Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет34/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   218
Түйінді сөздер: Қорқыт, ислам, абыз, аңыз, дін. 

 

Қорқыт  ата  оғыз-қыпшақ  дәуірінде  өмір  сүрген  кемеңгер  әрі  асқан  күйші,  ел  басқарған 



көсем және тарихи тұлға. Оның өмір сүрген уақыты мен ұстанған діні туралы ғылымда, қоғамда 

көптеген  пікірлер,  ойлар,  тұжырымдар  бар.  Қазақстанда  Қорқытқа  көп  жағдайда  аңыз  кейіпкері, 

мифологиялық персонаж ретінде қараса, кейбір деректер негізінде біз оны қобыз аспабын ойлап 

тапқан  ұлы  музыкант,  ғұлама,  философ  ретінде  қабылдаймыз.  Оның  тарихта  болғандығын 

дәлелдейтін  бірден  бір  құнды  еңбек  –    «Қорқыт  ата  кітабы».    Гректер  үшін  «Илиада»  мен 

«Одиссея»,  үнділер  үшін  «Махабхарата»,  арабтарға  «Мың  бір  түн»  қандай  құнды  болса,  түркі 

халықтары үшін «Қорқыт ата кітабының» маңызы өте зор. 1999 жылы Әзірбайжан Республикасы 

Қорқыт атаның 1300 жылдығын кең көлемде атап өтті. Бұл Қорқытқа, оның мұрасына мемлекеттік 

тұрғыда  жоғары  мән  беретіндігінің  көрінісі.  Әзірбайжан  жазушылар  одағының  хатшысы  Анар 

Рзаев  «Қорқыт  ата  кітабына»  «Түркі  халықтарында  Шекспирге  тең  келетін  драматург,  Толстой 

мен Достаевскийге тең келетін романшы жоқ болса, ағылшындар мен орыстарда көлемі, көркемдік 

маңызы мен мәні жағынан «Қорқыт ата кітабына» сай келетін эпос жоқ»,- деп баға береді[1]. Ал, 

Түркияда Қорқыт ата туралы мәліметтер көптеген тарихи кітаптарға енген,  «Қорқыт ата кітабы» 

мектеп бағдарламасында оқытылады. Түрік тілі мен өнерін зерттеуге көп уақытын бөлген түріктің 

жазушы-түркологы  Фуад  Капрюлу:  «Егер  бүкіл  түрік  әдебиетін  таразының  бір  басына  қойып, 

екіншісіне  «Қорқыт  ата  кітабын»  қойса,  соңғысы  басып  кететіні  сөзсіз»,-  деді[1].  Бұл  тек  түрік 

әдебиеті үшін ғана емес, жалпы түркі әлемі үшін де Қорқыт ата мен оның мұрасының қаншалықты 

маңызды  екендігін  көрсетеді.  Қазіргі  таңда  Қорқыт  ата  қандай  дінді  ұстанған,  уағыздаған  деген 

мәселе  өте  өзекті  болып  отыр.  Шоқан  Уәлиханов: «Қорқыт  –    қазақтарды  алғаш  қобыз 

тартуға,  сарын айтуға үйреткен ең бірінші шаман» [2,58] десе, академик Әлкей Марғұлан «Ислам 

діні  Сыр бойына жаңадан кіре бастағанда оған Қорқыт ата қарсылық  көрсетпекші  болады, бірақ 

оны  ауызбен  айтып  жеткізуге  ылажы  болмай,  тек  қана  қобыздың  үнімен,  жан  тербейтін 

күйлерімен,  мұңды  сарындарымен  сездіреді»  [3,241],-  дейді.  Осы  пікірлердің  негізінде  қазіргі 

күнге дейін Қорқыт ата 

тәңірлік діннің өкілі ретінде танылып жүр.

 

Ислам  дінін 



қабылдағанға  дейін  жалпы  түркілерде  түрлі  діндер  болғаны  белгілі.  Олар 

буддизм,  зароастризм,  шаманизм  сияқты  наным-сенімде  болды.  Абылғазы-Баһадүр  өз 

шежіресінде: «Қорқыт  –    Аббас  халифатының  (УП-УШғ)  кезінде  болған  адам.  Қорқыттың  туып 

өскен  жері  Сырдарияның  жағасы»,-  деп  көрсетеді. Егер  осы  деректі  басшылыққа 

алсақ, 

Қорқыттың  өмір  сүрген  уақыты  Ислам  дінінің  пайда  болып,  орныққан  кезеңімен  сәйкес  келеді.

 

Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлының  еңбектерінде  түркілердің  алғаш  рет  Исламды  қалай  қабылдағаны 



туралы  тың  деректер  айтылады.  Ол  түркілер  Исламды  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с)  өмір  сүрген 

дәуірінде қабылдай бастаған дейді [4]. Олай болса, Қорқыт атаны Ислам дінінің өкілі  деп толық 

айта  аламыз.  Бұған  қосымша  оның  бізге  мұраға  қалдырған  «Қорқыт  ата  кітабында»  ұлы 

бабамыздың  мұсылмен  екендігін  дәлелдейтін  мағлұматтар  көптеп  кезедеседі.  Ә.Қоңыратбаев 

қазақ тіліне аударған «Қорқыт ата кітабында» [5]  Қорқыттан қалған деген нақыл сөздер бар. Онда 

Қорқыт  ата  :  «Аузымды  ашсам,  тіліме  кәлима  келеді.  Аллаға-шексіз  құрмет!  Алланың  досы, 

дініміздің  егесі  Мұхаммедке  құрмет!  Сол  Мұхаммедтің  оңында  тұрып,  дұға  оқыған  Әбубәкірдің 

аты  өлмесін!  Құранның  соңғы  сүресі  «Амманы»  оқығандарға  құрмет!  Құранның  бетін  ашып, 




63 

 

«Ясин»  сүресін  оқығандарға-құрмет!  Қылышпен  дінге  жол  ашқан  Хазірет  Ғалиге  құрмет!  Сол 



Ғалидың  балалары,  пайғамбардың  жиендері  Кербала  шөлінде  Язит  қолынан  шейіт  болған, 

ағайынды  екі  мүсін  Хасан  мен  Хұсайынға-құрмет!  Сөзі  көктен  түскен,  ретімен  тізіліп,  тілімізді 

кәлимаға  келтірген  Құранға  құрмет!  «Ғұламалардың  көзін  ашамын»  деп  Құран  сөзін  жанған  от 

ішінде ретке келтіріп, кітап еткен Аффанұлы Оспанға құрмет. Аласа жерге салынған Алланың үйі 

Меккеге  құрмет.  Сауында  сапар  шегіп,  аман-есен  еліне  жеткен,  шындық  іздеп,  Меккеге  тауап 

еткендерге құрмет.  Күндердің жақсысы жұма өлмесін! Жұма күндері  құтба оқығандарға-құрмет! 

Сол  құтбаға  мүлгіп,  құлағын  салған  мешіт  қауымдарына  құрмет.  Мұнараларға  шығып,  азан 

оқығандарға  құрмет.  Тізелерін  бүгіп,  намаз  оқыған  ерлі-зайыпты  жұбайларға  құрмет.  Бүкіл 

ғаламды жаратқан, теңдесі жоқ Аллаға құрмет! Хан ием, көкте тұрған сол Алла бізге рақым етіп, 

жар  болсын!»,-  депті  [5,8-9].    Бұл  сөздерден  артық  Қорқыттың  Ислам  дінін  ұстанғанына  қандай 

дәлел керек?! 

Ал,  «Дирсеханұлы  Бұқашжан  туралы  жырды»  Қорқыт  ата  былай  аяқтайды:  «Алла  сенің 

деніңді сау қылып, бақ-дәулетіңді арттыра берсін. Әруағын қозғап, жарға тиек еткен сол ерлерге 

көктегі  Алланың  өзі  жар  болсын.  Ақ  шашты  анаңның  барған  жай  жұмақ  болсын.  Сақалы  қудай 

әкеңнің тұрағы самаладай тау болсын. О, хан ием, Алланың өзі жаққан шырағың өшпесін, Алла-

тағала  сізді  қара  ниет  адамдарға  душар  ете  көрмесін»  [5,21].  «Қазан-Салордың  ауылын  жау 

шапқаны туралы жырда» мынадай жолдар бар: «Қазан өзенге қарап сөйлей бастады: «Биік таудан 

құлдырап  аққан  мөлдір  су!  Хасан  мен  Хұсайынды  шөлдеткен  су!  Бау-бақша  мен  гүлдерге  ажар 

берген мөлдір су! Айша мен Фатиманың мейірін қандырған мөлдір су!» [5,25], «Атың ағаш демес, 

шамданба,  ағаш.  О,  Мекке  мен  Мәдинаның  есігі  болған-ағаш.  Құдаймен  тілдескенде,  Мұсаның 

асасы болған ағаш. ... Ерлердің ері Әлидің дүлдүліне ер болған ағаш. Хасан мен Хұсайынға бесік 

болған  ағаш»  [5,29].  Мұндағы  Хасан  мен  Хусейн  -  Расулуллаһтың  қызы  хазіреті  Фатима  мен  

хазіреті  Әлидің    ұлдары.  Бұлар  туралы  Усама  бин  Зайд  нақыл  еткен  хадис  шарифте  Расулуллаһ 

алейһиссалам «Бұл екеуі менің балаларым және қызымның балалары. Ей Раббым! Мен бұл екеуін 

жақсы көремін. Сен де жақсы көре гөр. Бұларды жақсы көргендерді де жақсы көре гөр!» деп айтты 

деген  деректер  бар.  Ал,  Айша-Расулуллаһтың  әйелі,  Әбу  Бәкір  Сыддықтың  қызы.  Фатима- 

Расулуллаһтың  төртінші  қызы.  Хазреті  Әлидің  әйелі  және  Хазреті  Омардың  қайын  енесі.  Әли  – 

расулуллаһтың  немере  ағасы  Әбу  Тәліптің  ұлы.  Ислам  халифаларының  және  жаннатпен 

сүйіншіленген он адамның төртіншісі. Расулуллаһтың күйеу баласы [6]. Бұлардың бәрі де Ислам 

дінінің  таралуына  үлкен  үлес  қосқан  тарихи  тұлғалар.  Бұлардың  есімдерінің  «Қорқыт  ата 

кітабына»  енуі  тегіннен-тегін  емес.  Бұл  да  болса  Қорқыт  атаның  күллі  мұсылмандарға  үлгі 

болатын  тұлғаларды  мойындағанының  көрінісі.  Сонымен  қатар  осы  жырда  «Бұлар  мөлдір  суға 

барып  дәрет  алып,  ақ  жүздерін  жерге  тигізіп,  екі  бас  намаз  оқыды,  Мұхаммедке  көп  сиынды» 

[5,32] және «Қазан бектің баласы Ораз бектің жауға қалай тұтқын болғаны туралы жырда» «Қазан 

бек  гәуірлердің  жақын  келіп  қалғанын  көрді  де,  атынан  түсіп,  таза  сумен  дәрет  алды,  басын 

сәждеге  қойып,  екі  бас  құтба  оқыды.  Тәңірдің  атын  айтып,  тілін  кәлимаға  келтірді»  [5,59]  деп, 

Ислам дінінің бес парызының бірі – намаз оқудың аса маңыздылығын, соғыс кезінде де шынайы 

мұсылмандар бұл парызды адал орындағандығын  сипаттайды. 

Қорқыт  атаны  Ислам  дінін  ұстанбаған  деген  пікірлер  негізінен  оның  өлімнен 

қашқандығына  сүйенеді.  Ш.Уәлиханов  «Өлімнен  қашу  –  исламға  жат,  халықтың  шамандық 

аңыздарының  желісін  құрайды,  мұнда  шамандық  дүниеге  көзқарас  ұшқындары  бар»  [7,64],-  деп 

пайымдаса,  В.  Бартольд  «Мұсылман  әулиесі  ретіндегі  Қорқыт  туралы  аңызда,  мұсылмандыққа 

дейінгі наным-сенім іздері сақталған» [8,45],-деген тұжырым айтады. Ал, «Қорқыт ата кітабында» 

өмірдің өткіншілігі туралы   «Сол тойда Қорқыт атам да болып, жыр толғап, күй шерткен деседі. 

Ол:  «О,  жалған,  мен  жырлаған,  бүкіл  дүние  біздікі  деп  күркіреген  сол  бектерім,  ерлерім  қайда 

кетті? Оларды ажал ұрлап, жер жұтты. Жалған дүние кімге опа қылған? Жер бетіндегі өмір мәңгі 

емес. Адам келеді, кетеді, оның түбі қайыр емес», «Өмір деген тұрақсыз. Адам бұл дүниеге келеді 

де, кетеді. Өмірдің ақыры-ажал. Өлер сағатың келгенше құдай сені, хан ием, дініңнен айырмасын» 

[5,84],  «Өмірдің  басы  –  қуаныш,  аяғы  –  ажал.  Ажал  сағаты  жеткенше,  сені  Алла  ақ  дініңнен 

айырмасын»  [5,113],-  деп  ой  түйіп,  дүниенің  жалғандығын,  адам  өмірінің  уақытшалығын  жар 

салып,  көпшілікке  баян  еткен  Қорқыт  атаның  өлімнен  қашып  жүруі  мүмкін  бе?  Қорқыттың 

өлімнен  қашқаны  туралы  аңыз  жайында  ұлы    М.Әуезов:  «Қорқыт  осындай  өнер  туғызып,  адам 




64 

 

нәсіліне соншалық асыл мұра тастап кеткендіктен өлмеді. Өлімге қарсы амал тапқан жан болды. 



Өйткені, бұл аңыздың өмірлік, философиялық шын мағынасы өзі өлсе де артында өлмейтін мұра 

қалдырған адам –  өлмеген адам деп санауға тиіс» [9,129],-деп қорытады. 

Қорқыт атаны біз ел бірлігін сақтауға үндеген абыз ретінде де білеміз. Оның осы мақсатта 

айтқан  ойлары  мен  өсиеттері  де  баршылық.  «Қорқыт  ата  кітабындағы»  «Бекілұлы  Әмран  батыр 

туралы жырда» мынадай жолдар бар: «О, жігітім, о, бек жігіт! Патша тәңірінің көлеңкесі деп еді. 

Кімде-кім өз патшасына қол көтерсе, оның тілегі қабыл болмайды, ісі қырсығады» деген Қорқыт 

атаның  осы  өсиет  сөзі    пайғамбарымыздың  хадистері  мен  Қасиетті  Құранның  сүрелерімен 

мазмұндас келіп, оның Ислам дінінің көрнекті өкілі болғандығын нықтай түседі. Хазірет Байхақи 

Әнәс  ибн  Мәликтен  келтірген  мына  хадисте  Пайғамбарымыз 

(с.ғ.с.)


:  «Егер  бір  сұлтаны  жоқ 

мемлекеттің  жанынан  өтер  болсаң,  оған  кірме!  Өйткені, (ол  жерде  бейбастық,  тәртіпсіздік, 

заңсыздық, 

зұлымдық 

өмір 

сүреді, 


себебі) сұлтан 

Алланың 


жердегі (тәртіп 

сақтайтын) көлеңкесі (сақшысы),  әрі  Оның (елге  мейір-шапағат  көрсететін) жердегі  рахметі»- 

деген. Ал, патшаға бойұсыну туралы ең күшті дәлелдер Құранда айтылған. Яғни, «Ниса» сүресінің 

59  аятында  Тәңір  Тағала:  «Ей,  иман  келтіргендер  (момындар),  Аллаға  бойұсыныңдар!  Және 

Расулге  бойұсыныңдар!  Сондай-ақ,  өз  араларыңнан  шыққан  әмір  иелеріне  (басшыларға) 

бойұсыныңдар!»  деп  үкім  берген.  Мұның  бәрі  Қорқыт  атаның  Исламды  мойындап,  оған 

мойынсынғандығының белгісі емес пе? «Қорқыт ата кітабындағы» барлық жырлар дерлік Қорқыт 

атаның  мынадай  баталарымен  аяқталады:  «...  Оларды  Алла  мақшардың  күніне  дейін  таза діннен 

айырмасын.  Ол  дүниеде  құдайдың  дидарын  көретін  болсын.  Соған  аумин  айтамын.  Иманды, 

нұрлы  жүзіңді  көріп,  бес  түрлі  сөбен  дұға  оқыдым.  Дұғам  қабыл  болсын.    Дін  иесі  Мұхаммед 

пайғамбардың құрметі үшін құдай күнәларыңды кешірсін, хан ием!»,   «Хан ием, құдайдың досы 

Мұхамедтің  дидары  үшін  Алла-тағала  о  дүниеде  күнәңді  жеңілдетсін»,«Ержүрек  Домрул: 

Жігіттеріңді  кім  өлтірді?-деп  сұрайды.  Олар:  О,  бек  жігіт,  Алла  бұйрығы  солай  болды. 

Жігітіміздің  жанын  қызыл  қанат  Әзірейіл  алды,-  депті».  «Ақымақ  мені  таныды.  Құдай  бір  деп 

иман келтірді» [5,69],«О, құдай,  сен биіктердің биігісің. Сені ешкім көріп білген емес. Көптеген 

ақымақ сені көктен іздейді. Енді біреулер жерден іздейді. Сен әрбір сенуші адамның жүрегіндесің. 

Сен  мәңгі  жасайтын  билеушімсің.  Сен  үшін  мен  ұзын  жолдардың  бойынан  құттыхана  үйлер 

саламын. Сенің құрметің үшін ашқа тамақ, жалаңашқа киім боламын» [5,71],  «Сенің Қаратауың 

құламасын.  Ақсақалды  әкеңнің  барған  жері  жұмақ  болсын,  ақ  шашты  анаңның  жүрген  жері  тау 

болсын. Өлгеніңше Алла сені дініңнен айырмасын. Сенің иманды жүзіңді сағалап, бес ауыз сөзбен 

дұға  айттым.  Сол  дұғам  қабыл  болсын.  Мұхамедтің  жарқын  есімі  үшін  ол  дүниеде  құдай  сенің 

күнәңді кешірсін!» [5,89] «Әумин, әумин,- деген адам Алланың дидарын көреді. Мұхаммед үшін 

ол  дүниеде  Алла  сіздің  күнәңізді  жеңілдетсін»  [5,121].  Бұның  бәрі  Қорқыт  атаның  өзі  де  Ислам 

дінін  ұстанып,  өзінің нақыл  сөздері  мен  өсиеттері  арқылы  түркілерге  ислам  дінін  насихаттаушы 

болғандығын  көрсетеді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Сугирбаева М. Кто ты, Коркыт ата? // Страна и мир. 2013, №20(515). 

2. 

Уәлиханов Ш. Алты шаһарға сапар.- Алматы: Атамұра, 2006. 



3.Марғұлан Ә. Қорқыт ата-қазақ халқының аңызы.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы,1999. 

4

. Исахан М. Қазақ Ислам дінін қашан қабылдаған.  abai.kz. 



5. Қоңыратбаев Ә., Байділдаев М. Қорқыт ата кітабы.- Алматы: Жазушы, 1986.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет