Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылы


Ыбырай Жақаевтың еңбек жолындағы жетістіктері



бет3/4
Дата22.05.2023
өлшемі25,53 Kb.
#95934
1   2   3   4
Байланысты:
Жақаев

Ыбырай Жақаевтың еңбек жолындағы жетістіктері
Ыбырай Жақаев өзінің мол еңбек-бейнетінің зейнетін көрген кісі. Қазақстанға және халыққа сіңірген еңбегі елеусіз қалмақ емес. Тоқтала кетсек, Қызылорда облысында, қарияның туған өлкесінде күріштен мол өнім алған күрішшілерге Ыбырай атамыздың атымен ойылып жазылған еңбек аттестаты тағайындалған. Бұл оның ғұмыр бойғы еңбегінің алтын жемісінің құрметіне арналады. Шиелі ауданының Ы.Жақаев атындағы колхозында күрішшілердің республикалық « Жақаевшылар мектебі» жұмыс істеді. Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы бұрынғы «Қызыл Ту» ұжымшары, орта мектеп, Қызылорда қаласындағы көше, облыс емдеу-сауықтыру профилакторийі Жақаев есімімен аталады. Сонымен қатар 1982 жылы Шиелі ауданындағы Жақаев атында күріш өсіру тарихи мұражайы ашылған. Және еңбек ерін еске алу мақсатында дәл осы Қызылорда қаласында Жақаевқа ескерткіш орнатылған. Көзінің тірісінде де азамат бірнеше жетістіктерге жетіп, жүлделерін алған. Ыбырай атамыз тек күрішші ғана емес 1-4-ші сайланған ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты да болған. Егер оны тек диқаншы ретінде танысақ қателесеміз, Ыбырай Жақаев өз заманында беделді,жоғары лауазымды сыйлы азамат болған. Ол 1946 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған. 1947-1955 жылдары – ҚазССР Жоғарғы Советінің Президиумына мүше болған. Мұнымен оның жеткен жетістітері тоқтап қалмай,4 мәрте Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, Халықтар достығы орденімен, Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы және Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмелерінің алтын медальдарымен марапатталып, 1949 және 1971 жылдары 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері атағына қол жеткізген.

ҚОРЫТЫНДЫ


Жоғарыда айтығанның бәрін саралай келе, сөзімізді қорытындылайық. Сонау 1940 жылдардан бері еңбек дарабозы Ыбырай насихаты мақсатты түрде қатты жүрді және Ыбырай есімі оның туған жерінің атауымен үнемі бірге аталады. Ыбырай құдіретін әлемге әйгілеген жер мен дән, Сыр жері, Сыр күріші. Сондықтан диқан Ыбырай мен жер, дән егіз ұғымдар, жалпыхалықтық құндылық. Ал барша халықтың қадірмені болу ұлттық аядан жоғары. Ел тарихында екі дүркін Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, үш рет Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты, даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтың алар орны осылай анықталса керек. Қазақстанда Сыр бойында күріш егістігінің негізгі дақыл болып орнығуы да, облыс егін шаруашылығының басым бағытына айналуы да, жақаевшылар атанған күрішшілер қозғалысының өрістеп, бір кездегі стахановшылар қозғалысы сияқты бұқаралық сипат алуы нақ Ыбырай Жақаевтың есімімен тікелей байланысты. Қарапайым еңбеккердің осындай қоғамдық құбылысқа айналуы сирек кездесетін жағдай. Ендеше сол құбылыс – Ыбырай Жақаев!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет