Түркі өркениеті және Ұлы Жібек жолы

бет4/8
Дата17.10.2023
өлшемі83,28 Kb.
#116749
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Түркі өркениеті және Ұлы Жібек жолы,СРО Тарих С.АЙДОС И-301

2.1.Ұлы Жібек жолы мәдениеті дәстүрін жалғастырып, Қазақстан терри-ториясында ғасырлар бойы әр түрлі этностар, діндер, мәдениеттер бейбіт, келісімді өмір сүріп келгені, Қазақстанның діндер тоғысатын қасиетті нүктеге айналғаны тіпті де кездейсоқтық емес. Геосаяси жағынан алғанда, еуразиялық кеңістік, Шығыс пен Батыстың арасы түркілік, мұсылмандық және славяндық, еуропалық мәдениеттердің тоғысқан жері.

  • Қазақстандағы діни төзімділік пен сұхбаттың ежелден келе жатқан дәстүрі бар. Осы сипатта VI-IX ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы түркі халықтарындағы діни еркіндік пен тоғысудың маңыздылығын атап өткен жөн. Тарихи жадыға тиесілі адамзат тарихының өң бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихының басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да, ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орынының үлкендігі соншалықты, діндердің негізін түсінбей жатып, сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымды қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады. Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйеқұрастырушы факторы деп анықтауға болады. Бұрынғы кезеңдерде әлем халықтары қазіргідей емес бір-бірінен көп алыс, томаға тұйық өмір сүрді десе де болады. Сондықтан олардың ұстанатын діндері де өзіндік сипатқа ие болды. Тұңғыш болып өзі туған ортасынан шығып, басқа елдерде қоныс тапқан буддизм еді. Одан кейін христиан діні де кең тарай бастады. Үшінші дүниежүзілік дін – ислам өзі дүниеге келген жерде тұрақтанып қалғанымен де, басқа елдердің рухани аясына еніп те үлгерді. Мәдениет өзінің көптүрлілігімен және мүмкіншілік молшылығымен құнды. 

  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет