Түркі өркениеті және Ұлы Жібек жолы



бет3/8
Дата17.10.2023
өлшемі83,28 Kb.
#116749
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Түркі өркениеті және Ұлы Жібек жолы,СРО Тарих С.АЙДОС И-301

1.2.Тарихи фактілер бойынша, түркі әулеттік бірлестіктерінде «түркі» тектілік, ақсүйектікті білдірген сөз ретінде де қолданылған, түркі аристократиясының жоғары шенді өкілдеріне, әскер қолбасшыларына қатысты болған. Мысалы, еуразиятанушы Лев Гумилевтің түсіндіруі бойынша, «Көктүрк» (немесе Ұлы Түрк) қағанатының (552-745) құрушы қолбасшыларының бірінің «Қара Чурин Түрк» деп аталуы кездейсоқ емес. Орхон-Енисей ескерткіштерінде бұл семантика ерекше назар аудартады. «Түркі» сөзінің басқа тілдерден енбегендігі, сондай-ақ басқа тілдерде ешқандай мағына білдірмейтіндігі де анық мәлім. Түркілер бұл атауды өздеріне өздері берген. Кейін әлем де мұны қабылдаған. VI-VIII ғасырлардан бастап, «түркі» сөзі этникалық, культурологиялық және саяси мағынада түркілердің өздерінің және басқа халықтардың деректерінеь(көбіне қытай, араб, кейіннен Иран, Византия, Рим, Сирия, Тибет, санскрит және т.б.) мықтап, өшпестей қашалып жазылған. «Түркі» этнонимі жалпы түркі этноқұрамдалудың барлық тарихи сатыларында осы процестің жетекші өркениеті, әрі мәдени, саяси дамуының алға итермелеуші күші ретінде қызмет атқарған. «Түркі» этнонимінің бұдан да негізді түрде зерттелуіне сеп Әлемдегі барлық мәдениеттер мен өркениеттердің өзара қарым-қатынасы үдерісінде «түркі өркениеті» ұғымының өзінде жинақтаған ерекшеліктері төмендегідей: Мәдениет мәселесінде табиғаттың архетиптік сипат алуы: табиғат түркілер үшін барлық жерде отан болып саналған. Тілдің даму үдерісінде оның өз лингвистикалық «өзегін» және даму заңдылықтарын қорғап қалуы: өзара өркениет қарым-қатынастарында түркі тіліне қаншалықты кірме сөздер енсе де, олардың мөлшерінің артуы оның құрылымдық ерекшелігін бұзбай, керісінше, тілдің сапалық көрсеткішіне айналып отырған. Мифтік дүниетанымы түркі өркениетінің қалыптасу үдерісінде оның «поэтикалық архитектурасын» тудырады. Түркі эпос мәдениетінің архетиптері көркемдік-эстетикалық дамуының кейінгі сатыларында да жаңаша мазмұндау формаларында көрініп отырады.боларлық, бірақ әлі де жеткілікті деңгейде қарастырылмаған сенімді дереккөздер де баршылық

  • Әлемдегі барлық мәдениеттер мен өркениеттердің өзара қарым-қатынасы үдерісінде «түркі өркениеті» ұғымының өзінде жинақтаған ерекшеліктері төмендегідей: Мәдениет мәселесінде табиғаттың архетиптік сипат алуы: табиғат түркілер үшін барлық жерде отан болып саналған. Тілдің даму үдерісінде оның өз лингвистикалық «өзегін» және даму заңдылықтарын қорғап қалуы: өзара өркениет қарым-қатынастарында түркі тіліне қаншалықты кірме сөздер енсе де, олардың мөлшерінің артуы оның құрылымдық ерекшелігін бұзбай, керісінше, тілдің сапалық көрсеткішіне айналып отырған. Мифтік дүниетанымы түркі өркениетінің қалыптасу үдерісінде оның «поэтикалық архитектурасын» тудырады. Түркі эпос мәдениетінің архетиптері көркемдік-эстетикалық дамуының кейінгі сатыларында да жаңаша мазмұндау формаларында көрініп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет