Түркістан, Қазақстан



бет1/2
Дата30.11.2022
өлшемі30,8 Kb.
#53794
  1   2
Байланысты:
А.Байтұрсынұлы және “Байтұрсынұлы жазуы” атанған әліпбиі туралы


А.Ж.Әбділ
*aidaabdi02@mail.ru Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 3-курс студенті
(Түркістан, Қазақстан)
Ғылыми жетекшісі: С.Мағжан
*saule.magzhan@ayu.edu.kz Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты
(Түркістан, Қазақстан)


АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ “БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖАЗУЫ” АТАНҒАН ӘЛІПБИ ТУРАЛЫ
Зерттеудің өзектілігі. Қайбір жылдары латын графикасына көшу туралы біраз мәселелер көтеріліп, тіпті жаңа латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі құрастырылып, ұсынылған еді. Бірақ, теориялық тұрғыдан өзектілігі шарықтап тұрған бұл ауқымды жобаға мемлекет тарапынан іс-жүзінде жұмыстар жүргізілмей, ары қарай жалғасын таппады. Қазіргі таңда осы латын графикасына көшу, менің ұсынысымда Ахмет Байтұрсынұлының әліпбиінің құрамын сақтай отырып қазақ жаңа әліпбиін жасау, экономикалық, мәдени, педагогикалық тұрғыдан өте өзекті.
Зерттеудің әдіснамасы. Зерттеуде себеп-салыстырмалы, эксперименттік және көрнекілік әдістер қолданылды.
Зерттеудің жаңалығы. Ғылыми жұмыста Ахмет Байтұрсынұлының әліпбиінде қолданылған, “әлемдік деңгейдегі жаңалық” деп бағалауға әбден болатын дәйекше қолданыла отырып, төте жазу негізіндегі латын әліпбиі ұсынылды.
А.Байтұрсынұлы сөздің бірыңғай жуан, немесе бірыңғай жіңішке болуын басқа тілдік құбылыстарға қарағанда маңыздырақ деп жазады. Және жуан-жіңішкелік дауысты дыбыстар арқылы анықталатынын көрсетті. Осылайша ол 43 дыбысты мейілінше аз әріпке сыйдыруды қарастырды. “Дауысты дыбыстар сөздің жаны есебінде, дауыссыз дыбыстар һәм жарты дауысты дыбыстар сөздің тәні есебінде. Тәнді жан қандай билесе, дауысты дыбыстар басқа дыбыстарды сондай билейді; яғни дауысты дыбыстар жуан айтылса, дауыссыз я жарты дауысты дыбыстар да солай айтылады. Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, басқа дыбыстар да жіңішке айтылады. Бұлай болғанда дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке айтылмағын белгілеп айырсақ, басқа дыбыстардың да жуан-жіңішке айтылатындығы да айрылғаны. Дауысты дыбыстар а, о, ұ, ы осы тұрған күйінде жуан айтылады, мысалы: аз, оз, ұр, сары. Бұлардың жіңішке айтылатын орнын айыратын белгі аламыз: бұл - дәйекші. Бұл белгі сөздің алдында дәйекшіге тұрып, ол сөздің жіңішке оқылмағын хабарландырады, яғни бұл белгі тұрған соң, сөздің ішіндегі дауысты дыбыстарды жіңішке айтамыз. Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, олардың қатарындағы басқа дауыссыз я жарты дауысты дыбыстар да жіңішке айтылады, мысалы: арман-әрмен, тор-төр, тұр-түр, жоны-жөні. Жіңішкелік үшін жалғыз ғана белгі алып, 43 түрлі дыбысты 25 белгімен дұрыстап жазуға болады”. [1]

Осы орайда, жаңа графиканы Байтұрсынұлы әліпбиінің құрамын сақтай отырып жасау: оның ішінде А.Байтұрсынұлы “жіңішкелік белгісі” ретінде көрсеткен дәйекшенің латын графикасында қолданылу мүмкіндігі, маңыздылығы өте жоғары.. Нақтырақ айтсақ, дәйекшені “жіңішкелік белгісі” ретінде алғанда, а-ә әріптерінің емлесіндегі қиындықтан құтыламыз. Мысалы: күнәға, күмәнданғандықтан, күмәнді, ләззат, ләззаттанған тәрізді аралас буынды сөздердің ең алдына дәйекше қою арқылы бірыңғай жіңішке жазып, бірыңғай жіңішке оқитын боламыз:’күнәға [күнәғә], ’kumandangandiktan [күмәндәңғәндіктән](компьютерлік жүйеде дәйекше белгісі болмағандықтан, апостроф белгісімен көрсетілді). Әрине, соңғы 5-6 буындағы қосымшалар жартылай жуан айтылады. Дегенмен,академиктер жіңішке әріптерді белгілеудің түрлі бағыттарын ұсынған. Оларға тоқталып өтсек:


Бірінші бағыт: Латын әліпбиінің құрамынан шықпау, 26 әріптің мүмкіндігін пайдалану, бұл экономикалық шығынды азайтып, халықаралық коммуникацияны жеделдетеді деп ұсынады. (1-кесте. Постерде латын әліпбиінің, 26 әрпінің құрамы көрсетілді)
Екінші бағыт: Қазақ тілі дыбыстар жүйесін латын әліпбиінің таңбаларымен ғана беруді жақтайтын бағыт, сонымен, қазақ тіліне тән фонемалар үшін дыбыстық мәні жоқ, сирек қолданылатын бір ағылшын әрпін маркер ретінде алып, белгілеуді ұсынады. Мысалы, ң, ш, ч, ғ дыбыстарын һ таңбасын қосақтап таңбалау : nһ – <ң>, sһ <ш>, tsh (ч), gһ (ғ) [2] болмаса j – әрпін маркер етіп алу : jа <ә>, jо <ө>, jс <ш>, jg <ғ>, [3] Тіпті жуан дауысқа бір белгі (j), жіңішке дауысқа бір белгі (i) жазуды ұсынған жобалар да бар, мысалы kior (көр), kjol (қол) [4]
Авторлардың ойынша, ағылшын-латын стандартынан шығу қазіргі әліпбиімізде қала берумен бірдей.
Сөйтіп, мұндай пікір айналасындағылар ағылшынның 24 әрпінің үстіне 10-11-ге дейін қосар әріп алуды ұсынады. Сонда, мысалы, әдемі сөзін жазу үшін 7 таңба тереміз: jademjy, әнім деген сөзді жазу үшін төрт тетіктің орнына алты тетік басылады: aeniem. Сөздің жіңішке үндесімін екі рет көрсетеміз. Жазу үнемділігін сақтамаймыз, көзбен қармап оқуды қиындатамыз.
Келесі топ қазақ тіліне тән дыбыстар үшін диакритикалақ таңбаларды ұсынады. Дауысты фонемаларға әріптердің үстіне, дауыссыз фонемаларға жол астына салуды ұсынады. Мысалы, ă (ә), ŏ (ө) [5] Тағы осындай ұсыныс: а’ (ә), о’ (ө), [6]
Қазақ тілінің үндесім құбылысы диакритикалы әріптерді қолдану қиындығынан “алып шығатын” тәрізді. Сондықтан бір топ мақала авторлары қазақ тілі дауыстылары үшін дәйекше алуды жөн көреді.
Инициал позициаға қойылатын дәйекше сөздің бүтін жіңішке екенін білдіреді (’jihaz – жійхәз, ’Ahmed – Әхмед, ’kinalamay – кінәләмәу)[7]
(2-кесте. Постерде әріп тіркесі, диакритикалық таңба және дәйекше арқылы жазылған сөздердің жазу үнемділігін салыстыру көрсетілді)
Қазіргі құрастырылған жаңа әліпбиде қарап отырсақ, жоғарыда айтылған ұсыныстардың кейбірі қолданылған, дәйекше арқылы жазу қалыс қалды. (3-кесте. Жаңа әліпби постерде көрсетілді)
Біздің ойымызша, компьютер мүмкіндігі дәйекше қолдануға жетсе, онда жаңа қазақ әліпбиі А.Байтұрсынұлының дәйекше арқылы жазу дәстүрін қайта жаңғырту керек. Дәйекшені қолдану тек АБайтұрсынұлының әліпбиінде емес, Х.Досмұхамедұлының (1925), Қ.Жұбановтың (1934), Н.Төреқұловтың (1925), Ж.Аймауытовтың, Ә.Жүнісбектің (2002) әліпбилерінде ұсынылды.
(4-кесте.Дәйекше қолданылған жаңа әліпбиінде 27 әріп бар және ол постерде көрсетілді)
Айта кететін жәйт, А.Байтұрсынұлының төте жазуына бүкіл әлемде ең соңғы мұрагер болып отырған Қытайда тұратын қазақтар қазіргі қазақ тілінің ерекшеліктерін ескеріп, біраз өзгертулер: соның ішінде осы жуан жіңішкелікке байланысты талассыз ерекшелік қабылдады. Ол мынау:
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыс үшін 5 әріп қабылдап, жіңішке дауыстыларын дәйекше арқылы парықтау. Сөз басындағы дәйекше былайғы барлық буынды жіңішкерте алады, тек жіңішке буындарда келетін ك , گ әріптері бар сөздерге дәйекшені қажетсіз деп тану қабылданған.
Сөйтіп, “Тем более что с точки зрения теории письма латинский алфавит, в том виде, в каком он применяется в странах запада, не имеет никаких преимуществ по сравнению, скажем с арабским, греческим или русским алфавитами” деген И.Е.Гельбтің сөзіне сәйкес латын графикасын тілдің дыбыстық құрамына қарай бейімдеп алуға болады деп ойлаймыз.
Байтұрсынұлы кезінде латын графикасына көшуге неге қарсы шықты? Батыс елдерінде қолданыста бар латын графикасы құрамы бойынша 25-30 пайызға түркі тілдерінің естілу қажеттілігін қанағаттандырмайды, ал бұл тілді естілуге икемдеу үшін реформа қажет деген уәж айтты. Ал бұл қосымша уақыт пен қаражатты қажет ететін еді. Өйткені қосымша әріптер енгізілсе қолданыста бар баспа құралдары мүлде жарамсыз болып қаламақ. Ал қазір тәуелсіз елде жағдай мүлдем басқа, жаңа әліпби жасауға толық мүмкіндік бар.

Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиін негізге ала отырып латын графикасын жасап, оған көшу қай тұрғыдан не беретініне тоқталып өтейік::


Экономикалық тұрғыдан: Қарқындап өскен ең алдыңғы қатарлы мемлекеттермен бәсекелес бола алу үшін әлем бойынша кеңінен қолданылып, дүниежүзілік графикаға көшу арқылы көштен қалмау;
Саяси тұрғыдан: 70 жылдан астам үстемдік құрған таптық жүйенің құрсауынан қазақ жазуын құтқару, сол кездері бодан болған елдің өшіріліп кеткен ұлттық санасын ояту;
Психологиялық тұрғыдан: Кеңестік жүйенің кезіндегі санаға сіңіп кеткен «кирил жазуында шет сөздер өзгертілмеу керек» деген стереотиптен арылу. Мысалы осы тоталитарлық тіл емле ережелерінің кесірінен қазақ тілінің жазылымына кірме дыбыстар кіріп “тілбұзар” әсер беріп жатыр;
Тарихи тұрғыдан: Түркітілді елдермен бауырластық қатынастарымызды жаңалау үшін ортақ графика жүйесін қолдану, өзіміздің де түркітілдес екенімізді көрсету.
Педагогикалық тұрғыдан: мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннің екі тілдің орфографиясын 42 әріптен тұратын әліпби негізінде меңгеріп шығуының қаншалықты ауырлығы ескерілуі қажет деп ойлаймын.[8]
Төте жазу деп аталатын ұлттық жазуымен қоштасып, латын графикасы негізді әліпбиге «әлемдік революция» ұранын көтерген саясаттың салдарынан қазақтың 1929 жылы латын әліпбиіне көшуімен байланысты “Байтұрсынұлы әліпбиіндей” мәдени-рухани мұрасынан қол үзіп қалды. Сөйтіп, қазақ халқы сауатсыз, жазу-сызуы болмаған тек кирилше әліпбимен сауат ашқан деген пікір қоғамдық санада орнығып, стереотипке айналды. Орыс тілінде білім алып жатқан қазіргі мектеп оқушылары, жоғары мектеп студенттері, араб жазуын былай қойғанның өзінде, қазақтар 1929-40 жж. латын әліпбиін қолданған дегенге таңырқай қарайды.
Латын графикасы негізіндегі әліпбиге халықтың енді ғана көзі үйреніп, қолы жаттығып келе жатқанда қазақ жазуы өктемшіл Орталықтың әмірімен кирилшеге көшірілді. Латын графикасы негізіндегі әліпби қазақ қоғамында он жылдай қызмет атқарды.
Ұлтсыздандыру, дінсіздендіру идеологиясының зорлығымен Орталықтың дегенімен, 1940 жылы «бір күн бір түнде» кирилше жазуға көшкені мәлім.
Қазақ жазуы арабтан латынға, латыннан кирилшеге көшкенде де бәріне тоталитарлық тәртіпке негізделген саяси фактор күшті болды.
Біз, латын графикасы негізіндегі бұрынғы әліпбиімізге, кейбір өзгерістермен қайта оралмақпыз. Ол кездегі жағдай мүлде басқа еді. Қазір қазақтардың әліпби таңдауы тәуелсіз Қазақстан жағдайында, өтпелі кезеңнің ауырлықтарынан өтіп, тұрақты даму жолына түскен жағдайда жүзеге асқалы отыр. Бұл нәрсе шын мәнінде лингвистикалық, мәдени- рухани тұрғыдан өте маңызды. Бір кездері, латын графикасы негізіндегі әліпби “кесірінен” “Байтұрсынұлы әліпбиі” атты құндылығымыздан көз жазып қалып едік, енді сол латын графикасындағы әліпби күрделі заман тудырған күрескер перзент-бабамыздың мұрасын жаңалауға “мүмкіндік берді”.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет