Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылы «Қ. Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Химия пәнінің мұғалімі: Кыдырова Меруерт Нұрлыбекқызы



Дата10.07.2023
өлшемі183,64 Kb.
#104182
түріСабақ

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылы
«Қ. Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Химия пәнінің мұғалімі: Кыдырова Меруерт Нұрлыбекқызы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Термодинамика
Сабақтың тақырыбы: Гесс заңы және оның салдары. Есеп шығару
«Гесс заңы және оның салдарын қолдану»
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 10.3.1.4 Гесс заңының физикалық мәнін түсіндіру және оны химиялық реакцияның энтальпия өзгерісін есептеу үшін қолдана алу
Сабақтың мақсаты: Гесс заңы негізінде процестің энергетикалық циклін анықтайды;
Гесс заңын қолданып, химиялық реакцияның энтальпия өзгерісін есептейді;
Бағалау критерий
Гесс заңы салдарының тұжырымдамасын көрсетеді;
Үзілген, пайда болған байланыстар санын айқындайды;
Реакция энтальпиясының өзгерісін есептейді; Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу, түсіну, қолдану


Белсенді оқу әдістері
«Ой қозғау» Сұрақтарға жауап беру арқылы кроссворд шешеді, нәтижесінде жаңа тақырып ашылады.
Бұл әдіс оқушылардың қызығушылығын арттырады https://learningapps.org/watch?v=p0cwe08q222 сілтемесіне кіре отырып, алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында қойылған сұрақтарға жауап береді, оқушының ой белсенділігі артады. Барлық оқушылар оқу үрдісіне тартылады.
«Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру» әдісі арқылы Гесс салдарын қолданып орындайтын тапсырма беріледі, оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған.
Оқушылар берілген ақпараттарды қолдана отырып, есептерді топпен біріге отырып, талқылау, талдау арқылы орындайды. Реакцияның жылу эффектісін, түзілу энтальпиясын есептеу кезінде Гесс салдарын қолданады. Оқушылар өз бетінше ізденеді, ынтымақтастығы және бір-бірінен ақпарат алу дағдысы қалыптасады.


Белсенді оқу әдістері
Жеке жұмыс
Функционалдық сауаттылықты дамытуға негізделген тапсырма.
Осы мәтінді оқиды,талдайды, өмірмен байланыстырады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығымен қоса жеке немесе ерекше білім беру қажеттіліктеріне де сәйкес тапсырма ыңғайластырылып құрастырылған.
Бағалау критерийіне сәйкес оқу мақсатына қол жеткізеді.
Найзағай – бұл атмосферадағы бұлттардың әртүрлі зарядталған немесе бұлтпен жердің арасындағы электр разряды. Найзағайды разрядқа бөлу үдірісі мен бұлттағы электрлік разрядтың жиналуы, сулы булардың қарқынды кондесациясы мен сулы булардың бүркілуімен, олардағы кіруі күшті ауалық ағындардың пайда болуымен байланысты, бүрку кішкентай сулы шаңның теріс зарядталып бүркілуі кезінде, ал ауыр тамшылар оң зарядталып бүркілуі кезінде түзіледі. Разрядтың әсері екі түрлі болуы мүмкін. Найзағай разрядтың әсері – ол өз кезінде өрт пен жарылыс туғызуы мүмкін, ұшқынның пайда болу себебі болады және табиғатта химиялық реакцияның жүруіне себепкер болады. Сәулелердің жоғары температурасы бұл реакцияның қалыпты жағдайда жүруіне жол бермейтін энергия кедергісін бұзады. N2 молекуласын құрайтын N≡N үштік байланысымен түзілген атмосферадан инертті газ. Найзағай салдарыннан газ молекулалар арасындағы байланыстар үзіліп жаңа заттадың түзілуі жүзеге асады. Атмосфералық бекіту - найзағай болғанда көбінесе азот (II) оксиді: N2 — NO түзіледі. Азот оксидтері дегеніміз - көлік құралын басқарудан немесе темекі шегуден бастап, ластаушы қалдықтар сияқты өндірістік процестерге дейінгі адамдардың көптеген әрекеттері нәтижесінде пайда болатын газдар. Алайда, табиғи түрде NO электрлік дауыл кезіндегі ферментативті реакциялар мен найзағай әсерінен пайда болады: N2(g) + O2(g) => 2NO (g). Ол кейін тотығып, сумен әрекеттескен кезде топыраққа түзетін азот қышқылын HNO3, кейіндеу нитраттар түзеді.
1-тапсырма.
Найзағай кезінде атмосферадағы азоттан түзілетін алғашқы зат:
A)HNO3 B)N2O C)HNO2 D)NO2 E)NO
2-тапсырма. Азот (IV) оксиді түзілуінің энтальпия циклін жасаңыз.
3-тапсырма. Реакция энтальпиясының өзгерісін есептеңіз.
Дескриптор
-Найзағай кезінде түзілетін затты анықтайды. 1 балл
- энтальпия циклін көрсетеді. 1 балл -реакцияның энтальпиясын есептейді. 1 балл


Дескриптор:
-Гесс салдарына сәйкес формуланы анықтайды; 1 балл
-Энталпия мәндерін қолданады; 1 балл
-Реакция энтальпиясының өзгерісін есептейді; 1 балл
«Жалғастыр» әдісі арқылы жұптықтық жұмыс. Ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес оқытуды қарастырады.
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушы өз еркімен және жұбымен кеңесе отырып орындайды. Оқушылар өз ойын айтуға, бірлесе жұмыс жасауға дағдыланады. Қажетті формуланы қолданып, реакция энтальпиясын есептейді.
Жұптаса отырып есептеу жүргізеді
№1 Берілгені:
2SO3(g) → 2S + 3O2(g) ΔH = 791,2 кДж / моль
2S + 2O2(g) → 2SO2(g) ΔH = -593,6 кДж / моль
2SO3(g) → 2SO2(g) + O2(g) ΔHхр=?
№2 Берілгені:
С (қ) + О2 (г) = СО2(г) ΔН1=-393,5 кДж
СО(г) + 1/2О2 (г) =СО2(г) ΔН2=-283,0 кДж
__________________________________
С (қ) + 1/2 О2 (г) = СО(г) ΔHхр=?
Белсенді оқу әдістері

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет