Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет50/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   218
Түйінді сөздер: қайқы, рухани мұра, Маңғыстау, сал-сері, күй.  

 

«Адайдың  Жеті  қайқысы»  –  19  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  20  ғасырдың  бас  кезінде 



Маңғыстау  түбегінде  өмір  сүрген  халық  өнерпаздары,  сал-серілер.  Олар:  Өскенбай  (күйші-

домбырашы,  әнші  әрі  жыршы),  Тұрсын  (әнші  әрі  күйші-домбырашы),  Әділ  (әнші  әрі  жыршы), 

Досат, Жылгелді, Тәстемір және Шолтаман (бәрі де әнші болған). Осы жеті өнерпаз жұбын жазбай 

бірге  жүріп,  Маңғыстау,  Хиуа  мен  Хорезм  аймағын,  Жем  мен  Жайық  бойын  аралап,  өнер 

көрсеткен.  Ешкімге  бас  имей,  өздерін  тәкаппар  (қайқайып)  ұстағандықтан  ел  ішінде  «адайдың 

жеті қайқысы» атанып кеткен. Бұлардың ішінде Өскенбай шығармалары көбірек сақталған. 




108 

 

Сонымен қатар Әділдің екі-үш әннен тұратын бір циклді «Жайма қоңыр» атты музыкалық 



шығармасы, Досаттың «Досат», Жылгелдінің «Құнан нар», Тәстемірдің «Маңғыстау», Тұрсынның 

«Оймауыт»,  Шолтаманның  «Дәлейлім»  («Тал  кеме»)  дейтін  әндері  халық  арасына  кең  тараған. 

«Адайдың  жеті  қайқысы»  әндерін  біздің  заманымызға  Қ.  Қонаршиев,  И.  Жұмабаев,  Қ. 

Қалмағанбетов,  Қ.  Нұраханов  сынды  әншілер  жеткізген.  Кезінде  «Адайдың  жеті  қайқысының» 

орындауында  «Досат»,  «Құнан  нар»  және  «Оймауыт»  әнін  А.В.  Затаевич  нотаға  түсіріп,  «Қазақ 

халқының 1000 әні» (Орынбор, 1925) жинағында жариялаған. 

Маңғыстау  күйшілерінің  ішінде  өз  орны  бар,  күй  қазынасы  мол  сақталғаны  –  Өскенбай 

Қалманбетов (1860 – 1925). Кейін елге есімі танымал болған Өскенбай қоныстас отырған түркімен 

елінің  Құлбай,  Сапармәмбет  пен  Өдеулі  сияқты  атақты  күйшілерімен  достық  қарым-қатынаста 

жүріп, кейде күй тартумен өнер сайысына да түседі. Өзінің ғана емес, өзгелердің туындыларын да 

шын  шеберлікпен  ажарлап  жіберетін  ерекше  дарын  иесі  Өскенбайдың  күйшілік-орындаушылық 

репертуарында  200-ден  аса  күйі,  сонымен  бірге  халық  термелері,  жырлар  (Абыл,  Ақтан,  Нұрым 

мен Қашаған жырлары) мен ерлік дастандары, түркімен күйлері де болған. Ол әнші-ақын ретінде 

өзі  ел  арасына  таратқан  «Жирен  жорға»,  «Жеті  бұлбұл»,  «Ақерке»,  «Қаракөз»,  «Жастар  едік», 

«Кербез  Айша»,  «Тәлкіме»  сияқты  әндердің  мәтінін  шығарған,  халық  әндерін  өзінше  өңдеп, 

әрлендіріп  айтқан.  Өнерпаз  Өскенбайдың  әдеби,  музыкалық  мұрасы  оның  күйшілік-

композиторлық, ақындық-жыршылық дәстүрін ілгері дамытушы бел баласы Мұрат арқылы бүгінгі 

заманға  жетіп,  халық  игілігіне  айналды.  Өскенбаймен  замандас  күйші-домбырашылардың  бірі 

Қоңыр  Жүсіпұлы  орындаушылық  өнерімен  қатар  мәнді  күй  мұрасын  («Қоңыр»,  «Өттің  дүние», 

«Замана сазы») қалдырды. 

Адайдың жеті қайқысының әдебиетке қосар үлесі мол. 

Қазақ  өнерліні  барынша  қадірлеген,барынша  еркелеткен.Табиғат  дарытқан  өнерімен  елге 

ерекше ұнаған жанды Арқа жағы «Сал,сері»деп,Сыр бойы «Сүлей» деп атаса,ал Маңғыстау өңірі 

ер  азаматы    «Қайқы»,қыз  келіншектерді  «Сәйкі»  дейді.  Бірақ  Маңғыстау  орталықтан  қашық 

болғандықтан ба,әлде зерттеуі кем бе, «Қайқы» деген атақ барша қазаққа таныс бола қойған жоқ. 

Біздіңше  «Қайқы»,  «Сәйкі»  атаулары  әріректен  басталған  секілді.  Олай  дейтініміз,  XVIII-XX 

ғасыр  аралығында  өмір  сүрген  тарихи  тұлғалардың  өлең  жолдарында  өнерлі  әйелдерге 

байланысты «Сәйкі» сөзін кездестіреміз. Маңғыстаудың Жібек Төлегені іспетті Ақбөбек-Қайыпқа 

байланысты  деректемелерде  де  «Сәйкі»  сөзін  кездестіруге  болады.  Ақбөбек,  сәйкілікпен 

бұлаңдайсың,Сұм  жалған  өтер  десем,  тіл  алмайсың?-  деп  әнге  қосады.  Ал  «Қайқы»  деген  атақ 

Адай  елінде  өнері  елден  асқан  таңдаулының  таңдаулысына  ғана  делінеді.«Қайқы»  атауының 

шығуына тоқталайық. Адай елінің билері бір жиында әншілер жайын сөз қылады.Біреуі «бәленше 

әнші»  деп,екіншісі  «түгенше  әнші»  деп  әрқайсысы  әр    әншіге  мінездеме  береді.Ақыры:  «Біздің 

мұнымыз  жарамайды  екен,одан  да  әншілер  байқауын  өткізіп,кім  жақсы  аталса,соған  бәйгісін 

берейік,»-деп бәтуаласады.Билер кеңесі келер айда  «Тесіктам»деген жерде,Мамыртай ауылының 

беретін асына барлық әншілерді  жинамақ  болып шешім қабылдайды.Айтылған күн де келіп,асқа 

ел  жиналады.Билер  де,әншілер  де  келеді.Ән  сайысының  бас  төрелігіне  Иса-Досан  көтерілісінің 

басшыларының бірі болған Иса Тіленбайұлы сайланады.Ас қыза түседі.Өнерпаздар сайысы елдің 

құлақ  құрышын  қандырғаны  сондай-бұл  кереметке  көшпенді  ел  қатты  қызығады.Ас  аяқтар  кез 

болғанда,төрешілер  әншілер  жарасының  қортындысын  жариялайды.Бас  төреші  иса  би  жиналған 

әншілердің ішінен жеті адамды таңдап алып: «Осы адамдар бұдан былай Адайдың жеті қайқысы 

атансын»,-деп  жар  салады.Сол  «жеті  қайқының»  есімдері  өз  аттарымен  қоса  руының  аттарымен 

бірге  аталып  елге  тарайды.Сонда  «жеті  қайқы»  деп  жүргеніміз  мыналар:Жаңай  Өскінбай,Медет 

Жылгелді,Майлан 

Шолтаман,Кенже 

Әділ,Мая 

Жосат,Қаржау 

Тұрсын 


және 

Тіней 


Тастемір.Тастемірді көбіне «Жаманадай Тастемір» деп те атайды. 

Сірә,Тастемір  Жаманадай  Нұрым  Шыршықұлына  көп  еріп,өнер  үйренген    інісі  болғасын 

атап кеткен сыңайлы.Нұрым ақын бірде ел аралап жүріп, Беріш қызы Жібекке кез болады.Жібек те 

атышулы  өнерпаз.  Ол  да:  «Мына  кісі  Адайдың  айтқыш  Нұрымы  емес  пе  екен?»-деп 

қауіптенеді.Жұрт  екеуін  айтыстыруды  ұйғарады.Сонда  Нұрым:  «Мен  Нұрыммын  деп  бірден 

айтпаймын,інім  Тастемір  болып  айтысайын.Қыздың  аяқ  алысын  байқап  алып  барып,жөнге 

келермін»,-ойлайды.Сөйтіп,Тастемір болып айтысып,Жібек қызды ел ішінде айтылып жүрген бір 

сөзбен тоқтатады.Тіней Тастемір керемет әнші болған.Аржағы бір –Қосай,рулас келіп қалды,бірге 




109 

 

жүрейік,сөз  үйрен,көшіп  кел»,-деп  Тастемірді  Тайсоғанға  шақырады.Аға  сөзін  қимай  Тастемір 



көшіп  барады..Баруын  барғанмен,ол  жақты  жерсінбей,  Маңғыстауға  қайта  көшіп  келеді.Оның 

қайтып  келгенін  естіген  ел  адамдары  іздеп  барып,ән  салдырады.Сонда  тастемір  айтқан 

«Маңғыстау»әнін  осы  күнге  дейін  жастар  сүйіп  айтып,  үлкендер  сүйсіне  тыңдайды.  Туып  өскен 

елін әніне арқау еткен әнші былай шырқайды:  

Маңғыстау,  ойың  терең,  қырын  биік,  Айналып  кете  алмадым  көзім  қиып  Маңғыстау,сені 

тастап  кетіп  едім  Көзімнің  жүре  алмадым  жасын  тыйып.Маңғыстау,құлазырсың  із  кеткен  соң 

Тартады  жүзің  солғын,күз  жеткен  соң  Бөктеріп  қанжығама  кетер  едім  Күнелтер  елің  қалай  біз 

кеткен соң?! 

Маңғыстаудың жеті қайқысын «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында қарастыру. 

Дала  фольклоры  мен  музыкасының  мың  жылы  бұл  жоба  аясында  бізге  «Дала 

фольклорының  антологиясын»  жасау  керек.  Мұнда  Ұлы  дала  мұрагерлерінің  өткен 

мың­жылдықтағы  халық  ауыз  әдебиетінің  таңдаулы  үлгілері  –  ертегілері,  аңыз-әфсаналары, 

қиссалары  мен  эпостары  жинақталады.  Сонымен  қатар,  қазақтың  қобыз,  домбыра,  сыбызғы, 

сазсырнай  және  басқа  да  дәстүрлі  музыкалық  аспаптарымен  орындауға  арналған  маңызды 

туындылар  топ­тамасын  –  «Ұлы  даланың  көне  сарындары»  жинағын  басып  шығару  қажет.  Ұлы 

даланың  фольклоры  мен  әуендері  заманауи  цифрлық  форматта  «жаңа  тыныс»  алуға  тиіс.  Бұл 

жобаларды  жүзеге  асыру  үшін  көшпенділердің  бай  мұрасын  жүйелеуге  қабілетті  ғана  емес, 

сондай-ақ,  оның  өзектілігін  арттыра  алатын  отандық  және  шетелдік  кәсіби  мамандарды  тарту 

маңызды.  Біздің  мәдениетіміздің  негізгі  сюжеттерінде,  кейіпкерлері  мен  сарындарында  шекара 

болмайды,  сол  себепті  оны  жүйелі  зерттеп,  бүкіл  Орталық  Еуразия  кеңістігі  мен  барша  әлемде 

дәріптеуге  тиіспіз.  Ауызша  және  музыкалық  дәстүрді  жаңғырту  қазіргі  заманғы  аудиторияға 

жақын  әрі  түсінікті  форматта  болуы  керек.  Атап  айтқанда,  көнерген  сөздер  мен  мәтіндерді 

суреттерімен  қоса  беруге,  айқын  видеоматериалдар  формасында  ұсынуға  болады.  Музыкалық 

дыбыстар  мен  әуендер  табиғи  аспаптармен  ғана  емес,  олардың  заманауи  электронды  нұсқалары 

арқылы  да  шығарылады.  Сонымен  қатар,  фольклорлық  дәстүрдің  ортақ  тарихи  негіздерін  іздеу 

үшін  Қазақстанның  түрлі  өңірлері  мен  өзге  елдерге  бірнеше  іздеу-зерттеу  экспедицияларын 

ұйымдастыру қажет. 

Міне, елбасының мақаласында атап көрсетілгендей қазақ xалқының әдебиеті мен өнерінде 

барынша  қолдау  көрсетілгелі  тұр.  Енді  осы  мақала  аясында  Маңғыстаудың  «Жеті  қайқысын» 

айтпауға  болмас.  Себебі  олардың  шығармаларының  баяуы  қанық,  ұрпаққа  берер  үлгісі  мен 

тәрбиесі  мол.  Қазақ  фольклорында  ойын  тұрып  алатындай  орны  бар  Маңғыстау  тумаларын 

дәріптеу  керек.  Ел  арасында  оларды  білмейтіндер  мен  танымайтындар  болмауға  тиіс.  Ол  үшін 

әрине еңбектеніп, оларды xалықпен тығыз байланыстыратындай шараларды жүзеге асыру қажет. 

Маңғыстаудың  жеті  қайқысы  дегенді  естіген  әрбір  қазақ  оларға  тағзым  ету  үшін  күн-түн  демей 

оларды  дәріптеу  керек.  Қажет  болса  олар  тураоы  деректі  фильмдер  түсіріліп,  заманауи 

гаджеттерде шығармалары мен өмір жолы қол жетімді болатындай іс-шаралар жүргізілу керек. 

«Жеті әулие атанған жеті қайқы» 

Жұп жазбай серілікпен елге жеттік. 

Әншінің айдап жүрген еш малы жоқ

Өнер мен мерекені ермек еттік. 

Ерітіп соңымызға көпшілікті, 

Өнерді жасымыздан өрнек еттік. 

Кең ойып шаршы топтан орын алып

Қара өлең төрттен салып дөңгелеттік 

Осы өлең жолдарын жеті қайқының бірі- Өскенбай шығарған екен. 

Ойымды қорыта келе, Маңғыстаудан осындай тамаша тұлғалар шыққанына қатты қуанып, 

кеудемді мақтаныш керенеді. Бұл жоба зерттеліп бітпеген керісінше тағы да зерттеу жүргізу үшін 

ашылған  арнайы  қақпа  болды  дегім  келеді.  Әдебиет  пен  өнерді  қоса  меңгерген  ел  ішінде  «жеті 

қайқы»  кейде  тіпті  «жеті  әулие»  атанған  осындай  ұлы  тұлғаларды  әрбір  жан  танып  білуге  тиіс. 

Ұлы даланың маңғаз өлкесін мекен еткен өнерлі қауымның ішінде қайқы аталған тек жетеу емес 

одан  да  көп  болуы  иүмкін.  Міне,  мәселе  қайдп  жатыр…  Тек  Маңғыстау  емес  жазира  даланы 

мекендеген осындай тұлғаларды іздеп жүріп, оларды көрген көздермен сырласу қажет. Жыраулар 




110 

 

мен  ақындардың,  жыршылар  мен  күйшілердің  зерделі,  ойлы,  талантты  легі  әркез  өзінің 



орындайтын жыр-күйін таңдап, береке-бірлік сияқты мәңгілік тақырыптарды жырлаған, өлең мен 

күйдің жасығы емес, асылын, мәні зор нағыз отты шоғын таңдап айтқан. 

Біз айтып өткендей, ақын-жыраулар да, жыршы-жыраулар да, жыршылар мен өлеңші, сал-

серілер  де  Маңғыстауда  аз  болмаған.  Еділ  мен  Жайық,  Жем,  Сағыз,  Ойыл,  Қиыл,  Елек,  Қобда 

бойларында, Маңғыстау, Үстірт, Ақтөбе қырында талай айтулы ақындар өткен. Олар: Асан қайғы 

мен  Шалкиіз,  Қазтуған  мен  Сыпыра,  Доспамбет  пен  Жиембет,  Махамбет  пен  Мұрат,  Абыл  мен 

Ақтан,  Нұрым  мен  Қашаған,  Есет  пен  Есенбақ,  Байтоқ  пен  Боранбай,  Шернияз  бен  Шынияз, 

Шәйтім  мен  Насихат,  Марабай  мен  Көшелек,  Мұрын  мен  Сүгір,  Қарасай  мен  Мәулімберді, 

Әбубәкір  мен  Ізім шайыр, Құлмамбет  пен Қоспақ, Аралбай мен Бала Ораз, Қырымқұл Өмір  мен 

Шеркеш Өмір, Есентемір Досжан мен Алаша Досжан және Тама Досжан, Қашқынбай мен Досы, 

Елбай  мен  Түмен,  Сәттіғұл  мен  Сұраубай,  Нұрпейіс  пен  Құмар,  т.б.  Бұлар  “әп”  дегенде  ауызға 

ілінер танымал таланттар. Ал бұл айтулы да айдынды ақын, жыраулар дәрежесіне жетпегенмен, өз 

ауылының,  елінің,  халқының  жүрегіне  жылу  дарытып,  өлең,  жырды  қадірлеп  өткен  көптеген 

өнерпаздар болған. 

Бір  өнердің,  яки  бір  халықтың  әдебиетін,  не  өзге  өнерін  тек  қана  он-жиырма  адам 

жасамайды. Айтулы адамдардың алды-артында бірі биік, бірі аласа бел-белестер сияқты көптеген 

өнер  адамдары  болады.  Әдебиет,  өнер  арнасында  айтулылар  мен  әлгі  өнерқұмарлар  қосылып, 

ерекше  бір  өнер  жолын  –  өнер  ағысын  құрайды.  Бірақ  әр  дәуірдегі  келер  уақыт,  саналы  ұрпақ 

олардың бәрін ой елегіне салады, өз бағасын береді. Қай ақын қай дәуірге жете алады – оны талант 

тағдыры біледі. 

Ұсыныс: 

1. 


Жеті  қайқы  туралы  мектеп  оқулықтарында  мәлімет  кездеспейді.  Сондықтан  олар 

оқулықтарға қосу жұмыстарымен айналасу керек; 

2. 

Адайдың жеті қайқысын дәріптеу қажет. Аудан, ауыл көшелеріне «Жеті қайқының» 



есімдері берілсе; 

3. 


Жеті қайқының өмірі мен өнер жолы туралы деректі фильм түсірілсе 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

 1. Спан Ә. Қабекеңнің қазынасы. Алматы, «Үшқиян», 2003-350б. 

 2. Жұмашұлы А. Адайдың жеті қайқысы. Алматы. 2011-60б. 

 3. Келімбердиев А. Ерлер есімі – ел есінде, Ақтөбе-267б. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет