Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет58/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   218
ӘОЖ 908(045) 

 

ЕСБОЛ ӨМІРБАЕВ-ӨЛКЕТАНУШЫ 



 

Өтесова Г.Е. 

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, 

Қазақстан 

 

Андатпа.  Мақалада  Маңғыстау  өлкесінің  тарихында    ерекше  орын  алатын  тұлға  ұстаз, 

өлкетанушы  Есбол  Өмірбаевтің  өмірі,туған  өлкесі  Маңғыстау  үшін  еткен    өлкетанушылық  ерен 

еңбегі қызметі  туралы баяндалады.   



Түйінді сөздер: Маңғыстау, өлкетанушы, ұстаз,мұражай,Форт- Шевченко. 

 

Форт-Шевченко  қаласының  тарихында  қала  берді    Маңғыстау  тарихында  есімдері  алтын 



әріппен жазылған жандар баршылық.  Солардың бірі  өлкеміздің мақтанышы өлкетанушы  Есбол 

Өмірбаев.  Есбол Өмірбаев кешегі  дүрбелеңге толы 1916 жылы   киелі  Маңғыстау  топырағында 

дүниеге    келді.  16  жасында  шаруалар  мектебіне  оқуға  қабылданып,онда  1932  жылға  дейін  5 

сыныпты  бітіреді.  III  Интернационал  атындағы  ұжымшарда  еңбек  жолын  балықшылықтан 

бастаған ол кейін  заман талабына сай өлкедегі халықты сауаттандыру ісіне араласып бар өмірін 



133 

 

ұстаздыққа  арнау  мақсатында  Оралдағы,  Атыраудағы  мұғалімдік  институттарын  бітіріп  өмірінің 



ұзақ жылдарын педагогикалық қызметке арнап 1952-1956 жылдары С.М.Киров атындағы мектепте 

оқу ісінің меңгерушісі ,Т.Г.Шевченко атындағы жеті жылдық мектепте 1958 жылға дейін директор 

болып  қызмет  атқарады.[1,1]    Ұстаздық  еткен  тұста  өлкеден  шыққан  жас  талантты  жастарды 

Оралдағы  Шайқы Еркеғұловқа ертіп апарып  білім алуына жағдай жасап көңіл бөліп отырған. Бұл 

өлкеміздегі  педагог  мамандардың  қатарының  көбеюіне  жасаған  жақсы  істерінің  басы  болатын. 

Есбол  Өмірбаев  тек  ұстаздық  етіп  қана қоймай  өзі  туып  өскен    киелі  өлке    Маңғыстауды    оның 

тарихы  туралы  жазуды,  зерттеуді,  насихаттауды  әсте  есінен  шығарған  емес.  Есбол  Өмірбаев 

өмірінің көп бөлігін  тағдырдың жазуымен біздің жерімізде он жылын өткізген украин халқының 

ақыны    Т.Г.Шевченконың  өмірі  мен  шығармашылығына  қатысты  материалдарды  жинақтауға 

арнады.Ол  өлкетанушы  ретінде    1966жылы  Т.Г.Шевченко    жүріп  өткен  маршрутты  көрсетсе   

А.Костенкомен  бірге  жазған  «Гүлденді    дала»  еңбегі  Т.Г.Шевченконың    шығармашылығына 

арналып  жазылған  болатын.  Есбол  Өмірбаев  1962  –  82  жылдары    Т.Г.  Шевченко  мұражайының 

директоры  болып  қызмет  еткен  тұста  жәдігерлердің  толығып,  мазмұнды, бай  болуына  еңбек 

сіңірген. Осы тұста түбегімізге келген Д.А. Қонаев бастаған  топ қонақтарына Есбол Өмірбаевтың 

өзі    мұражайды  аралатып  жүріп    әрбір  экспонатты    үлкен  қызығушылықпен  түсіндіріп  өткенін 

айта кеткім келеді.  

1982  –  88  жылдары    Форт-Шевченкода  Маңғыстау  этнографиялық  музейінің  директоры 

болды.Осы  жылдар  аралығы  Есбол  Өмірбаев  өмірінің  ең  бір  жемісті  тұсы  болды.Осы  жылдар 

аралығында    Есбол  Өмірбаевтың  газет-журналдарда    өлкеміздің  жер-су  атауларының  тарихы, 

тарихи  мәдени  ескерткіштері,  Маңғыстаудағы  жартас  суреттері,  ондағы  таңбалар  жөнінде, 

өлкемізде  болып  өткен  “Иса-Досан”  көтерілісі  турлы  құнды  мәліметтер  келтірілген  көптеген»,  

мақала,  зерттеу  еңбектері  жарияланды.  Есбол  Өмірбаев  өмірінің  үлкен  бір  бөлігін    Маңғыстау 

азаматтарының көптеген легі  тәрбие алған, қоғамдық  –әлеуметтік жұмыстарда шыңдалып, түлеп 

ұшқан    өлкемізге  танымал  адамдар  мен  жанұялардың    тарихи  тағдырлары    жайындағы 

өмірбаяндарды  шығарумен  айналысуы  оның  туған  өлкесіне  деген  шексіз  махаббатының  белгісі 

еді. Ол өлкемізге танымал тұлғалар З.Баймырзаев, Қ.Сыздықов және тағы басқа есімдері ұмтылып 

бара  жатқан  адамдардың  тарихымыздың  төрінен  орын  алуына  үлес  қосқанын  үлкен  құрметпен 

айтқым келеді. 

Мен өз мақаламды  әкем  Екпін Қарабалаевтың мұрағаттарын ақтарып отырып тауып алған 

кезінде  шаңырағымызда  болып әкемнің  ағасы туралы газетте мақаласын жариялағанда әкемнің  

қуанып  жүрекжарды  өлеңін  осы  Есбол  Өмірбаев  атамызға      арнап    жазған    өлеңімен  аяқтағым 

келеді. 


 

Есболға  

Есеке сізге рахмет! 

Есіңе алып ініңді 

Танытыпсың халыққа. 

Ерінбей іздеп еңбекпен 

Көмулі жатқан көмбені 

Шығарыпсың жарыққа. 

Еленбей қалған ерлер көп  

Көне көз мына тарихта 

Жасаңдау болып кезінде  

Ілінбей қалдық парыққа 

Тағы да  айтам рахмет 

Ұзақ өмір көп жасап 

Қыран құстай қалықта. 

Замандас інің Бекқали 

Менімен бірге туғанмен 

Сізбен қатар құрбы еді 

Өзіне біткен дарынмен 

Өзгелерден нұрлы еді. 

Жігітте болсын дейтұғын 

Сегіз сырлы қырлы еді 

Артында мұра қалды деп 

Сезетін еді жүрегім 

Талаптанып іздеуге 

Тәуекел етпей жүр едім 

Тауыпсың  аға рахмет 

Орындалды тілегім 

Азаматтықтықтың белгісі 

Іздесе жоқты табатын 

Ақылдының белгісі 

Сөйлессе мейір қанатын 

Білгірліктің белгісі 

Шамшырақтай алдыңды  

Жол көрсетіп жанатын 

Қыран құстың белгісі 

Қанатын көкке қағатын 

Арғымақтың белгісі 

Айшылық алыс жерлерді  



134 

 

Ауырсынбай шабатын 



Білімдінің белгісі 

Елі менен  ерінің  

Өткенін еске алатын 

Шын жақсының белгісі 

Естігенін жасырмай 

Көпшілікке салатын 

Көреалмайтын көп жаман 

Күңкілдеп сырттан  айтқанмен 

Қайдан білсін ісіңнің 

Мән-мағына санатын 

Рахмет тағы да  

Өткенін айтып келесін 

Өзіңнің өскен өлкенің 

Болашақпен,бүгіннен 

Орның бар үлкен алатын! 

 

Шынында    да  Маңғыстаудың  кәрі  шаңырағы  Форт-Шевченкода  туған  жерін    зор 



махаббатпен сүйе білген халқының қадірлі ұлы болып өткен ,жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлағатты 

ұстаз бола білген өлкетанушы,тарихшы,артына өшпейтін із қалдырған ұстазымыз Есбол Өмірбаев 

ағамыз    бүгінде  де  ,болашақта  да    тарихымыздың  төрінен  орын  алар  тұлға  екенін  баршамыз  

мойындаймыз. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.  Маңғыстау энциклопедиясы Алматы, 1997 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет