Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет154/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Аутизмнің этиологиясы(туындаудың себептері) мен патогенезі. 

Бала  аутизмін  қазіргі  кезде  зерттеу  бала  аутизмінің  туындауының  көптеген  себептері  мен 

оның  әр  түрлі  патологиялыр  аяасында  пайда  болу  дәлелдейді.  Аутистік  бұзылыстар  әр  түрлі 

туындаудың себептерінен болуы мүмкін [4]. 

1. 

Эндогендік-тұқым қуалаушылық. 



2. 

Хромосомдық абберрация және зат алмасудың туа біткен аурулары.  

3. 

Экзогенді-  органикалық  этиологиясы  орталық  жүйке  жүйесінің  органикалық 



зақымдалуы. 

О.С.Никольскаяның  бала  аутизмін  негізгі  топтарға  жіктейтін  психологиялық  

классификациясын  ұсынамыз [3]. 

1-топ.  Сыртқы  дүниемен  қатынастан  толық  бас  тарту.

    Бұл  топ  балаларында 

жайсыздық пен белсенділіктің бұзылуы ерте жастан байқалады, бала кейіннен бұдан өзі үшін ең 

тиімді  қорғаныс  тәсілінің  көмегімен  өтеді  (сыртқы  дүниемен  қатынастан  толық  бас  тарту). 

Мұндай балалар өз есімін айтқанда бұрылмайды, басқалардың өтінішіне жауап бермейді, сонымен 

бірге өздері де ештеңе сұрамайды. Балаларда сөйлеу тілі болмайды, алайда олардың кейбіреулері 

кейде  коммуникативті  бағытталмаған  жеке  сөздерді  немесе  тіптен  сөз  тіркестерін  де  айтулары 

мүмкін.  Балалар  қоршаған  ортамен  қатынас  үшін  сөйлеу  тілін,  мимикамен  ишаратты 

пайдаланбайды,  жақын  адамдарына  деген  бауыр  басушылықты  білдірмейді.  Қоршағандарға 

енжарлық  білдіре  отырып,  олар  тактильді  қатынасқа  қарсылық  білдірмейді,  ол  өзін 

тамақтандыруға, киіндіруге және басқа да іс-әрекеттерге енжар қатысады. Оларда, ереже бойынша 

мақсатты  түрде  бағытталған  тәртіп  қалыптаспайды,  керісінше  алаңдық  бір  объектіден  екінші 

объектіге  ауысуы,  заттарға  қол  тигізу,  оларды  қолдарында  ұстау,  бір  затқа  өрмелеу,  шеңбер 

бойымен жүгіру, объектілерді ұзақ уақыт енжар бақылау байқалады. Бұл аутизмнің ең терең түрі. 

2-топ.  Бұл  топтың  балалары  ортамен  қатынаста  белсенділеу,  тез  ренжімейді,  қоршаған 

ортамен  таңдап  қатынасқа  түсе  алады,  бірақ  оларға  қоршаған  әлемді  тануға  деген  ұмтылыс  пен 

қызығушылыққа  қарағанда  оны  қабылдамау  тән  болады.Балалар  қорғаныс  тәсілі  ретінде 

жайсыздық  пен  қорқыныш  тудыратындардың  бәрінен  белсенді  түрде  бас  тартуды  пайдаланады. 

Бұл топ балаларда қолдарын сермеу, қол бастарын айналдыру, секіру, таяқшаларды және жіптерді 

сілкілеу сияқты қимыл-қозғалыс стереотиптері байқалады. Олар өзінің қажеттілігін білдіру  үшін 

сөйлеу тілін пайдалана алады, бірақ олардың сөйлеу тілінің дамуы ерекше. Сондықтан қоршаған 

ортамен  қатынас  баланың  бекіткен  және  бұлжытпай  орындайтын  тәртібі  бойынша  ғана  жүреді. 

Мұндай балалар үшін қалыптасқан өмірлік стереотиптерді, белгілі бір әдеттерді қатал сақтау өте 



316 

 

маңызды.Олар  таныс  еместердің  барлығын  жаратпайды.  Ұнату  оларда  өте  тар  және  қатал 



қалыптасады,  баланың  тәртібін  қалыптасқан  әдеттің  аясынан  шығаруға  ұмтылу,  балада  қарама-

қарсылық  реакциясын  тудырады(айқайлау,  жылау,  агрессия).   

Бұл  топ  балалары  анасынан  бир 

минут та ажырамайды себебі қатты қорқыныштарға беріліп кетеді.

 

3-топ:  Балалар  қатынасқа  оның  ішінде  сөйлеу  тілдік  қатынасқа  түсе  және  оны  қолдай 

алады,  бірақ  оны  орнату  айрықша  жан-жалдықпен  ерекшеленеді.  Олар  қырсық,  қыңыр  болып, 

басқалардың    пікірлерін  есепке  алмай,  сөйлесіп  тұрған  адамның  сөзіне  және  одан  алған  әсеріне 

мән бермей барлық жерде өздерінің айтқандарын істеткілері келеді.Олар үшін басқа адамдардың 

сезімін түсіну олардың басқалардың ісіне жауап  беру, жол беріп,  жаны ашу қиындық  туғызады.  

Бұл  балалардың    жоғарыдағы    топтармен  салыстырғандағы  психикалық  белсенділігінің  

жоғары  болғандарына қарамастан, оларда басқа аутистер сияқты өте сезімтал, тез ренжігіш болып 

келеді.Олар жайсыздық   пен  қорқынышты жеңу  үшін аутистік  қызығушылықтары  басым болып 

келетін      психологиялық      қорғаныш    тәсілін      пайдаланады.  Балалар      қандай  да    бір 

интеллектуалды  түрдегі сабақтармен  және қызығушылықтармен  айлап  айналысуы  мүмкін.  

Бұл  топ  балалары    іс-әрекеттерін    жоспарға  сәйкес    қатал  дәйектілікпен    орындауға 

тырысады; егер оны іс жүзіне  асыру бұрмаланса, онда  ол  тәртіптің бұзылуына : қырсықтыққа,  

агрессияға,  керісінше істеуге ұмтылуға әкеліп  соқтырады.  

4-топ.Бұл балалардағы  аутизм қарым-қатынас пен өзара әрекеттестікті  ұйымдастырудағы  

қиындық  ретінде    жеңіл  түрде  байқалады.  Осы  топ  балалары  үшін  тәртіп  пен  қызметтің 

стереотиптік  формаларына  ұмтылу  тән.  Әдеттегі  стереотиптің  сәл  болса  да  өзгерген  кезінде 

оларда 


бірден 

қорқыныш 

пен 

ыңғайсыздықтың 



жоғарлауы 

байқалады. 

Қимыл-

қозғалыстыңтежелулігі  мен  сенімсіздігі  тән.  Оларда  жиі  жағдайда  психикалық  және  сөйлеу  тіл 



дамуының  тежелуі  байқалады.  Бұл  балалар  жоғары  сезімталдығы  мен  және    тез 

ренжігіштігімен,сын  мен  қолдамауды  жаратпайтындығымен  ерекшеленеді.  Олар  жақындарына 

бауыр  басқан,олардан  үнемі  көңіл  мен  эмоциялық  қолдауды  талап  етеді.  Осы  топқа  жататын  

балалар  жасық,  ұялшақ  және  қорқақ  балалар  сияқты  әсер  қалдырады.  Оларда  басқа  адамдардың 

сезімдерін, тәртібін және олармен белсенді және икемді әрекеттес болу ұғымы, түсіну мүмкіндігі 

төмендеген;  олар  қарапайым  әлеуметтік  жағдайларда  естері  шығып  кетуі  мүмкін.  Сөйлеу  тілі 

байланысқан, бірақ кедей, көмескі болып келеді. 

Аутист  баланың  психикалық  дамуының  ерекшеліктеріне  тоқталсақ. 

Аутист  балалардың   

ата-анасы  және  оларды  бақылайтын  бала  дәрігерлері  әдетте  олардың  өмірінің  бірінші  жылында 

нәрестенің психомоторлық дамуындағы қандай да бірауытқушылықтарды байқамайды. Көптеген  

аутист  балалардың  психофизикалық  дамуы  олардың  өмірінің  бірінші  жылында  жас  шамасы 

нормативтеріне  сәйкес  болады.  Баланың  эмоциялық  дамуы  да  оның  бір  жасқа  дейінгі  жас 

ерекшеліктеріне  қарай  одан  психикалық  жоғары  белсенділікті  күтпейтіндіктен  ата-анасын  көп 

алаңдатпайды. 

 

Сонымен бірге мамандарға аутист балалардың психикалық ерекшеліктері олардың өмірінің 



алғашқы  айларында  -ақ,  әсіресе  ерте  аффекті  немесе  эмоциялық-коммуникативті  саласының 

дамуынан байқалатыны жақсы мәлім.  

Егер,  түзету,   реабилитациялық  жұмыстарды  ерте жастан бастаса, әрине, баланы мұндай 

күйден шығаруға болады деген тұжырымдар қалыптасқан. Бірақ, балаларға ерте жастан қоршаған 

ортамен  қарым-қатынас  жасау  дағдылары  үйретілгенімен,  аутистік  көзқарастар  мен  міне-

құлықтағы  аутистік  белгілер  толықтай  жойылмайды.  Арнайы  түзету  көмегі  көрсетілген  балалар 

есейгенде  әлеуметтік  өмірге  толық  қосылып  кете  алмайды  екен.  «Аутизм  белгілері,  ғылыми 

деректерге  сәйкес,  ерте  жаста,  яғни  үш  жасқа  дейін  байқалады.  Көпке  дейін  аутизмнің 

этиологиясы анықталмай келсе, кейінгі бес жылдағы зерттеулерде негізгі себептер ретінде мидағы 

синапстық  байланыстардың  жетілуіне  кедергі  жасайтын  гендік  себептерді  көрсетеді.  Тағы  бір 

мәліметтерде  қарама-қайшы  тұжырымдар  жасалады:  нәрестелерге  жасалатын  вакцинациялар, 

вирустық  науқастардың  салдары,  ата-ананың  балаға  деген  көзқарасы,  отбасындағы  әлеуметтік 

жағдайлар т.б.» [1].  Аутизмнің  себебін  мультифакторлы  механизммен  түсіндіргенмен,  оның 

алдын алу, жеңілдету немесе емдеу әдістерін іздестіру ісі қазіргі күні бүкіл әлемде белсенді жүзеге 

асып жатыр.Әсіресе, аутистер саны жағынан Америка Құрама Штаттарында өте көп, соған сәйкес 

бұл  елдерде жүргізіліп жатқан зерттеулер мен тәжірибелер де басым, одан кейінгі кезекте батыс 




317 

 

елдерінің  зерттеулеріне  сүйенеміз.  Заманауи  арнайы  педагогика  мен  психологияда    аутизмді 



емдеудің дәстүрлі және дәстүрлі емес, инновациялық жолдары мен әдістері  толып жатыр. Әрине, 

кез  келген  әдістің  тиімді-тиімсіз  болуы  немесе  нәтижелі-нәтижесіз  болуы  оның  дұрыс 

ұйымдастырылып, 

жүйелі 


қолданылуына 

байланысты. 

«Киев 

қалалық 


клиникалық 

психоневрологиялық  аурухана  дәрігері  А.Чуприков  психологиялық  және  дәрімен  емдеуді 

альтернативалық әдістермен қатар қолдануды ұсынады. Мысалы, дәстүрлі емес әдістер - дельфин 

терапиясы,  иппотерапия  (жылқының  көмегімен),  канистерапия  (иттің  көмегімен).  Қазіргі  күні 

Украинада  дельфин  терапиясы  жақсы  дамып  келе  жатқандығын  айтады.  Дельфиндер  баламен 

ойнай  біледі,  әрі  олардың  шығаратын  ультра  дыбыстары  аутист  балалардың  назарын  аудара 

алады.  Ал  иппотерапия  ұзақ  уақытты  қажет  етеді  екен,  кемінде  бір  жыл  айналысу  керек. 

Канестерапия  да  аутист  балалар  үшін  оң  нәтижелер  көрсеткен.  Иттер  өзінің  биофизикалық 

қасиеттерімен  балаларға  жағымды  әсер  етеді  екен.  Кез  келген  пет-терапия  (жануарлардың 

көмегімен) балалар үшін оң әсер етеді, балаларды қарым-қатынасқа, сезімге үйретеді» [5].  

Дельфин  терапиясы  қазіргі  кезде  АҚШ-тың  медициналық  тәжірибесінде  кеңінен 

қолданылады.  «Дельфинтерапиясы  –  ультрадыбыспен  емдеу.  Дельфин  емдік  қасиеті  бар 

ультрадыбыстық  толқындар  мен  қимыл-қозғалыс  белсенділігін  және  өте  күшті  психологиялық 

әсер туғызады. Медицинада ультрадыбыстар сонофорез немесе фонофорез ретінде қолданылады, 

яғни,  ағзадағы  жеке  тіндер  мен  ұлпаларға,  мүшелерге  «массаж»  жасайды,  тіндерге  белсенді 

заттардың  енуін  қамтамасыз  етеді.  Сәйкесінше,  тіндер  арасындағы  зат  алмасу  жақсарады, 

сұйықтықтар  айналымға  түседі.  Сондай-  ақ,  дельфиннің  ультрадыбыстық  сигналдары  ауырсыну 

сезімін басатын анальгетик»[5].  

Біздің елімізде кейінгі жылдары иппотерапия әдісі кеңінен қолданылып жүр. Әсіресе тірек- 

қимыл аппараты зақымданған балаларды емдеу мақсатында қолданылып жақсы нәтижелерге қол 

жетуде.  Иппотерапия  балалардың  ойлау,  есте  сақтау,  зейін  қабілеттерін  дамытады.  Ат  үстінде 

отыру адамнан үнемі зейінін шоғырландыруды, жинақылықты,   дәлдікті,  өзінің   әрбір  қимылын 

бағу  мен  басқаруды, жоспарлауды талап  етеді.  Бұл, әрине,  өз  кезегінде психикалық үдерістерді 

белсенділендіреді.  Сонымен  бірге,    жылқымен  сөйлесу,  сипау,    алақанмен    жайлап    қағу 

т.б.әлеуметтік  қарым-қатынас    жасауға    жақсы  тәжірибе  болып  табылады.  Жылқы  жануарының 

биоөрісі өте күшті болғандықтан, адамға жағымды, оң энергия бере алады.  Ал 

иппотерапияны 

аутизмі бар балаларға қолдану тәжірибесі алғаш Америкада ұсынылған. «Иппотерапия – адамның 

бұлшық    ет  балансын    қалпына  келтіруші,  әрі  сенсорлық  дамытушы  әдіс.  Аттың  басын  ұстау 

(жүгенді  басқару)  когнитивтік,  эмоциональдық  қиындықтарды  жеңуге,  баланың  өз  тәртібі  мен 

әрекетін  басқара  білуге  үйретеді.  Иппотерапияны  аутизм,  церебральды  паралич,  бұлшық  ет 

склероы, Даун синдромы жағдайларында қолдану пайдалы екендігі дәлелденген» [5]. 

Арт-терапия да  қазіргі уақытта  кеңінен қолданысқа ие болған әдістердің бірі. Арт-терапия 

ең алдымен ұсақ қол моторикасы мен қиялды, қол мен саусақ координациясын, шығармашылық 

қабілеттерді  дамытады.  Өнер  арқылы  балалар  өз  ойлары  мен  сезімдерін  жеткізуге,  өзара  қарым-

қатынас  жасауға  үйренеді,  өзара  сенім  атмосферасы  туындайды.  Аутизмдегі  ең  негізгі  белгі  – 

вербальдық  және  әлеуметтік  коммуникация  қиындығы.  Олар  тілдік    қарым-қатынас      жасаудан 

мүлдем  бас  тартуы  мүмкін.  Сондықтан  олар  өз  сезімі  мен  ойын  сурет,  бейне,  түстер  арқылы 

жеткізе  алады.  «Сиднейдің  Маккуэри  Университетінде  құрылған  білім  алу  қажеттілігі  ерекше 

балаларға  ерте  көмек  көрсету  бағдарламасының  мазмұнында  арт-терапия  негізгі  әдістер  тобына 

енгізілген, себебі бейнелеу  немесе  қол  еңбегі барысында балалар өзара қарым-қатынас жасайды, 

өз ойлары мен сезімдерін жеткізуге үйренеді» [3].  

Драматерапия деген де ұғым бар. Бұл әдіс сөйлейтін аутист балалардың сөйлеу мәнері  мен  

мәнерлілігін    дамытады,    эмоцияны    жеткізе    білуге  дағдыландырады.  Сахнада    өзін-өзі    ұстау, 

сезімін  айқын  көрсету  мәнеріне  үйретеді.  «Драматерапияны  аутист  балалармен  алғаш  рет 

қолданған  ағылшын  психологы  Синди  Шнайдер  болып  табылады.  Ол      Аспергер  синдромын 

шалдыққан  жасөспірім  балалармен  жұмыс  барысында  театрды  қолдану  әдісін  ұсынған. 

Нәтижесінде  жасөспірімдердің  өзін-өзі  бағалауы  жоғарылаған,  өз  іс-әрекеттері  мен  айтқан 

сөздеріне деген сенімділік қалыптасқан, өзгелердің сезімдерін түсіну қабілеті пайда болған, яғни 

өздерінің жолы болғыш адам екендіктеріне сенімдері артқан» [6]. 




318 

 

Зерттеушілер  аутизмі  бар  балалардың  компьютерлер  мен  өзге  де  ақпараттық 



технологияларды  қауіпсіз  деп  санайтындығын,  олар  үшін  қызықтылығын  және  ынталандырушы 

құрал  екендігін  айтады.  Зерттеушілер  ECHOES  бағдарламасын  жасауда  тек  аутист  балаларға 

көмек  көрсету  құралы  жасалып  қойған  жоқ,  сонымен  бірге  ғылыми  қызметкерлер    мен 

педагогтардың,  ата-аналардың,  тәжірибесі  бар  мамандардың  әрбір  жеке  баланың  өзіндік 

ерекшеліктеріне  сай  заманауи  ақпараттық  технологияларға  негізделген  дамытушы-түзетуші 

әдістер  таңдап  алудың  жолдарын  да  көрсетті»  [6].  «Аутизмді  емдеудің  тағы  бір  жолы  – 

антивирустық  терапия,  яғни  вирустық  жұқпалы  науқастарды  емдеу.  Себебі,  соңғы  жылдары 

аутизмді вирустармен байланыстыру үрдісі пайда болды.Оның ішінде – екпе жасау кезінде ағзаға 

еніп кететін қызылша мен қызамық және герпес пен цитомегаловирус. 1998 ж. Эндрю Уэйкфилд, 

британ зерттеушісі, аутизмі бар балалар мен Крон науқасына (ішек ауруы) шалдыққан балалардың 

лимфа  түйіндеріне  биопсия  жасағанда  олардан  MMR  (қызылша,  паротит,  қызамық)  вирусына 

сәйкесқызылша  вирусын  табады.  Оның  пікірінше,  бұл  вирустар  ішекті  зақымдап,  аутизмге  әкеп 

соқтырады.  Доктор  Виджендра  Сингхтің  (АҚШ)  айтуынша,  MMR  екпесінің  қызылша  вирусы  

ағзада    аутоиммундық  үдерістер  туғызады.  Нәтижесінде  ағзадағы  жүйке  тіндерінің  қабығын 

құрайтын  миелин  «шабуыл»  жасай  бастайды  да  жүйке  тіндерінің  дамуы  бұзылады.  Кеңінен 

қолданылып жүрген Хелат терапиясы туралы айтсақ, бұл – сынап тәрізді ауыр металдардан ағзаны 

тазарту.  Сынаппен  улану  симптомдары  аутизм  симптомдарына  ұқсас:  өзгелердің  бет  –  жүзі  мен 

эмоцияларын тану қиындығы, стереотипті қимылдар, жарық пен дыбыс тәрізді тітіркендіргіштерге 

шектен тыс сезімталдық т.б. бұлардан басқа, олардың ағзаларындағы биохимиялық өзгерістер де 

тым  ұқсас.  Сынаппен  уланған  адамдар  сияқты,  аутизмге  шалдыққан  адамдардың  да  қанындағы 

эритроциттерде  немесе  шашында  жоғары  сынап  концентрациясы  байқалған.  Мұның  барлығы 

аутизмі  бар  адамдардың  ерте  балалық  жасында  сынаппен  улануы  мүмкін  деген  қорытынды 

жасауға мүмкіндік береді. Сынаппен улануға себеп  - вакцина болуы мүмкін деген тұжырым бар. 

Себебі  вакцинаны  сақтау  үшін  құрамында  сынабы  бар  заттар  пайдаланылады.  Бала  өз  өмірінің 

алғашқы  жылында  толып  жатқан  вакциналар  алады,  демек  сынаптың  біршама  көлемін 

қабылдайды.  Балалардың  барлығы  бірдей  мұндай  көлемдегі  сынаппен  күресе  алмайды.  Аутист 

баласы  бар  аналардың  көпшілігі  екпе  алғаннан  кейін  баладағы  өзгерістердің  пайда  болғанын 

немесе  күшейе  түскенін  айтады.  Ағзаны  сынаптан  тазарту  арқылы  аутизм  симптомдарын 

жеңілдетуге  болады  деген  пікірлер  бар,  оның  ішінде  мінез-құлық  жағынан  да,  биохимиялық 

жағынан  да  (кейбір  балалар  емделгеннен  кейін  бұған  дейін  аллергиялық  реакциялар  тудырған 

тағамдарды жей алатын болған)» [6]. 

Сонымен  аутизмді  жоюдың  ең  тиімді  жолдары  мен  әдістері  қандай  деген  сұраққа  жауап 

беретін болсақ, олар - дұрыс ұйымдастырылған және жүйелі түрде жүргізілген жұмыстар кешені. 

Сондай-ақ, ойын терапиясынан бастап кешенді биомедициналық терапияларға дейін, барлығының 

қолданылуында, ең алдымен, баланың жеке ерекшеліктерін есепке алу қажет.  

Демек, әр баланың ағзасының өзіндік ерекшеліктері мен мінез-құлқына, жас мөлшеріне сай 

жеке емдік-түзету бағдарламасын құру шарт. Себебі, түзету-емдеу әдістерінің бірі нәтижесіз болса 

да  зиянсыз  болғанымен,  енді  біреулері  қате  немесе  шамадан  тыс  қолданғанда  кері  әсерін  тигізуі 

мүмкін екендігін  ұмытпаған жөн.  

Акутистикалық  спектр  және  дамудың  басқа  да  ауытқуларына  дәрігер-невропатолог,  

дәрігер-психиатр,    психолог,  логопед,  педагог-дефектолог  сияқты  мамандар  диагноз  қояды. 

Балаларға  диагностика  клиникалық,  психологиялық-педагогикалық  және    арттерапия,  аудио-

вокалдық  жаттығулар,  сенсорлы  интеграция  әдісі,  сияқты  халықаралық  стандартталған  әдістерді 

қолдану  арқылы  жүргізіледі.  Соның  ішінде  сенсорлы  интеграция  әдісіне  тоқтала  кетсек: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет