Түркі өркениеті және Ұлы Жібек жолы



бет1/8
Дата17.10.2023
өлшемі83,28 Kb.
#116749
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Түркі өркениеті және Ұлы Жібек жолы,СРО Тарих С.АЙДОС И-301

Түркі өркениеті және Ұлы Жібек жолы


Сәлімов Айдос И-301

Жоспар: 1.Түркі өркениетінің бейнесі,маңызы. 2.Ұлы Жібек жолында діндердін таралуы. 3.Түркіислам синтезінің қалыптасуындағы Қожа Ахмет Яссауидің рөлі. 4.Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы трассалары. 5.Әл-Фараби,Махмуд Қашқари,Юсуф Балаусағұни,Ахмед Яссауи шығармаларының әлемдік маңызы. 6.Қорытынды

Мақсаты:Түркі өркениетінің және Ұлы Жібек жолы тақырыбын терең тарихи деңгейде білім негізін қалыптастыру.


Сөз тіркестері:Ұлы Жібек жолы,Түркі өркениеті,Түркілер,Ахмет Яссауи,т.б.

1.1.Түріктер өздері тудырған жазба ескерткіштері арқылы (Орхон-Енисей немесе Өтүкен түркі ескерткіштері) өздерінің шыққан тегінің тарихын құжаттандырған түркілер («түрк бұдын») барлық түркі текті халықтардың (оғыз, қыпшақ, қырғыз, ұйғыр т.б.) одағын құруға үлкен мән-маңыз берген. Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасыр қытай деректерінде және одан кейінгі деректерде «ту-у», «тукю», «тукюе», «түркіт», «төрүк», «түрүк» және нақты атауымен «түркі» деп аталған түркі халықтары Еуразияның, әсіресе, соңғы 1500 жылдық тарихында архаикалық сипаттағы мемлекеттілікті заманауи мемлекеттілік деңгейіне дейін дамытқан, әрі өз тағдырын ежелгі дүниенің бүкіл халықтарының тағдырымен бірге байланыстырған халық болған. «Түркі» этнонимінің этимологиясы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылса да, XIX-ғасырдың танымал мажар түрктанушысы Арминий Вамбери мен профессор Фарук Сумер оның «төремек» (сөздің түбірі - «төрә»; «төрү», яғни туындау, пайда болу) етістігінен пайда болғанын шындыққа жақындау жорамал деп санаған. IX ғасырдың ұлы түркі ойшылы, энциклопедист тіл маманы Махмұд Қашқари «Диуан-и лұғат-ит түрк» атты классикалық еңбегінде «түркі» атауын түркілерге Тәңірдің бергенін айта келе, аталмыш сөзді «жастық, жетілушілік, құдірет пен күш-қуат» деген мағыналармен байланыстырған. Х ғасырдағы ұйғыр мәтіндерінде де «түрк» сөзінің «күш, қуат» деген мағына бергені бұл пікірді күшейте түседі.

  • 1.1.Түріктер өздері тудырған жазба ескерткіштері арқылы (Орхон-Енисей немесе Өтүкен түркі ескерткіштері) өздерінің шыққан тегінің тарихын құжаттандырған түркілер («түрк бұдын») барлық түркі текті халықтардың (оғыз, қыпшақ, қырғыз, ұйғыр т.б.) одағын құруға үлкен мән-маңыз берген. Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасыр қытай деректерінде және одан кейінгі деректерде «ту-у», «тукю», «тукюе», «түркіт», «төрүк», «түрүк» және нақты атауымен «түркі» деп аталған түркі халықтары Еуразияның, әсіресе, соңғы 1500 жылдық тарихында архаикалық сипаттағы мемлекеттілікті заманауи мемлекеттілік деңгейіне дейін дамытқан, әрі өз тағдырын ежелгі дүниенің бүкіл халықтарының тағдырымен бірге байланыстырған халық болған. «Түркі» этнонимінің этимологиясы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылса да, XIX-ғасырдың танымал мажар түрктанушысы Арминий Вамбери мен профессор Фарук Сумер оның «төремек» (сөздің түбірі - «төрә»; «төрү», яғни туындау, пайда болу) етістігінен пайда болғанын шындыққа жақындау жорамал деп санаған. IX ғасырдың ұлы түркі ойшылы, энциклопедист тіл маманы Махмұд Қашқари «Диуан-и лұғат-ит түрк» атты классикалық еңбегінде «түркі» атауын түркілерге Тәңірдің бергенін айта келе, аталмыш сөзді «жастық, жетілушілік, құдірет пен күш-қуат» деген мағыналармен байланыстырған. Х ғасырдағы ұйғыр мәтіндерінде де «түрк» сөзінің «күш, қуат» деген мағына бергені бұл пікірді күшейте түседі.
  • Түркі өркениеті тарихта жеке-жеке емес, бір жүйе, бір процесс түрінде пайда болған. Ол әртүрлі өркениеттердің Еуразия бойынша ұрпақ өзгерістерінің генераторы (қуат көзі) қызметінде осы өзгерістерден нәр алған, жаңадан пайда болған өркениеттерге тың серпін берген. Осы орайда, түркі өркениеті тек өзін ғана тудырған бір жүйе емес, сонымен қатар әлем өркениетін құраушы басты детерминаттардың (айқындауыштардың) бірі екенін айтып өту керек. Түркі өркениетін жоққа шығарушылардың пікірінше, түркілердің тек мәдениеті ғана қалыптасқан, ал өркениет тудыру деңгейіне жете алмаған. Бұл толықтай жаңсақ көзқарас. Себебі мәдениет ішінде мәдениеттердің болу фактісін растау, жалпы алғанда, мүмкін емес. Белгілі бір өркениет жүйесінің өз ішінде оның даму сатылары секілді жеке-жеке мәдениеттер қалыптасады. Түркі өркениеті де тарихи даму заңдылығына сәйкес бір-бірімен генетикалық байланысы бар әртүрлі мәдениеттер тудырған. Бұл ұлттық мәдениеттер (түрк, әзербайжан, қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, ұйғыр, башқұрт,татар және т.б.) ғасырлар бойы өзіне тән ерекшеліктер алуына қарамастан, ұқсас сипаттарын да жоғалтпаған. Сонымен қатар, олар түркі өркениетінің ішінде әмбебап құндылықтарға ие мәдениеттер секілді тармақтала түскен.


  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет