Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н. Жунусовке


Қызметтік дайындықты ұйымдастыру бойынша



бет4/7
Дата05.04.2023
өлшемі66,23 Kb.
#79581
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Кызметтiк хат02042021155645

Қызметтік дайындықты ұйымдастыру бойынша
Ауысымның жеке құрамның дайындығын есепке алу журналы бар, алайда дұрыс толтырылмаған қате, өрт құтқару дайындығы нормативтерді орындау машықтау нәтижесін есепке алу парағында №42 жаттығу 15.03.2021 жылы өткізілгендігі жөнінде бағасы қойылмаған. Сонымен қатар оқу дайындықты тексеретін тұлғалардың жазбасында ақпан айы тексерілмеген.
2-ші ауысымның кезекшілік ауысымның жеке құрамның оқу дайындығын есепке алу журналы нөмірленіп тігілмеген.
Бақылау бекетінде келген азаматтарды тіркеу журналы жоқ болатын, тексеріс барысында кемшіліктер орындалды.
Бөлімнің күштермен құралдарды тарту жоспары байланыс бөлмесінде қабырғада көрсетілмеген. Алайда бөлім бастығының айтуы бойынша басылымға тапсырыс берілгені жөнінде мәлімдеді.
Бөлімнің байланыс бөлмесінде шығу жолдамасы (сақталу мерзімі бір ай) толық емес.
Өрт туралы акт көшірмелері (сақталу мерзімі бес жыл) жоқ.
Азаматтық қорғаныс саласы бойынша
Түлкібас ауданының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғаныс жоспары 2019 жылы сәуірде (ҚБПҮ белгісімен) өрт сөндіру бөлімінің бастығы Е. Тойлыбаевпен бекітілген. 2020 - 2021 жылдарға азаматтық қорғаныс жоспарында түзетулер мен толықтырулар енгізілген.
«Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы» ҚР ТЖМ 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығының талаптарына азаматтық қорғаныс жоспардың құрылымы сәйкес емес, азаматтық қорғаныс жоспардың келесі бөлімдеріне толықтырулар енгізу қажет етеді:
Түлкібас ауданының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі - Түлкібас ауданының ТЖ бөліміне (2020 жылғы 1-10 қараша аралығында) 2020 жылға азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есепттерді (Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы ҚР ІІМ 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығы. 6.1-тармағы) бұйрықтың талаптарына сәйкес ұсынбаған.Бұл азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылауды (бару арқылы профилактикалық бақылау)жүргізуге тізімін қалыптастырудың субъективті критерийлеріне сәйкес,азаматтық қорғаныс саласында бару арқылы профилактикалық бақылауды Түлкібас ауданының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне жүргізуге негіз болып табылады.
2019-2020 жылдарға Түлкібас ауданының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен судағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық атқарылған жұмыстардың есебі ұсынылған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет