Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы П. Тәжібаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Орындаған: Құрымбай Ерлан


Нұрғали Ораздың шығармаларының идеясы мен характері



бет5/6
Дата28.10.2022
өлшемі41,78 Kb.
#45976
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Нұрғали Ораз 2

Нұрғали Ораздың шығармаларының идеясы мен характері
Ертегі – өмір емес... – деген авторлық көзқарас шығарманың түйінді айтар сөзі. Жазушының кейіпкерлер әлемін танытудағы өзіндік ерекшелігі, шебелігі осында.
Жазушы шығармаларының кейіпкерлері ауыл адамдары. «Аяқталмаған ертегідегі» Раушан мен «Даладан қалаға келгендер» хикаятындағы Жанаттың тұрмыс-тіршілігі ұқсас. Екеуі де күнкөріс қамымен қалада сауда-саттық жасап жүргендер. Екеуі де жақсы өмірді, бақытты ғұмырды аңсайды. Алайда, тағдырлары әр-түрлі бола тұра, жылт еткен жарық сәуледен үміт күтеді. Тіршілік үшін күреседі.
«Даладан қалаға келгендер» хикаятының басты кейіпкері Жанат ауылдың қызы. Ол әке-шешесінің азын-аулақ малының етін базарға әкеп сатып жүреді. Өзі сияқты ет сататын әйелдермен танысады. Автор Жанатты жетекші образ алған, оның қасындағы Балағыз, Дәмегүл де Жанат арқылы ашылып отырады.
Ет сатып жүріп милиционердің қууына тап болған ол өзінің танысы Манатқа кездеседі. Манат та – милиционер. Жерлес ретінде «қамқорлық» жасаған Манатқа Жанат шын пейілімен сенеді. Өзінің «...кедейлік деген жаман екен ғой» деп, Манатқа мұң шағуы, оның адал, адамдарға сеніммен қарайтын пәк мінезін танытады. Оның мақсаты – ет сатып баю емес – ел қатарлы күн көру.
Солай аңқау сенгіш, бола тұра, өмірінің бақытты болуын аңсайды. Манат тастап кетсе де, одан үміт күтеді. Қала өміріне де үйрене бастайды. Бұрындары күнде ауылына барып кеп тұрса, енді аптасына баруды әдетке айналдырды. Етті жол жиегінде сатпайды. Жалдап алған дүңгіршегі бар. Сонда тұрып көкөністер сатады. Әрбір келушіге жылы сөйлеп қызмет етеді. Кішіпейілділік табиғатынан бар мінез екені айқын.
«Өте мәдениетті адам» санайтын танысының келмегеніне үнсіз өкінеді. Бүгін болмаса, ертең келеріне сенді. Күтудің өзі бақыт деп түсінді.
Хикая кейіпкері Балағыздың: «Күйеу таңдайтын заман ба қазір. Күй таңдайтын заман емес қой. Жасына емес, басына, қалтасына қара. Күтімі жоқ демесең, ажар-көріктен кенде емес қой мына қыз. Ханзадаға лайық қой, лайық...» деуі арқылы Жанат портреті жасалады.
...Сықыр-сықыр, сықыр-сықыр... Ақ пима ән салады. Ақ пиманың иесі ашулы ақпанның аязына шыдай алмай, ары-бері жүгіреді... [4]
Хикаяның осылай басталуының өзі Жанаттың ішкі және сыртқы бітім-болмысын көрсетіп тұр. Шығарма кейіпкерлері Жанат, Балағыз, Дәмегүл бейнелері үш таған тәріздес, олар оқырман назарында.
Түн. Үлкен қаланың шет жанындағы тозығы жеткен ескі үйде үш мұңлық ұйықтап жатыр... Үш мұңлық деп, үшеуінің тағдырлас өмірін осылай суреттеу арқылы автор «даладан қалаға келгендердің» жолы бола бермейтіндігін жеткізеді.
Шығармадағы ақ пима – қыс бейнесі. Аппақ қар үстіндегі жатқан қызыл жүрек – деталь. Жазушы ақ қар, қызыл жүректі деталь ретінде алған. Осы арқылы Жанат бейнесін ашып отыр. Жанат тағдыры аппақ қар үстінде жатқан қызыл жүрек сияқты дәрменсіз, қорғансыз.
Екі шығармадағы Раушан мен Жанат бейнелері – типтік образ. Дәл осындай тіршілік кешіп жатқандардың бары рас. Бұған бүгінгі адамдар куә.
«Біз, ол, «Мерседес» және махаббат» әңгімесіндегі кейіпкер Бибіажардың қаладан ауылға келуі ауыл үшін үлкен жаңалық. Студент, бірақ неге келгенін жазушы құпия ұстайды. Үлбіреген қыздың жүріс-тұрысы, сыңғырлаған күлкісі, ашық мінезі ауыл балаларын тез баурап алады. Әншейінде құдық басында мал суғарып жүріп суға таласасып , бір-біріне қатты тіл қатысып жататын балалар ол қылықтарын мүлдем тоқтатқан. Бәрі Бибіажарды көруге, оған су тартып көмектесуге дайын. Тіпті, автордың айтуынша, «мал екеш мал да таңдана қарайды».
Бибіажар ән салады, гитара тартады. Жазушы Бибіажарға қарап бой түзеп, тіпті оған ұнауға тырысатын жігіттердің бар екенін де ұмыт қалдырмайды.
Ол ән саған кештерде біздің ауылдың жұмыстан қайтқан жігіттері де жиналып қалатын. Көбісі май сасыған киімдерін үйлеріне тастап, шыттай боп киініп шығады. Әсіресе, анау механик жігіт Әбен үстіне бүрқыратып әтір сеуіп, шашын жылмита тарап, Бибіажардың көзіне түсуге тырысып-ақ жүр. [5]
Бибіажар образы – мәдениеттіліктің үлгісі. Оны әр жігіттің өзінше әрекетімен мәдениетті көрінгісі келетінінен байқамыз.
― Қарындас, сіз әнді өте жақсы саласыз (143бет),- деп қызға ұнуға тырысқан Әбен ауыл жігіттерінің жиынтық бейнесі.
Жазушы Бибіажар арқылы тазалықты, шынайылықты, адалдықты көрсетеді. Теңдесі жоқ сұлу, ең аппақ қыз.
Ән салудың өзі өнер екенін мойындаған ауыл жастары өз сөздері арқылы мәдениетті болып көрінуге тырысады.
― Ал, меніңше, әр адамның өзіне тән мәдениеті болады. Ол – әркімнің жан дүниесіндегі бүкпесіз шындығы. Жалпы адамзатқа бірдей, бір ғана түске боялған, біркелкібір деңгейдегі мәдениет болады деп ойлау, қате!
- Сонда қалай, осы отырғандардың бәрі де мәдениетті ме?- деді Әбен, өңшең бір мәдениетсіз адамдардың ортасына түсіп қалғандай, бізге менсінбей қарап.
- Меніңше, мәдениетті деп тек шындықты сүйетін адамдарды айтуға болады. Жұрттың көзінше мәдениетті болып көрінуге тырысу да мәдениетсіздіктің бір түрі.
- Әй, қу қыз, топырлаған жын шайтаныңды тарат та, тез үйге қайт. О, несі-әй түгі...
- Әне, дүниедегі ең мәдениетті адам – менің әжем. Өйткені ол өзінің шын ойын ешқашан жасырмайды. Ал мен кеттім!
Әркім Бибіажардың жүрегін әнмен жаулап ала алмағанына, композитор болып туылмағанына, тым құрымаса Сағира әжесі секілді оған өктем сөйлей алмағанына өкінеді. Бибіажарда ауыл қыздарына ұқсамайтын мінез бар. Ол – еркіндік. Ойын ашық айтады. Өзін бағалай біледі. Автор шығармада Бибіажардан басқа бірде-бір қызды атамайды.Бір ғана қыз – Бибіажар. Ол – ауыл жігіттерінің арманы, қол жетпес қиялы. Жазушы шығарма басында өзгеше етіп таныстырады.
«Біз оны бір көргеннен-ақ, ес-түссіз ғашық болып қалғанымызды сездік... Ол сияқты сұлу, ол сияқты аппақ емес еді» [5]– деп шығарма басында Бибажардың сұлулығын, ондай сымбатты қыздың ауылда жоқ екенін хабардар етеді.»
Таң алдында сүліктей «Мерседеске» мініп өз ұнатқан адамымен ауылдан ұзап бара жатқан Бибіажармен олар қоштаса алмады. Шәуліге тағы да келеді деп сенді.
«Қайыршының жұлдызы» бейнесіндегі қайыршы бейнесі - жаңа образ. Кейіпкер әңгіме кейіпкері жас келіншек өзі куә болған қайыршының өмірін, кім болғанын баяндайды. Театр актеры, «маңдайы жарқыраған, ер тұлғалы, аса сымбатты жігіт» қайырымдылыққа талай тап болды. Жазушы айтқандай «Кейде өнердің – өмірге, өмірдің – өнерге айналып кететін сәттері» бола ма екен?
Қайыршы рөлін ойнау үшін, қайыршының шынайы кейпін жасау керек. Актерға бұл образды алып шығу оңайға соқпайды. Режиссердің айтуымен орталық базарға барып шын қайыршылардың өмірімен танысуы, күнде қайыршы болып келуі – оны шын мәніндегі қайыршыға әкеледі.
Ол ақырында образды өте сәтті ойнап шығады. Пьеса театрдың атағын аспанға шығарды. Бұл актердің уақытша бақыты болды. Театр басшысының басқа қалаға ауысып кетуі, театрдағы табыстың аздығы оның бала-шағасын асырауға жетпейтіндігі оны нағыз қайыршыға айналдырды.
Нәзік жанды, күйгелек актер – нағыз қайыршы болды. Кездейсоқ кездескен кавказдық бай кісінің оған көмегі тиді. Қала шетінде қайыршы боп жүрді. Бұрынғыдай емес, тұрмысы жөнделе бастады. Киімдері бүтінделді, үйлеріне жиhаз, ұлына деп екі бөлмелі пәтер, шет ел машинасын алды. Жан азабынан құтылды. Алайда оның ішкі дүниесіне қоса, сыртқы келбеті де нағыз қайыршыға айналды.
― Сол екі-үш жылда оның жаны мен тәні түгел қайыршыланып кеткен екен. Көзқарасы ... әсіресе, көзқарасы тым аянышты еді. Үлкен-кіші, бала-шаға, кемпір-шал демей, ол айналадағы адамдардың бәрінен қайыр-садақа дәметкендей жаутаңдап қарайтын-ды. Онымен әңгімелесуге, көңіл көтеруге, қонаққа баруға, жәй әшейін бірге отыруға мүмкін болмай қалған-ды. [37.1]
Қайыршы образы – көркем әдебиетке енген жаңа образ. Қайыршы болу – қоғамның дерті. Бірақ ол да біреулер үшін қажет. Оны біреулер қорғайды, табысын бөліседі, өз қажетіне пайдаланады.
― Бұл дүниеде бәрі бір-бірімен сабақтасып жатыр. Қайыршылардан бастап қаhарлы әміршілерге дейін, қара бақырдан бастап мемлекеттің алтын қорына дейін, базардағы жанжалдан бастап континентаралық қақтығыстарға дейін...
Қайыршы тағдыры туралы баяндаған келіншектің қоғам туралы ойы осылай аяқталады.
Жазушы қайыршы образы арқылы адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың түрлі иірімдерінің бірін осылай көрсете білген.
Қайыршы туа бітті емес, өмірде қажеттіліктен туындаған кәсіп, ал мұндай қайыршылардың өмірде көп екені рас. Олардың қайыршы болып тумағаны да ақиқат. Адам санасын оятар осы образ, яғни қайыршы образы – шынайы образ.
«Тазқара» хикаятында жазушы желтоқсан оқиғасының ызғарына іліккен қайсар қыз Ләйланың тағдырын, қасіретті оқиғаның қалай орын алғанын жазып жатпастан, сол қоғамдағы жараның аузын ашып көрсеткісі келеді. Жазушының мақсаты сол. Ол өрімдей қызға ара түсе алмаған биік лауазым иесі Кәрім Меңдіғалиевтің және сол сияқтылардың қауқарсыз бейнесін ашады. [3.2]
Кәрім Меңдіғалиев өз ұлтын сүйген қаршадай қызға көмек қолын созбайды. Ал өзі өсірген ұлында ұлттық намыс та, рух та жоқ. Осыны түсінген Кәрім Меңдіғалиев ар алдында өзінің кешірілмес күнәсін түсінеді. Өз ауылы алдында, балалығы өткен туған ауылының адамдарының кешірмейтінін білді. Жазушы Кәрім Меңдіғалиевтің осы дәрменсіз, өзі үлкен лауазым несі болса да, қауқарсыздық танытқанын былай көрсетеді:
Оның көз алдында өткен күндердің бір көмескі суреті еміс-еміс елестегендей болды.
Иә, сонау ызғарлы желтоқсанда Мәлік пен Тағай алаңда қолға түскен қаршадай қыздың тағдырына араша сұрап бұның қабылдауына келгені бар-ды. Бірақ бұл араша түсе алмаған. Өйткені бұл да ол кезде өз басының амандығын ойлаған. Өйткені Кәрім Меңдіғалиев орынтағынан айырылып қаларын білді.
...Бірақ ...бірақ әлі оң-солын да танып үлгермеген қаршадай қызды, өзімен бірге өскен, баяғыда-а, сонау бір сұр фуражкенің заманында, алды – тұман, арты – соқпақ ұзақ сапарға амалсыз аттанып бара жатқан шақта бақа тастың бауырына тығылып, туған өлкеде қалып қойған Тағайдың перзентін, өзінің кішкентай жерлесін, қаракөз қандасын аман алып қалар еді ғой!.. [3.2]
Туған ауылына келіп бір кездегідей абыройлы емес, абыройсыз қайтуын автор мына сөздер арқылы көрсетеді.
Маңдай терісі тырысып, ызадан жарылардай боп отырған Кәрім Меңдіғалиевтің ақ сұр жүзі шиқандай қызарып:
― Сволочь! – дейді бір ауыз қазақша білмейтін баласын орысша балағаттап. ― Свинья!...
Жазушы Кәрім Меңдіғалиевтің осы сөздері арқылы шешім жасайды.
Кәрім Меңдіғалиев қоғамдағы рухсыздықты, ар-намыстан өз басының мансабын жағары қоятын адам ретінде көрінген.

«Теріс ағаш» әңгімесіндегі Боранбайдың өмірі қызық баяндалған. Мектепте оқып жүріп, 6-кластан бастап мінезі өзгере бастаған Боранбай оқудан гөрі ел аралап кеткенді дұрыс көреді. Елде жоқ бөтен мінез көрсетеді. Жазушының айтуынша «нағыз қаңғыбас». Түрі де өзгеше. Бұйра шаш, бадырақ көз қара бала.
«Жүгәрмектің әкесі де осындай жұрттан өткен қаңғыбас еді. Мен алғаш келін боп түскен жылы екі ай жоғалып кетіп әзер тауып алғанбыз. Бұл да қанына тартайын деген екен! – » деп апасының күйіп-пісуіне қарағанда бұл мінез жаратылысынан бар. Оның өмірі шынайы, әрі күлкілі. Сегізінші класты әрең бітірген жылы Кіші Келес өзенінің жағасына ауыл шетіне цыгандар тобыры келіп қоныстанғанда, Боранбайдың олармен тез тіл табысып кетуі де күтпеген жағдай. Ел енді оны Боранбай емес, Боранбай-барон деп атай бастайды. Цыган қызымен көңіл қосып, «тойымызды сығанша емес қазақша жасаймын» деп жүрген оның өміріне қауіп төнуі, қара басын жарға соғып жүріп Сібірге айдалуы, есейген шағында елге оралып, момақан күйге түсуі қызғылықты.
Бұрын, бала кезінде, қаңғырып, өз өміріне немқұрйлы қарайтын Боранбай өмірінде өзгеріс бар. Қарапайым ауыл қазағы. Өзгеше мінез, басқаша көзқарас бар. Ағаш өсіруге ықылас пейілі ерекше. Сібірде жүріп ағаш өсірудің керектігін ұғынғандай. Ауласына жайқалтып бау-бақша отырғызған. Оның жемісі де пайдасын тигізді. Апасы алмаларын сатып жағдайларын түзей бастайды. Бір кездері «жалғыз ұлым қаңғыбас боп кете ме деп қорқушы ем» деген қорқыныштан сейілді. Үйленіп, бірақ ұрпағы қалмаған Боранбай-бароннан қалған бір белгі бар. Ол – ауыл шетінде өсіп тұрған Теріс ағаш. Ағаштың «Теріс ағаш» аталуы да қызық баяндалған.
...Бір күні Еркебай көкемнің бізден бір-екі жас кіші баласы үрпек сары Әнтай солқылдақ жас шыбықты ат қып мініп, тоғайға қарай «құйындатып» келе жатып Боранбай-баронға қарсы кездесіп қалады. Барон оны саусағымен ымдап өзіне шақырып алып, шыбықты жұлып алып саздау жерге теріс шаншып қоя салады
- Әй, ақымақ, - дейді Әнтайға қарап. ―Обал емес пе?! Бұл да өзіңдей бала ғой...
Сол теріс шаншылған ағаш өсіп бас жағы жуан, биік қара ағаш болады. «Жапырақ жайғанда... Боранбай-барон қарсы кездесіп қалады. Барон оны саусағымен ымдап өзіне шақырып алып, шыбықты жұлып алып саздау жерге теріс шаншып қоя салады
- Әй, ақымақ, - дейді Әнтайға қарап. ―Обал емес пе?! Бұл да өзіңдей бала ғой...
Сол теріс шаншылған ағаш өсіп бас жағы жуан, биік қара ағаш болады. «Жапырақ жайғанда... Боранбай-баронның бұйра шашындай дөңгеленіп көрініп тұрады». [5.1]
Жазушы Боранбайдың өмірін осылай таныстырған. Ол еркіндікті сүйетін Боранбай-баронның өмірінің қысқа болғанына ренжиді.
Боранбай бейнесі өзгеше. Қарапайым ғана адам болып өмір сүрудің өзі оңай шаруа емес екенін танытады.
«Алтын сауытты батыр» әңгімесі өзге әңгімелерге қарағанда аңызға, қиялға құрылған. Әңгімедегі кейіпкер Ақжамал қиялшыл қыз. Аңызға сенгіш. Оның есіл-дерті ақ сауытты батырды көру, сонымен өмір сүру.
Ескі қора ішінен еміс-еміс елес сияқты болып біреулерге көрінетін алтын сауытты батырға барлық ой санасын арнайды. Сол елеске ғашық, сол елеспен өмір сүреді. Түнде де, күндіз де көруге асық. Ақыры түн ішінде үйінен шығып кетіп, алтын сауытты батырды іздейді. Қараңғыда құзға құлап мерт болады.[5.2]
«Күнсұлу» әңгімесіндегі бас кейіпкер нағыз еңбекқор, шаруаға пысық жан. Оның аты – Күнсұлу. Жазушы Күнсұлу портретін былай көрсетеді.
Ол туғанда ата-анасы күндей сұлу қыз келді деп ойлаған-ау. Атын Күнсұлу қойыпты. Бірақ қателескен екен. Қалқан құлақ, қоңғақ мұрын, қысық көз, дүрдік ерін қыз болып бойжетті. Ол аз дегендей, еркек тұлғалы, шомбал еді. Әсемдік пен нәзіктік атаулыдан мысқалдай үлес тимеді оған... [5.3]
Ұяң мінезді, өте мейірімді Күнсұлу мінезіндегі мін оның күлегештігі мен альбомға желімделген суретті жыртып тастайтындығында.
Әңгімедегі екінші кейіпкер Әлиза сұлу қыз. Жазушы сұлулыққа тән қасиеттердің бәрін Әлиза бойынан көрсетеді. Екі кейіпкердің портреті екі түрлі болғанмен, олардың арасындағы татулық, достық өте жақсы.
Он жылдықты бітірген соң Әлиза оқуға түседі де, Күнсұлу ауылға қайтады. Алғашқы жылы оқуға түсе алмағанын үлкен бақытсыздыққа жорыған, ұялшақ қыз енді ел көзіне түскісі келмейді. Бір-екі жылдай бос жүрген Күнсұлу таудағы фермаға сауыншы боп кетеді. Оның шаруаға епті, еңбекқорлығы аз уақытта танылады. Атағы дүрілдеп, аудандық газетте ол туралы жазыла бастайды. Аудан, облысқа танымал, съезге делегат болған Күнсұлу нағыз еңбексүйгіш. Мінезі де ашылған, ақ жарқын, аңқылдақ, әңгімешіл, бауырмал. Ол өз бақытын еңбектен тапқан. Пейілі кең, мінезі асыл, жаны таза. Жазушы ойлағандай, «адам көркімен емес, мінезімен сұлу». «Аңызтау» әңгімесі автордың ойынша Қазығұрт тауының символдық атауы. Аты аңызға айналған, тіршіліктің бастауы болған Қазығұрт тауы жазушы шығармасына айналған. [7]
«Соқпақ жол» әңгімесі туған жерге деген ыстық махаббатқа құрылған. Жазушы Тұрап Исағалиевтің туған жерінде 15 жылдай болмағанын әңгімелесу арқылы кейіпкердің өткен өмірін есіне түсіреді. Туған жер кім үшін болсын да қымбат екенін айтады. Қаншама ұзап, қаншама биіктеп кетсе де, туған жерге оралатынын, сағынышпен келетінін баяндайды. [6] Жазушының жиырмадан астам әңгімелерін «дала хикаялары» десе долады. Себебі көбі ауыл тұрмысынан алынған сюжеттерге құрылған. Жазушы з бағытын, қалыбын таба отырып, өз стилін қалыптастырған. Қала адамдары туралы жазса да, түбі ауылмен байланысты танытады. Мәселен, қаламгердің «Соқпақ жолындағы» Тұраптың, «Тазқарадағы» Кәрім Меңдіғалиевтің бейнелері олардың іс-әрекеттері арқылы көрініп, түбі ауылын аңсауы, ауылына келгендегі ауыл адамдарымен кездесуі арқылы суреттеп отырады. «Аяқталмаған ертегідегі» Раушан, «Даладан қалаға келгендердегі» Жанат образдары ауыл әйелдерінің қалаға кеп жағдайымыз түзеле ме деген үміттерінің ақталмағанын,күнкөріс қамынан аса алмағандарын көрсетеді. Екі кейіпкер де жақсы өмірді, бақытты ғұмырды аңсайды. Жылт еткен сәуледен үміт күтеді. Алайда, алдамшы өмір олар ойлағандай емес. Тіршілік үшін күрес осылай жалғаса береді. Жазушы дәл осындай кейіпкерлердің өмірде бар екенін қарапайым суреттермен-ақ көзіңе елестетеді.
Өмір – ертегі емес,
Ертегі – өмір емес...-деген авторлық көзқарасын осылай түйіндейді.
Кейіпкерлер тағдыры, өмір жолдары, жасап жатқан тірлік-тіршіліктері- ауыл адамдарының типтік бейнесі. Оларды оқи отырып, көз алдыңа таныс, айналаңда жүрген адамдарды көргендей боласың. «Түндегі жетім тамшылар» әңгімесіндегі толассыз құйған жаңбырдай тіршілік, ал іштей зер салып үңіле қарасаң, әрқайсысы жеке-жеке үзіліп түскен тамшыға ұқсайды... Содан да болар, әркімнің күлкісі де, қайғысы да, көз жасы да – бәрі-бәрі өзіне тән. Өзіне ғана тиесілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет