Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет32/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Түйінді сөздер: Түркістан, тарих, Қожа Ахмет Иассауи, қазақ хандығы, рухани астана. 

 

Түркістан  (қаз.  نات س ىكرۇ تٴ)  —  Қазақстандағы  қала,  Түркістан  облысының  әкімшілік 



орталығы.  Түркістан  –  V-VІ  ғасырларда  іргетасы  қаланған.  Есім  ханнан  бастау  алып,  XІV-ХVIIІ 

ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.  

ХІV  ғасырда  Ақсақ  Темір  іргетасын  қалаған  Қожа  Ахмет  Ясауи  кесенесі  бар.  Бұл  қалада 

Қожа  Ахмет  Ясауи  өзінің  уағызшылық  қызметін  жүргізген.  Кесене  аумағында  Қаз  дауысты 

Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы 

басқалар  жерленген  Қаланың  іргетасы  біздің  заманымыздың  1-мыңжылдықтың  бас  кезінде 

каланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр [1]. 

Түркістан  қаласының  айналасындағы  аймақта  тас  дәуірі  ескерткіштері  —  Шоқтас, 

Қошқорған  бұл  өңірде  әуелгі  адам  кем  дегенде  550  мың  жыл  бұрын  мекен  еткенін  көрсетеді. 

Біздің  заманымыздан  бұрынғы  1-мыңжылдықтан  Түркістан  қаласы  төңірегінде  Қазақстанның 

басқа  да  өңіріндегідей  Андронов  мәдениетін  жасаушылар  тұрған.  Түркістанның  ежелгі  аты  — 

Ясы. Архео¬логтар ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. 7—

12 ғасырлар- да Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. 

Бұл  өңір  Түрік  қағанатына  қарады.  9  ғасырда  қарлұқтар  мен  оғыздардың  қол  астында 

болды. Бұл өңірге 809-819 жылы аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, 10 ғасырдың соңында 

саманилік  билеуші  Наср  жаулаушылық  жорықтар  жасаған.  12  ғасырдың  1-ширегінде  қидандар 

шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды [2]. 

Қожа  Ахмет  Ясауи  осында  келіп  қоныс  тепкен  кезде  атақ-даңққа  бөленді.  Қожа  Ахмет 

Ясауи  қайтыс  болғаннан  кейін  оның  қабірі  басы¬на  мазар  тұрғызылды.  Ол  касиетті  орын  деген 

атқа ие болды.  

Қаланың  Ұлы  Жібек  жолының  бойында,  Дешті  Қыпшақ  пен  Орта  Азияның  аралығында 

болуы,  географиялық  жағдайдың  қолайлылығы,  сонымен  бірге  адамдардың  мазарға  төуөп  етуі, 

сауданың  қызу  жүруі  елді  мекеннің  өркендеуіне  ықпал  етті.  Ясы  қаласы  туралы  деректер  13 

ғасырда жарык көрген Киракос Гандзакенцидің "Армения тарихы" атты еңбе¬гінде кездеседі. Бұл 

еңбекте  Ясы  қаласы  Асон  деген  атаумен  берілген.  Ясы  атауы  14  ғасырдан  бастап  тарихи 

шығармалардың  беттерінде  жиі  көріне  бастады.  Шараф  әд-Дин  Әли  Йездидің  хабарларына 

қарағанда,  1388  жылы  Ясыны  Тоқтамыстың  әскерлері  талқандап,  түрік  тайпаларының  қасиетті 

мекеніне айналған Қожа Ахмет Ясауи мазарын тонайды. Әмір Темір Тоқтамысты талқандағаннан 

кейін жаулап алған олжаның бір болігін Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салуға жұмсайды [1]. 

Ясы орта ғасырларда  Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды:  қамал, шахристан, 

рабад  қалыптасты.  15  ғасырдың  1-жартысында  Шараф  әд-Дин  Әли  Иезди  Ясыны  шағын  елді 

мекен болды деп атап көрсетсе, ал 16 ғасырда  Рузбехан Исфахани "Михманнаме-и Бухари" атты 

шығармасында  Ясыны  былайша  суреттейді:  "Аса  қасиетгі  Қожаның  сағанасы  орналасқан  Ясы 

қаласы  өрісі  кең  әрі  құнарлы  жер,  Түркістан  аймағының  орталығы.  Ясы  қаласына  тауарлар  мен 

қымбат бағалы заттар жеткізеді де, сол жерде оларды сату басталады. Сондықтан ол көпестердің 

тең-тең  жүктерін  шешіп,  саяхатшылар  тобын  ор  елге  аттандыратын  орын  болды".  15—17 




58 

 

ғасырларда  зираттың  төңірегіне  ақсүйектер  күмбездері  салынып,  олардың  ішінде  Рабига  Сұлтан 



Бегім (15 ғ), Есімхан (17 ғ.) күмбездері ерекше маңызды болды. 1579 жылы Ясы қаласы Ақназар 

ханның иелігіне айналды. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол 

кезден  Ясы  қаласы  Түркістан  деп  атала  бастады.  18  ғасырда  жоңғар  шапқыншылықтары каланы 

құлдыратып жіберді. 1819—64 жылы Түркістан Қокан хандығының қол астына қарады [2]. 

Сол  кезеңде  Түркістан  қаласының  аумағы  10  гектарға  жуық  болды.  Оны  балшықтан 

соғылған  қамал  қоршап  тұрды.  Қабырғада  12  мұнара  мен  4  қақпа  болған.  19  ғасырдың  60-

жылдары Түркістанда 20-ға жуық мешіттер, 2 медресе, базар, 22 су диірмені, 5 мыңдай тұрғыны 

болды. 1864 жылы 11 маусымда Түркістанды Ресей әскер¬лері жаулап алды. 1872 жылдан уездік 

қала аталды [1]. 

20 ғасырдың басында Түркістан 1400 гектардай жерді алып жатты. 1903 жылы Түркістанда 

темір жолы вокзалы салынды. 1908 жылы 3616 үй, 41 мешіт, 2 класты қалалық училище, қыздар 

училищесі,  1  медресе,  23  мектеп,  2  шіркеу  болған.  Қала  халқы  1910  жылы  15236  адам  болды. 

Өнеркәсіп  және  сауда  орындарынан  1912  жылы  мақта  тазалайтын,  10  май  шайқайтын,  8  сабын 

қайнататын, кірпіш зауытттары, 15 су диірмені жұмыс істеді. 1918 жылы 6—9 каңтар аралығында 

Түркістанда  Сырдария  облысы  қазақтарының  съезі  етті.  Съез¬де  Сырдария  облысының  Алаш 

автономиясына  қосылу  моселесі  каралды.  Онда  Сырдария  қазақтары  Алаш  автономиясына 

қосылған жағдайда Түркістан қаласы Алаш астанасы болады деген шешім кабылданды. Түркістан 

қаласы  1928  жылдан  Түркістан  ауданының  әкімшілік  орталығы.  Қалада  жөндеу-механик,  мақта 

тазалау,  жем,  кірпіш  зауыттары,  темір-бетон  бұйымдарын  шығаратын,  тұр¬мыс  қажетін  өтейтін 

комбинаттар т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Саттар Ерубаев мұражайы қызмет көрсетуде. 1991 

жылы  "Әзіреті  Сұлтан  қорық-мұражайы"  ашылды.  Түркістанда  орта  білім  беретін  мектептерден 

баска, арнаулы білім беретін оқу орындары бар.  

1991  жылы  Түркістанда  Қожа  Ахмет  Ясауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік 

университетінің негізі қаланып, қазіргі кезде еліміздегі жетекші білім беру ордасына айналды. 

ЮНЕСКО  шешімімен  Түркістан  каласының  1500  жылдық  мерейтойы  әлемдік  деңгейде 

аталып өтілді (2000). 

Абай  «Жиырма жеті жасында...» деген өлеңінде сүйікті ұлы  Әбдірахманның ғылым іздеп, 

білімін жетілдіру барысында Түркістан өлкесімен таныс болғандығы жөнінде айтады [2].  

Түркістан  –  Орта  Азия  мен  Қазақстандағы  ең  көне  қалалардың  бірі.  Ол  туралы  алғашқы 

деректер  араб  жазбаларында  ІҮ-ІХ  ғғ.  бастап  Шавғар  деген  атпен  кездесе  бастайды.  Араб 

тарихшы-географы  Әл-Истахри  ибн  Кордаубех  ат-Танрази  өз  жазбаларында:  “Көне  Шавғар  ХІ 

ғасырға  дейін  өмір  сүрген  де,  ХІғ.  бастап  қала  орталығы  Ясыға  көшті”,  -  дейді.  Бұл  деректерді 

қазіргі біздің археолог ғалымдар да растайды.  

Ал  қорық  ғылыми  қызметкерлердің  зерттеуі  бойынша,  Қытай  санекрит  жазбаларындағы 

деректерге  қарағанда,  Түркістан  қаласы  біздің  дәуірге  дейінгі  ІІ-ІІІ  ғғ.  өмір  сүргендігі  және  сол 

кездің  өзінде  ірі  мәдени  және  рухани  орталық  болғандығы  туралы  болжамдар  айтылып  жүр. 

Мысал  келтіретін  болсақ,  сол  кездегі  Қарахандық  билеушілердің  осында  әкелініп  жерлене 

бастауы,  атап  айтқанда,  Отырар  билеушісі  Ілияс  ханның  жерленуі,  тіптен  Сайрамда  туып-өскен 

Ахмет Ясауидің де Түркістан жерінде тұрып, осында жерленуі жайдан-жай емес екендігі анық..  

ХІҮ  ғасырда,  яғни  А.Ясауи  кесенесі  салынғаннан  кейін,  Түркістан  бүкіл  түрік  тілдес 

халықтардың  діни  орталығына  айналып,  “Хазреті  Түркістан”  немесе  “Кіші  Мекке”  атанды.  Бұл 

болжамды шығыс зерттеушісі академик В.В.Бартольд да қолдайды.  

ХҮ ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып, 

1598  жылы  ол  біржолата  қазақ  хандығының  орталығы  болады.  Бұған  дәлел  –  А.Ясауи  кесенесі 

төңірегіне қазақ хандарының жерленуі.  

Түркістан  қаласы  сонымен  қатар  орта  ғасырдың  өзінде  ірі  білім  орталығы  болғандығы 

белгілі.  Оның  мәдени  өмірінде  дәруіш  ақындардың,  ислам  дінін  уағыздаушылардың  да 

шығармалары үлкен орын алады.  

Олардың  қатарына  Ахмет  Ясауи  бастап,  оның  шәкірті  Сүлеймен  Бақырғани,  Ахмет 

Жүгнеки, Жүсіп Баласағұндар жатады.  

Мың  жарым  жылдан  аса  өмірбаяны  бар  Түркістан  –  ер  жүрек  батыр  қала.  Моңғол-татар, 

жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер 




59 

 

мен хандықтардың  жаугершілігін көрген қала. Орта ғасырдағы Сыр  бойындағы Сығанақ, Сунақ, 



Сауран сияқты үлкен шаһарлардан біздің ғасырға жеткені де осы қала.  

ХҮІІ  ғасырдың  басынан  Түркістан  қазақ  хандығының,  яғни  қазақ  мемлекетінің  астанасы 

болды.  Қазақстан  мен  Ресейдің  қарым-қатынасын  реттеу  үшін  Түркістаннан  Ресейге,  Ресейден 

Түркістанға елшіліктер жүріп отырған.  

Түркістанның бүкіл қазақ халқының байтақ астанасы болғандығын дәлелдеу үшін Шығай, 

Есім,  Жәңгір,  Тәуке,  Абылай,  Қазыбек,  Әйтеке  секілді  қазақ  халқының  ұлдары  мен  Қанжығалы 

Бөгенбай,  Тобықты,  Мамай,  Қоңырат  Сырғақ,  Нияз,  Дулат  сияқты  батырларының 

құлыптастарының А.Ясауи сағанасында орналасқанын айтудың өзі жеткілікті емес пе?!  

Өткен  дәуірлерде  құрылыс  саласында  қол  жеткен  табыстардың  көпшілігін  өз  бойына 

жинақтаған ғимараттардың бірі, Түркістан қаласындағы күні бүгінге дейін жақсы сақталып келген 

кесене.  Бізге  жеткен  жазба  мәліметтерге  қарағанда,  көне  Ясыда,  қазіргі  кесене  тұрған  орнында 

мұсылманның  атақты  әулиелерінің  бірі,  дәруіштер  шайқасы  –  Ахмет  қабіріне  ХІІ  ғасырдың 

өзінде-ақ шағын кесене орнатылғаны белгілі. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету 

орнына  айналды.  Ахмет  Ясауи  кесенесінің  қасиетті  орын  ретінде  атағының  жайылуына  ХІҮ 

ғасырдың  30-шы  жылдарында  моңғол  шапқыншылығынан  қатты  күйреген  Түркістан  қаласының 

қайта гүлдене бастауы ерекше ықпал етті.  

Алтын  Орданың  өктемдігін  жойып,  астанасы  Сарай  Беркені  өртеп  жіберген  Темір  осы 

жеңістің құрметіне ескі мазар орнына жаңа, зор кешен орнатуды ұйғарды. Осы тұрғыда Темір тек 

діни мақсат-мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның жалпы жасампаздықты мұрат еткенін, 

беделін  көтеруге,  үстемдігінің  мызғымас  берік  екендігін  көрсетуге  қажет  еді.  Құрылысты 

жүргізуді  Темір  Мәулен  Садырға  жүктеді.  Көптеген  жазба  деректерге  қарағанда,  болашақ 

құрылыстың жобасын жасауға Темір тікелей қатысып, негізгі бөлмелерді өзі анықтаған көрінеді. 

1991 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Республикалық музей “Мемлекеттік тарихи-мәдени Әзірет 

Сұлтан қорық музейі” болып қайта құрылды. Қорықтың жалпы ауданы 88,7 гектар. Оған бірнеше 

ортағасырлық ескерткіштер кіреді:  

Қазақ хандарының зираттары (Есім, Тәуке хандар); 

Ұлы астроном, ғалым Ұлықбек қызы Рәбия Сұлтан Бегім мазары

Ортағасырлық “Шығыс моншасы”; 

Жер асты мешіті (Аңызға қарағанда, Ахмет 63 жасқа келген соң, Мұхаммедтен артық өмір 

сүру  күнә  деп,  өмірінің  қалған  жылдарын  осы  жер  астында  өткізген  көрінеді.  Осында  отырып 

бүкіл мұсылман әлеміне белгілі “Хикметтерін” жазады); 

Шілдехана, белгісіз кесене, Гауһар ана, Әлқожа ата кесенелері,  т.б. ескерткіштер. Сәулет-

ғимарат  –  аса  үлкен  күмбезді  құрылыс.  Оның  ені  46,5м,  ұзындығы  65м.  Орталық  бөлмесінің 

төңірегіне  түрлі  мақсатқа  арналған  35  бөлме  салынған.Темірдің  кезінде  барлық  құрылымы 

бітпеген,  тек  нұсқасы  ғана  барды.  Оның  құрылысын  Бұқарды  билеген  Абдолла  хан  аяқтайды. 

(1583-1598).  Қоқан  билігі  тұсында  мұнаралар  мен  порталдар  қам  кесекпен  қоршалып,  кесене 

қамалға  айналдырылған.  Мұнан  кейінгі  ғасырларда  Түркістан  билеушілері  өз  кезеңіне  сәйкес 

кесене құрылысын толық аяқтауға тырысқанмен, ешқайсысы да белгілі бір нәтижеге жете алмаған. 

Қазіргі кезде бұл алып құрылыс бізден 700-800 жыл бұрын өмір сүріп, кейіннен қазақ халқының 

негізін  құраған  көне  түркі  тайпаларының  тілі,  діні,  мәдениеті  мен  тарихын  зерттеуде  өте  құнды 

дерек болып табылады.  

Қалада 1992 жылы құрылған Халықаралық Қазақ- Түрік университеті бар. Онда 22 мыңнан 

аса  студенттер  білім  алады.  Алматы,  Тараз,  Шымкент  ,  Кентау  және  Анкара  қалаларында 

филиалдары  бар.  Университетте  26  елден  500-ден  астам  студент  білім  алады.  Оның  ішінде: 

Түркия, Кипр, Қырғызстан, Түрікменстан, Башқұртстан, Дағыстан, Саха Республикасы, Моңғолия, 

Қытай және т.б. елдерден. Университетте 14 факультет, 63 кафедрада 74 мамандық бойынша білім 

беріледі. 92 ғылым докторы, 220 кандидат, 600-ден астам ұстаз білім береді. 1997 жылдан жылдан 

бастап Түркістан қаласы мен Анкара қаласын байланыстыратын спутниктік жүйе жұмыс істейді. 

[3]. 

Түркістан туралы қызықты деректер 



Мұсылман діні  орныққаннан бастап кала Иасы деп аталған. Ақын Қожа Ахметтің Иасауи 

болатыны осы тұс. 




60 

 

2000 жылы Түркістан қаласына 1500 жыл болды.     



Түркістан – VII-XII ғасырларда саяси-экономикалық орталық болды. 

Түркістан  –  ХІІ  ғасырда  мұсылмандар  үшін  қасиетті  мекенге  айналды.  ХІІ  ғасырда 

сопылық  ілімді  белсенді  ұстанушысы  Қожа  Ахмет  Ясауи  осы  қалада  жерленді.  Ясауи  өмірден 

өткен  соң  қабірінің  басына  үлкен  мазар  тұрғызылды.  Мазар  мыңдаған  мұсылмандардың  зиярат 

ететін орнына айналды.  Кесенені тұрғызуға ұйытқы болған Әмір Темір болатын. 

XVІ  ғасырдың  соңында  Түркістан  Ахмет  Ясауидің  әсем  де  зәулім  кесенесінің  арқасында 

Орта Азияның рухани орталығына айналды. 

1598-1628 жылдары Есім хан Ясыны Түркістан деп атап, оны Қазақ хандығының орталығы 

етті. Қазақ хандары  XVІІІ ғасырдың соңына дейін билік құрды. 

Түркістан  қаласында  қазақ  билеушілерінің  хан  көтеру  салтанаттары  өтті.  Кейінгі 

ортағасырлық дәуірде Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қазақ ханын ақ киізге көтеріп сайлайтын орын 

болды. 


Түркістан  қаласы  қазақтың  бетке  ұстарлары  мен  ақсүйектерінің  мәжіліс  өткізетін  орны 

болды. 


Түркістан  –  қазақ  халқының  ең  атақты  тұлғалары  жерленген  пантеоны  болды.   XVIII 

ғасырда  да  Қожа  Ахмет  Йасауи  кесенесі  қазақ  билеушілерін  жерлейтін  орын  болып  қала  берді. 

Түркістанда  Тәуке  (1680-1715),  Жолбарыс  (1720-1740),  Әбілмәмбет  (1739-1771),  басқа  да  хандар 

жерленді.  Тарихи-мәдени  «Әзірет  султан»  қорық-мұражайының  территориясында  164  атақты 

тұлғалар  жерленген.  Олар  әртүрлі  заманда  өмір  сүрген  күллі  қазақ  халқының  игі  жақсылары. 

Кесенеде  қазақтың  Қаз  дауысты  Қазыбек  би,  Абылай  хан,    Есім  хан,  Хақназар  хан,  Тауке  хан, 

Шығай хан, Жәңгір хан, Қанжығалы Бөгенбай, тобықты Мамай, қоңырат Сырғақ жатыр. 

Есім  хан  (1598-1614)  үшін  Қожа  Ахмет  Йасауи  кесенесі  қасынан  жеке  кесене  салынды. 

Кесене ішінен тек атақты Абылай хан (1771-1781) қабірі ғана жан-жақты зерттелді. 

Түркістан  қаласы  –  діни  білім  мен  ортағасырлық  ғылым  орталықтарының  бірі  болды. 

Қалада Абд әл-Ғафур Түркістани жазып кеткен бір топ мектеп пен медресе жұмыс жасады. 

Түркістан  қаласы  орта  ғасырдың  өзінде  ірі  білім  орталығы  болды.  Шаһардың  мәдени 

өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады. 

Түркістан  –  ер  жүрек  батыр  қала.  Монғол-татар,  жоңғар  шапқыншылығын,  қазіргі  Орта 

Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген 

қала. Орта ғасырдағы Сыр бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты үлкен шаһарлардан біздің 

ғасырға жеткені де осы қала. 

Түркістан қаласын Әзербайжанның Шеки қаласында өткен «ТҮРКСОЙ» тұрақты кеңесінің 

34-отырысында Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекітті. 

Қазақстан  Республикасы  тарапынан  әлемдік  мұраның  әуелгі  тізіміне  алғаш  ұсынған 

ескерткіш  –  Қожа  Ахмет  Йасауи  кесенесі  болды.  Әлемдік  мұра  комитеті  өзінің  Парижде  2003 

жылдың 30 маусым  – 5 шілде аралығында болған  27-сессиясында Қожа Ахмет  Йасауи қатарына 

«әлемдік мұра тізіміне» қосты. 

Тәуелсіздік жылдары Түркістанда жаңадан 38 мектеп ғимараты салынған. 

Егемендіктің алғашқы жылдарында Түркістанда небары 3 балабақша болса, содан бері  50 

балабақша  (22-сі  жекеменшік)  ашылып,  балаларды  балбақшамен  қамту  көрсеткіші  82  пайыздан 

асқан. 

Медицина  саласында  23  денсаулық  сақтау  нысаны  салынса,  бұқаралық  спортты  дамыту, 

оған қолайлы жағдай жасау мақсатында 49 спорт нысаны пайдалануға берілген.   

Қазір шаһар аумағында 3600 шаруа қожалығы тіркелген. 

Малдың барлық түрін қоса есептегенде 635 мыңға жеткен. 

Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  қайта  өңдеу  саласын  жетілдіру  барысында  Түркістанда 

астықтан  нан  және  тәтті  тағамдар,  еттен  түрлі  шұжықтар,  ысталған  ет,  тауық  еті,  сүт,  ірімшік, 

айран,  қаймақ,  балмұздақ,  мақта  майы,  көкөніс  тосаптары  секілді  20-дан  астам  азықтық  өнімдер 

шығарылады. 

Түркістанда мақта өсіріледі. Қала халықаралық көлік магистральдің желісінде орналасқан. 

Түркістан-Сібір магистралі өтетін қалада 60 км шойын жол торабы, 1583,6км автокөлік жолы бар. 

Түркістан қаласын Шымкент-Самара автомагистралі кесіп өтеді. 




61 

 

Түркістан қаласында 34 өнеркәсіп мекемелері жұмыс істейді. Шағын кәсіпкерлік дамыған. 



Онда  жұмысқа  жарамды  халықтың  49,1  пайызы  жұмыс  жасайды.  Қаланың  әлеуметтік-

инфрақұрылымында  Ардагерлер  үйі,  драм-театр,  этно-клуб,  спорттық  сауықтыру  комплексі, 

аквопарк, қонақ үйлер, мейрамханалар, салтанат үйлері т.б. жұмыс жасайды. 

Қаржы инфрақұрылымында 8 банк  бөлімшелері жұмыс атқаруда. 

73 жалпы білім беру мектептерінде 49433 оқушы, 26 мектеп алды мекемелерде 5040 бала 

тәрбиеленуде. 

Қалада    1992  жылы  құрылған  Халықаралық  Қазақ-Түрік  университеті  бар.  Онда  14,2 

мыңнан аса студенттер білім алады. Университетте  26 елден 500-ден астам студент білім алады. 

Оның  ішінде:  Түркия,  Кипр,  Қырғызстан,  Түркменістан,  Башқортстан,  Дағыстан,  Саха 

Республикасы, Монғолия, Қытай және т.б. елдерден. 

3 мемлекеттік, 7 мемлекеттік емес  колледждерде 7,5 мыңнан аса студенттер білім алуда. 

Қала  халқына  12  аурухана,  6-  емхана,  14-  ФАП,  3  -  ФП,  16  -дәрігерлік  амбулатория,  45- 

дәріхана,    1-  диагностикалық  орталық,  1-  жедел  жәрдем  бөлімі  қызмет  көрсетеді.   438   дәрігер, 

1356  орта буынды медициналық дәрігерлер қызмет көрсетеді. 

Түркістан  қаласында  3  ұлттық  мәдени  орталық,  «Тұран-Түркістан»  телеарнасы  және 

«Түркістан» газетінің редакциясы жұмыс жасайды. 

Киелі  Түркістанға  жылына  жарты  миллион  турист  келеді.  Шет  жерден  ағылатын 

саяхатшылардың  қызыға  тамашалайтын  орындарының  бірі  -  тарихи-мәдени  этнографиялық 

орталығы. Алты мыңға жуық құнды жәдігер сақтаулы тұрған музей қызметі жыл сайын жаңарып, 

заманға сай жетілдіріліп келеді [4]. 

«Түркістан  –  екі  дүние  есігі  ғой,  Түркістан  – ер  түріктің  бесігі  ғой. Тамаша  Түркістандай 

жерде туған Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!»  – деп, Мағжан ақын осы бір ғана шумаққа бүкіл 

түркі халқының толғанысын сыйғыза алған. Түркістан – тарихтың талайын көрген көне шаһар. 

Мұнда түркі тілдес халықтардың өткен ғасырлардағы салты мен санасын ұмыттырмайтын 

жәдігерлер  сақталған.  Қожа  Ахмет  Ясауи  кесенесі  –  түркі  жұртының  өткені  мен  бүгінін 

байланыстырып жатқан рухани үндестігінің орталығы іспетті. 

Құрамына  14  ел  мүше  болған  ТҮРКСОЙ  ұйымы  алғаш  рет  2012  жылы  Астана  қаласын 

түркі әлемінің мәдени астанасы деп жариялады. Бұл дәстүр Түркияның Ескішахар, Татарстанның 

Қазан,  Түркіменстанның  Мары,  Әзірбайжанның  Шеки  қаларында  жалғасып,  Қазақстанда  екінші 

рет  түркі  халқының  мәдени  орталығына  айналып  отыр.  Түркі  әлемінің  2017  жылғы  мәдени 

астанасын таңдау Түркістан қаласына түсті. Осыған орай Түркістанда биыл ауқымы зор 42 мәдени 

іс-шара өтеді. Оның 14-ін ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы ұйымдастырса, 6-ын ҚР Мәдениет және 

спорт  министрлігі  өткізбек.  Ал  қалған  21  іс-шараны  ұйымдастыруды  Оңтүстік  Қазақстан 

облысының әкімі Жансейіт Түймебаев басшылыққа алатын болады. Игі істің бастауы ретінде 21 

наурыз күні 15 елден 900-ге жуық қонақ Түркістанға табан тірейді. 

Түркі  әлемінің  2017  жылғы  мәдени  астанасының  ашылу  салтанаты  Ұлыстың  ұлы  күні 

Наурыз  мерекесімен  тұспа-тұс  келуі  де  тегін  емес.  Наурыз  –  рухани  мереке,  салт-дәстүрдің 

жаңғыратын күні. Бұл күні күн мен түн теңеліп, табиғат оянады, жаңа тіршілік басталады. Жаңа 

күнді әдет-ғұрпы ұқсас, танымы бір бауырлас елдер бірге қарсы алады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.  Абай.  Энциклопедия.  –  Алматы:  «Қазақ  энциклопедиясының»  Бас  редакциясы, 

«Атамұра» баспасы, 

ISBN 5-7667-2949-9

  

2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 



ISBN 9965-17-272-2

  

3. 



Түркістан  қаласы  бойынша  қысқаша  негізгі  мәлімет

.  Оңтүстік  Қазақстан  облысы 

Әкімдігінің ресми сайты (19 қыркүйек 2013). Тексерілді, 22 тамыз 2014. 

4. https://el.kz/kz/news/istoriya/turkistan_kalasi_turali_kizikti_derekter 

 

 

 



 


62 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет