ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ АДАМИ КАПИТАДЫ ДАМЫТУ БӨЛІМІ
Математика пәнінен жаңартылған оқу мазмұнында эвристикалық әдісті қолданудың артықшылықтары
Әдістемелік – көмекші құрал Түркістан 2023 Пікір білдіруші: «А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейі» КММ -сінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Адилбекова Р.С
Әдістемелік құрал Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту ғылыми-әдістемелік кеңесінде баспаға ұсынылған, №__ хаттама «__»____ 2023 ж.
Әдістемелік – көмекші құрал Түркістан қаласы әкімдігінің Адами капиталды дамыту бөлімінің ғылыми – әдістемелік кеңесіне баспаға ұсынылған №______хаттама ________ 2023 ж.
«Математика пәнінен жаңартылған оқу мазмұнында эвристикалық әдісті қолданудың артықшылықтары» атты әдістемелік – көмекші құралды құрастырған Тобагабылов А.П.
Оқытудың жаңартылған білім беру мазмұны жүйесіне көшуіне байланысты оқушылардың өз бетінше оқып үйрену бағыттары көбейтілген. Орта мектепте математиканы дамытушы-эвристикалық оқыту, оқушының қызығушылығын арттырып пән бойынша дамымалы және ізденіс арқылы тақырыпты өздігінен меңгеруге көмектеседі.
Осыған байланысты әдістемелік нұсқауда математика сабағында эвристикалық тәсілдерді қолданудың негіздері келтірілген.