Негізгі принциптері: Баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату.
Болжап отырған нәтиже: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалаптасқан тұлға.
Дарындылық анықтамасы:
Іс-әрекеттің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін қабілеттік істің өзара сәйкестік сапалығын айтады;
Іс-әрекеттің жағдайдағы ерекшелігі, кеңінен қамтылған адам мүмкіндігі.
Ақылдың потенциалы немесе интеллект. Оқуға, білімге жалпы танымдық мүмкіндіктер және қабілеті.
Баланың табиғаты арқылы дамыған қабілет туралы
Таланттылық және адамгершілігінің жоғары жетістіктерге жеткізетін іс-шаралар
Дарынды баланың сипаттамасы:
Интелектуалды сферасы;
Білімділік өрісі;
Ойлау қабілеті ерекшесі тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай аламайды, өз ойын ерте жеткізеді.
Дарындылық үш параметрмен анықталады:
Танымдық жеке дамуы.
Психологиялықжекедамуы.
Физикалықдамуы.
Дарынды балаларды анықтау мен олармен жұмыс ұйымдастыру І. Дайындық жұмыстары (кімдер жұмыс істейді) 1. Мектеп әкімшілігі не бірлестік мүшелері дарынды балалармен жұмыс жасауға қабілетті, шебер мұғалімдерді анықтау
2. Мұғалімдерді қажетті құжаттармен қамтамасыз ету, дайындықтан өткізу, пікір алмасу шараларын белгілеу
3. Қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізетін мұғалімдер тобына жетекшіні бекіту не тағайындау
4. Оқушылар дарындылығын анықтау шараларын ұйымдастыру (жарыс, байқау, емтихан, олимпиада, т.с.с)
5. Дарынды оқушылармен жұмыс бұрышын жабдықтау (кабинетін)
II. Оқушылар арасынан қабілетті оқушыны анықтау (кіммен жұмыс істейді?) 1. Сынып жетекші мұғалімдерімен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу
2. Пән мұғалімдерімен (сынып жетекшілерімен) қабілетті не айрықша өнері, бейімі бар оқушыларды іріктеу
3. Жыл сайын мектепішілік жарыстарда, олимпиадаларда, т.с.с байқауларда жеңімпаз оқушыларды топтастыру (бағытына қарай)
4. Білім деңгейінің стандарттық өлшемнен ерекшелігін (игеру қабілетін) анықтау