының  дамуында  алғашқы  ауытқуларды  көруге  болады.  Ал  7-

12  айлық кезеңінде тілдің дамуындағы дайындық кезеңдерінің терең артта қалушылығы көрінеді. 

Алғаш  туылғаннан  анадан  айрылу  баланың  қарым-қатынасқа  тапшы,  жұтаң  болуына 

жеткізеді.  Алғашқы  бірінші  жылы  қалыптаспаған  эмоционалды-іскерлік  қарым-қатынас  баланың 

тілінің  дамуына  кедергі  болады,  ал  әрі  қарай  оның  жеке  басының  қалыптасуына  да  өз  зиянын 

тигізеді.  Екі  жастағы  балаларда  қозғалыс  белсенділігі  төмен  болады,  бұл  бір  жағы  олардың 

сергектік    күйлерін  көп  жағдайда  «кедергі,  барьер  артында»  өткізуімен  де  байланысты 

түсіндіріледі.   Балалар  үйіндегі  тәрбиеленушілердің  мінез-құлқының  қалыптасуы  да  түрлі 

ауытқулармен  көрінеді.  Олардың  көпшілігіне    қатты    қозғыштық  тән:    олар  ұзақ  уақытқа  дейін 

ұйықтай алмайды, мазасыз ұйықтайды. Оларға ұйықтарда аналық жылылық, жылу  сөздері,  бесік 

жыры, ертегі айту жетіспейді. Ұйықтар алдында жалғыздан-жалғыз қалғандықтан, олардың  көбісі 

саусақтарын сорады, тербеледі де ұйықтайды. 

Балалар    үйіндегі    басты    мән  берілу  керек  нәрсе  олардың  әлеуметтендірілу  мәселесі. 

Күнделікті қалыптасып кеткен стереотиптілік қатты әсер етеді. Мысалы,  1 жас 6 ай мен 3 жасқа 

дейінгі балалар тобында тәрбиеші серуеннен қайтарда бір күні күнделікті тәсілмен емес,  ерекше 




181 

 

түрде басқаша тәсілді ұсынғанда, олар қатты қарсылық көрсеткен мінез-құлықтың стереотиптілігі 



тілдің дамуына теріс әсер етеді. 

Мысалы, тіпті ересек топтың өзінде баланы киіндіруге көмектескенде «рахмет»  деуді бала 

«қайдағы  рахмет?   Оны  анау  кезде  айту  керек!»,  -  деп   тамақ  столын  көрсетеді.  Жеке  адамның 

дамып-қалыптасуы,  өзін  ұжымда  ұстауы,    өзіндің    «мен»    сезімінің  байқалуы  –  балалар  үйінде 

жүргізілетін басты жұмыстардың бірі. 

Сүйікті  болу,  көзге  түсу  –  осы   балалардың  басты  құндылығы.  Өзін-өзі  бағалау  мен 

өзгелердің  бағасы  тестісінің   нәтижелері  («Саты»)   балаларға  ең  алдымен  ойыншық  немесе 

тамақпен  бөліскен  бала  ұнайтындығын  көрсетеді.  Ал,   бірақ  өз    «сатыларын»    балалар  жиі 

жағдайда таба алмайды, себебі олар өздерін көптің ішінен ерекшелеп бөле алмайды және өздерін 

бағалай  алмайды.  Балалар  үйіндегі  балалардың  көңіл-күйлері  жиі  ауыспалы,  сезімдері 

тұрақсыз,   бастан  кешулер  ауқымы  шектеулі,  ересектермен  қарым-қатынаста  қиындықтар, 

эмоционалды  күйзелістерге  толы  болады.Балалар  үйлерінің  берген  мәліметтеріне  орай  90%-ға 

жуық балалар психофизикалық  дамуда артта  қалады. Барлық тәрбиеленушілердің барлығы дерлік 

психомоторлы және тілдік дамуда артта қалады. Себебі, олардың көбісі емханадан келіп балалар  

үйлеріне    қабылданады.  Емханада  олар  психологиялық  энцефалопатия,  ми  қан  айналымының 

бұзылуы, туа берілген аурулармен емделеді.  Әрі  қарай оларға ақыл-ой дамуы артта қалған немесе 

психикалық дамуы кеш дамыған деп диагноз қойылады. 

Осылайша,   балалар  үйіне  қарағанда,  қандай  да  болса,   яғни  қолайсыз  отбасының  өзі  жас 

нәресте,  бала  үшін  жақсы  орта  болады.Дене  және  ақыл-ойы  дамуының    артта  қалуы    ол 

балалардың    эмоционалды-еріктік  және  мінез-құлық  кемістіктерімен  толықтырылып,   дамуын 

тағы  да  кешеуілдетеді.    Бұған  осы  балалардың   мемлекеттік  мекемелерде  тәрбиелену  жүйесінің 

барлығы, яғни бір балалар мекемесінен екіншісіне жиі ауысу көп әсер етеді.  Бұл олар 3-4 жасқа 

келгенде  орын  алады,  яғни  сәбилер  үйінен  балалар  үйлеріне  және  7  жастарында   мектеп-

интернатқа ауысқанда болатын жағдай.        

Эмоциялық 

және 


сенсорлы 

депривация 

жағдайындағы балалардың психомоторлы  дамуында да  ауытқулар, артта қалушылықтар болады. 

Жалпы   танымдық  белсенділігінде  баяулық  байқалады.   Бұл  балалар  материалды  қиын  меңгерді, 

олар  әрдайым  үлкендердің  бағалауын  күтіп  жүреді.   Ойлау  процестерінің  дамуында  бірталай 

өзгерістер  байқалады:  олардың  жалпылау  және  классификациялау  қабілеттері  синкретті  сипатта 

болады. 

Шет  елдік  әдебиеттерде  баланың  жеке  басының  қасиеттерін  гипоталамус,  ретикулярляқ 

формация тағы басқаларының іс-әрекеттерімен байланыста қарайды.  Ұлы  Отандық генетик, әрі 

биологтар  А.Н.  Северцов  пен  Н.П.  Дубининдер  адам  психикасының  қасиеттерін  ерекше 

«әлеуметтік  тұқым  қуалау»  яғни  онтогенезде  тәрбиелеу  арқылы  қалыптастыруға  болады 

дейді.   Олар  бұны  генетикалық  мәліметтерге  қарап,  соның  негізінде  қорытындылайды.   Сонда, 

бала  адамзат  тәжірибесін  заттық  іс-әрекеттерді,   сөйлеу,   рөлдік  ойындар  арқылы  және  оқыту 

процесінде игереді дейді. 

Сабақ  үстінде  бұл  балалардың  жұмысқа  қабілеттіліктері  ереже  бойынша,  төмен,  және 

интеллектігі  көбірек  ауырлық  түссе,  соғұрлым  жұмысқа  қабілеттілік  төмендейді.  Ал, 

механикалық,  бірсыдырғы  жұмыс  оларды  аз  шаршатады.   Психикасы  бұзылған  балалардың 

ойлауын  жетілдіру  мақсатында  мына,  яғни  Л.С.  Выготский  ұсынған  мақалдардың  ауыспалы 

мағынасы мен метафараларды түсіну әдісін қолдануға болады [2]. 

Ал,    В.М.  Бехтерев,   В.М.  Осиповтар    ассоциативті  экспериментті  ұсынған.    Балалар 

сөздерді  мысалға  келтіре  отырып,  сол  арқылы  сөздік  қорлары  туралы,  аурулары  жөнінде 

мәліметтер алуға болады [3]. Классик ғалым ғалым Л.С. Выготский баланың ақыл-ойы дамуының 

екі  деңгейі  жайлы  былай  дейді:   «Психолог  –  даму  қалпын  бағалауда  пісіп-жетілген  ғана  емес, 

пісіп жетіліп келе жатқан функцияларды да ескеруі тиіс. Тек қана өзекті деңгейді емес, әрі жақын 

даму  аумағын  да  ескергені  абзал.    Яғни,  тек  қана  өзекті  деңгейді  оқып  қоймай,  бала  дамуының 

мүмкіндіктерін зерттеу өте маңызды [2]. 

Жанұядан 

тыс 


тәрбиеленген 

балалардың 

(балалар 

үйінде 


және 

интернатта 

тәрбиеленушілер)  дамуы  жайында  көптеген  манандар  кейбір  мүгедектің  түрінің  сапасы  ретінде 

байланыстырып  қарастырады.  Баланың  жанұялық  ортасының  атмосферасы  жеке  адамның  өсіп-

дамуы  сапасын  анықтайды.  Ғалымдардың  зерттеуінің  қорытындысы  бойынша  жетімдердің 



182 

 

психологиялық  ерекшелігі  жай  ғана  жағдай  емес.  Психикалық  дамудың  тежелуін  ғана  авторлар 



талдап  қана  қоймай,  сонымен  бірге  баланың  мінез-құлық  дамуының  сапасын  қарастырған. 

Баланың  психикасының  дамуына,  жеке  адам  болып  қалыптасуына  оның  біріккен  ортасы  үлкен 

ықпал етеді. Сол сияқты балалар үйінде тәрбиеленушілер де ортақ бір өмір сүру ортасын құрайды. 

Демек,  жанұяда  тәрбиеленген  балалар  өз  қоршаған  ортасында  туыстық  бауырмашылық  сезімін 

туындатып  үлкендермен  және  кішілермен  қарым-қатынасын  орынды  жұмсап  отырады.  Балалар 

үйінде  тәрбиеленушілердің  үлкендермен  қарым-қатынасы,  өмірлік  қабылдауы  және  мінез-

құлқының қалыптасуы институционалды болып келеді, яғни сертті дәрежесінде түсіндірілген. 

Яғни,    балалар  үйінде  тәрбиеленушілердің  психологиялық  сипатының    жалпы  беталысы 

мынадай:  олардың  эмоцианалдық  фоны  тіпті    кедей.  Бұл  мекемеде  тәрбиеленушілер  қоршаған 

орта талаптарына бейімделуі  тиіс. Бұндай жетімхана секілді мекемелерінде балаларды тәрбиелеу 

және  басқа  да  өмірлік  тәжірибелерді  баланың  ерікті-эмоционалды  дамымауына  әкеп  соқтырады. 

Осы  тұрғыда    И.А.Залысина,  балалар  үйінде  тәрбиеленушілер  мен    жанұяда    тәрбиеленуші 

балалардың  уайымдау  қажеттілігін салыстырмалы түрде зерттеген. Соның нәтижесінде мектепке 

дейінгі балалардың қоршаған ортадағы  адамдарға  уайым  сезімін тудыруға қабілетті емес екенін 

дәлелдеген. Көбінесе олар басқа адамның сезіміне жауап беруде туындайтын реактивті уайымдау 

олар  үшін  бөтенсу  сезімін  тудырады.  Ал  И.А.  Залысиның  эксперименталды  зерттеуінде 

жанұядағы балалардың тек ересектердің сезімін іздеп қана емес, сонымен қатар олармен серіктес 

ретінде  өз  сезімдерін  белсенді  бөлісіп  отырады.  Уайымдау  мен  сезімді  білдіруді  дамытудың 

қажеттілігі  балалық  шақтан-ақ  қалыптасып  ересек  кезеңде  дамыған  қалыпта  болады.  Осындай 

бала  мен  ересектердің  өзара  қарым-қатынасын  қажеттендіру  үшін  баланы  ересек  адамның 

алдында  еркін  ұстай  алатындай,  ойын  ашып  айта  алатындай,  сезімін  толық  жеткізе  алатындай 

жағдай  туғызу  қажет.  Балалар  үйіндегі  тәрбиеленушілер  өздерінің  бағасын  жеткізе  алмайды, 

олардың өз пікірі болғанымен де ересектердің пікіріне сүйенеді. Сондықтан да бұндай балалардың 

сезімін ашу үшін оларға жылы мереймен қарау қажет. 

Балалар  үйіндегі  тәрбиеленушілердің  дамуы  жайындағы  алғашқы  психологиялық 

зерттеулер  ХХ  ғасырдың  20-жылдарында  қарастырылған.  Бұл  жылдары  психоаналитикалық 

теориялардың ықпалымен психология ғылымында көптеген сенімдер талқыланды. Яғни, бұл бала 

өміріндегі   кездесетін  жеке  адам  болып  қалыптасу  мәселелері  болып  табылады.  Бәрінене  де  бұл 

балалар үйінде тәрбиеленушілердің эмоциясының (негативті) кері  дамуы ана мен байланысының 

аздығынан туындайды[4]. Демек, баланың жағымды эмоциясының дамуына ананың балаға деген 

қатынасы  үлкен  ықпал  етеді.  Сондықтан,  ана  мен  бала  арасында  қатынастың  аздығынан  немесе 

жоқтығынан эмоционалды психологиялық мәселелердің туындауы ғажап емес. 

Жетімханадағы  балаларды  эмоционалды  өмірінің  толықсыздығы  олардың  әртүрлі 

психикалық  тежелулер   мен  әлеуметтік  бейімделудің  бұзылуына  әкеп  соқтырады.  Мұндай 

жағдайда жатақханадағы балалардың эмоционалдық жағдайының тым жоғары немесе тым төмен 

болуы  мен  қатар,  қоғамдық  ортада  өзін  тым    жоғары    немесе    тым    төмен    түсіріп  жіберуін 

көрсетеді.  Өзін-өзі  қатты  сүю  жеке  адамның  психикалық  дамымауының  белгісі  болып 

табылады.Сондықтан да бұл жағдайда да эмоционалды, ерікті, тілдік қимыл-қозғалыстың сонымен 

қатар  әлеуметтік  жетіспеушілік  мәселелері  туындайды.  Содан  ақыл-ойының  кемістігі  көрініп, 

танымдық  процестерінің  дамымағандығы  анық  байқалады.    Сондықтан  да  олар  өз  ой  пікірінен 

айырылып басқаның пікірімен жүреді. Сондай жағдайларға байланысты балалардың мінез-құлқы 

мен  эмоциналды дамуының ерекшеліктерін атап көрсетпес бұрын, олардың эмоционалды дамуын 

мына  әдістемелер  арқылы  анықтап  алуға  болады.  Мысалы,  Люшер  тестісі,  «Үй,  ағаш,  адам»  т.б 

бұл  әдістемелердің  көмегімен  эмоционалдық  депривацияның,  дисстрестің,  түзету  нұсқасын 

табуымызға  болады.  Сонымен  қатар  эмоция  және  сана  деңгейіндегі  жалпы  адамдық 

құндылықтарды анықтауға мүмкіндік туады.  

Балалар үйіндегі психолог жұмысының формасы (диагностика, коррекция, профилактика) – 

қарапайым  жалпы  білім  беретін  мектептерде  қолданылатын  стандартты  терім  болып  табылады. 

Алайда 

әдістемелерді 

таңдауда 

балалар 


үйінде 

тәрбиеленушілердің 

психологиялық 

ерекшеліктеріне  байқап  әсер  етуге  тура  келеді.  Әсіресе  ол  (коррекциялық)  түзету-дамыту 

жұмыстарына  байланысты  болып  келеді.  Жетім  балалармен  жұмыс  жасауда  оларға  сәйкес 

әдістемелерді  табу  қиынға  соғады.  Отбасында  тәрбиеленген  балаларға      қатысты  іс-тәжірибелік 




183 

 

зерттеулер педагогикалық жіберіліп қойған балаларға көбінесе сәйкес келе бермейді. Өйткені олар 



кейбір  ойын,  жаттығудың  мағынасын  түсіне  бермей,  олардың  шешу  жолдары  қиынға  соғады. 

Бірақ  та  интеллектке  қатысты  тапсырмалар  көбінесе  баланың  ойлау,  ес,  сөйлеу,  зейінінің  

дамытуға  мүмкіндік  беоеді.  Кей    жағдайларда  мұндай  тапсырмаларды  шешу    барысындағы   

баланың  көңіл-күйінің      өзгеруі,  тежелуі,  қорқыныш,  үрей,    уайымдаудың    туындау  бала 

психикасының дамуын тежеп отырады [5]. 

Сондықтан да  әдістемелерді  қолданудың   ең  тиімді жолы ол арт-терапия (ертегі терапия) 

ертек  терапиялық,  құм  терапиысы  әдістемелерді  қолдану  болып  табылады.  Сонымен  бірге 

балаларға  сурет,  коллаж,  пластинкамен    бейне  құрау,  сөйлем  құрау  жаттығулары  балалардың 

вербальді  және  вербальды  емес  интеллектісін  дамытады.  Яғни  бұл  әдістемелер  арқылы  баланың  

жеке ерекшелігі  мен «мен» қасиетін анықтауымызға болады. 

Өзіне-өзі  дұрыс  баға  беруді  үйрену  үшін  бала  алдымен  өзге  адамдарды,  сырттай  қарап 

тұрып,  бақылай  білуі  керек.  Ал  мұның  бірден  бола  қоймайтынын  біз  білеміз.  Бұл  кезеңде  бала 

өзінің  құрдастарына  баға  бергенде,  олар  жөнінде  үлкендер  айтқан  пікірді  жай  ғана  қайталайды. 

Өзін-өзі бағалауда да осылай болады («Мен жақсымын, өйткені апам солай дейді»). 

 Баланың  өзге  адамдарды,  олардың  қылықтары  мен  қасиеттерін  өздерінше  бағалау 

бастапқыда оның осы адамдарға деген қарым–қатынасына байланысты. Бұл әсіресе, әңгімелер мен 

ертегілердің кейіпкерлерін бағалаудан көрінеді. «Жақсы», ұнамды кейіпкердің кез келген қылығы 

жақсы,  ал  «жаман»  кейіперлер  қылығы  жаман  бағаланады.  Бірақ  біртіндеп  кейіпкерлердің 

қылықтары мен қасиеттерін бағалау оларға деген жалпы көзқарастан бөлектенеді, осы қылықтар 

мен  қасиеттер  жағдайды  және  оның  мәнін  түсінудің  негізінде  құрыла  бастайды.  «Үйшік»  деген 

ертегіні  тыңдағаннан  кейін  сұрақтарға  жауап  береді:  «Аюдың  қылығы  жақсы  ма,  жаман  ба?»  - 

«Жаман». - «Ол неге жаман?» -  «Өйткені ол үйшікті қиратып тастады». - «Аю саған ұнай ма, жоқ 

па?» - «Ұнайды. Мен аюларда ұнатамын» [6]. 

Қорыта айтқанда, балалар үйінде тәрбиеленушілердің эмоциональды-еріктік сфрасын және 

қарым  – қатынас  дағдыларын  дамыту  ойындары және  жаттығуларын жүргізуге болады. Атап 

айтсақ: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет