Ислам әлемінде VIII-XV ғасырлар аралығында дүниеге келген ғылыми жаңалықтары мен әдеби туындылары әлем мәдениеті мен өркениетінің даму барысына жаңаша қарқын мен бағыт берді. Соның ішінде түркінің ұлы ғалымдары мен ақындарының туындылары Ислам өркениетіне мол үлес қосты. Қазіргі түріктектес Түркия, Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Кипр мемлекеттерімен бірге автономиялық Татарстан, Алтай, Саха тағы басқа түркілер ислам дамуына қосқан үлестері, олардың адамзат тарихына жасаған ортақ еңбектері саналады. - Ислам әлемінде VIII-XV ғасырлар аралығында дүниеге келген ғылыми жаңалықтары мен әдеби туындылары әлем мәдениеті мен өркениетінің даму барысына жаңаша қарқын мен бағыт берді. Соның ішінде түркінің ұлы ғалымдары мен ақындарының туындылары Ислам өркениетіне мол үлес қосты. Қазіргі түріктектес Түркия, Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Кипр мемлекеттерімен бірге автономиялық Татарстан, Алтай, Саха тағы басқа түркілер ислам дамуына қосқан үлестері, олардың адамзат тарихына жасаған ортақ еңбектері саналады.
Орталық Азияның халықтарының исламдық мәдениеттің қалыптасуына қосқан үлесі - Ислам түсінігінің Орта Азия даласында көшпенді өмір сүрген түркі халықтарының арасында қалыптасуында ғылым және сауда-экономикалық орталық ретінде Мауараннахр ерекше маңызы орын алады. Исламның таралуымен бірге мықты бір ғылым мен мәдени қозғалыстардың нәтижесінде Орталық Азия мыңнан астам ғұламалар шығарған даңғаза ғылым ордасына айналды. Юсуф Хаж Хажиб Баласағұни (470/1077), Ахмет Ясауи (562/1166), әл-Фараби, (339/950), Сығанақи (711/1311) секілді үлкен ғұламалар мен Қарнақ, Яссы, Тараз, Ақмола медреселері мұсылмандықтың бізге қалдырған тамаша мұралары. Караханидтер және Ғазнауидтер билігі кезеңінде түркілер ислам ғылымы мен білімі, ислам мәдениетінің қалыптасуына ерекше үлес қосты
Ортағасырлық Иран (Сасанид) империясы Ислам дінін қалай қабылдады - VII ғ. Ислам діні араб түбегінде қалыптасып, енді өсіп келе жатқан шағында, солтүстігінде көрші тұрған Византия мен Сасанид империялары дүркіреп тұрған кезі болатын. Жаңадан қалыптасқан, жас мұсылман елі Мұхаммед (с.а.с.) Пайғамбардың әкелген дінін өзгелерге жеткізу мақсатында өзінен әлдеқайда қуатты елдерге жорық жасаудан тартынбады. Бұл мақалады мұсылмандардың дінді жаюға әсер еткен негізгі қозғаушы факторларына және аймаққа исламның орнығу себептеріне тоқталдық. Көптеген халықтардың, оның ішінде түркі халықтарының да төл сеніміне, мәдениетіне айналған Ислам дінінің түр-сипаты мен оның таралу үрдісіне байланысты түрлі ой-тұжырымдардың айтылуына байланысты, осы мәселені жан-жақты қарастырып, салыстырмалы талдау жасап, дұрыс қорытынды шығаруға тырыстық. Қазіргі Иран мен Ирактың аумақтарын алып жатқан парсылық Сасанид империясының (224-651 жж.) халифалықтың құрамына өтуі Орта Азиялық түркі халықтарына да жол ашты.
Назарларынызға Рақмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |