Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н. Жунусовке



бет3/7
Дата05.04.2023
өлшемі66,23 Kb.
#79581
1   2   3   4   5   6   7
Өрт-техникалық жарақтары бойынша
Л-1 қорғану костюмі жоқ, ТОК-200 костюмдері қарастырылған, автокөліктің сорғыш (насос) және оқпандарға жерге қосуы (заземление) жасалған (№111бұйрық техникалық қауіпсіздік нұсқаулығы).
Бөлімнің есепбінде 4 дана құтқару арқаны бар. Алайда АЦ-2,5-40 м/н. 539 BD/13 өрт сөндіру автокөлігінде мүкәммал №0103 құтқару арқаны есепте тұр. Тексеріс барысында жарамсыз жағдайда екендігі анықталды (жіптері тарқатылып кеткен), есептен шығару актісін түзіп коммисия мүшелерімен есептен шығаруды қажет етеді.
АЦ-6,0-70 м/н. 502 BD/13 автокөлігіндегі отсекте орналасқан 4 дана КУРС-8 оқпандарында мүкәммәл №0105 02.05.2019 жылы сынақ жасалғандығы бойынша көрсетілген. Алайда 4 дана КУРС-8 оқпандар өрт сөндіру оқпандарын сынақтан өткізу №77 АКТ-де мүкәммал №0101 сынақ өткізілген күні 15.05.2020 жылы өткізілген, жарамды жағдайда.
Құтқару арқандарын бөлімше командирімен тексерілетін 10 күндік байқап қарау кестесі бекітілмей және құтқару арқандарына 10 күндік байқап қарау жүргізілмейді.
Жауынгерлік есепте тұрған мем номері kz 539ВD/13 АЦ-2,5-40 автокөлігіндегі құтқару арқаны сынақтан 2020 жылдың 8 тамызында сынақтан өткізіліп акт жасалған, қазір таңда құтқару арқанының қапшығы жыртылып, арқанның өзінде 4 жерден сөгіліп, жарамсыз жағдайда жауынгерлік есепте тұр.
№2 МӨСБ, №29, №36 өрт сөндіру бекеттерінде 2019, 2020, 2021 жылдарға өрт-техникалық жарақтарын сынақтан өткізіп актілер жасалған. Тексеру барысында 2019 жылға арналған өрт-техникалық жарақтары журналы ұсынылмады. 2020 жылға араналған журналы ҚР ІІМ ТЖК 2015 жылғы 12 мамырдағы №111 бұйрығы сәйкес жасалмаған. 2021 жылға арналған өрт техникалық жарақтарын сынау журналына жоғарыда көрсетілген бұйрыққа сәйкес толытырылмай, құтқару арқандарына 10 күндік байқап қарау журналға мүлдем түсірілмей келуде.
Жалпылай айтқанда өрт техникалық жарақтарына сынақтар қағаз түрінде жүрігізіліп, іс жүзінде ҚР ІІМ ТЖК 2015 жылғы 12 мамырдағы №111 бұйрық талапқа сәйкес жүргізілмейді (өрт техникалық жарақтарында алдыңғы сынақ күндері қырып,сырып тазаланбай қалып қойған, ӨТЖ жарамдылық мерзімі көрсетілмеген).
ҚР ІІМ ТЖК 2015 жылғы 12 мамырдағы №111 бұйрықтың 5.8 тармағының 305 тармақшасына сәйкес метал торларды кесуге арналған балта, қол ара, қайшы қапшықтарда сақталмаған.
№2 МӨСБ мем. номері кz 523 ВD/13 Урал (Вахтовка), ГТТ Тягач мем. Ном Х 469/АСЕ автокөліктерінің мотор бөлігіндегі ақаулықтарға байланысты жарамсыз күйде, жөндеуді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет