V.Байқау талаптары: - Қатысушы байқауға берілген тақырыптарға сай бұрын ешбір жерде жарияланбаған фотосуреттерін ұсынуға тиіс;
- Фотосуреттің форматы JPG дәлдігі (разрешение) JPEG,
көлемі: 2000х2500 PX кем болмауы тиіс;
Фотосуреттер флешкада бір конвертке салынып, қосымша парақта жіберушінің аты-жөні, мекен-жайы, оқу орны, жұмыс орны, телефоны жазылады;
Суреттер шығарылып А3 форматта рамкаға салып, алып келуі тиіс, рамкаға салынбаған жағдайда сәндік дизайн жасауға рұқсат;
Жіберілген фотосуреттердің санына шектеу қойылмайды;
Ұйымдастыру алқасы фото байқауға қатысушылардың үздік жұмыстарды БАҚ беттеріне, жинаққа жариялауға құқы бар.
Қылқалам шеберлері талаптары:
Қатысушы байқауға берілген тақырыптарға сай Түркістанның тарихи маңызын ашатын, ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін, елжандылық, отаншылдық сынды патриоттық рухын қалыптастыратын түрлі тақырыптарда шыығармашылық картина ұсынуға тиіс;
Картинаның орындалу техникасы, өлшемі 150х100см, 80х60см көлемінде кенеп майлы бояуда екі шығармашылық картина ұсынады.
Картина багетпен көркемделуі қажет.
Байқауға қатысқан, марапат, номинат, жүлде алған барлық шығармашылық жұмыстар ұйымдастырушылар есебінде қалады.
Қатысушылардың жол ақысы, орналасуы мен тамақтануы қатысушылардың тарапынан VІ. Жіберілген жұмыстар байқауға қатыстырылмайды:
Байқаудың тақырыбына сай келмесе;
Суреттің шығармашылық және техникалық сапасы нашар болса;
Фото мазмұнда және суреттерде зорлық-зомбылыққа, ұлттық, нәсілдік және діни төзбеушілікке шақыру белгісі байқалса;
Анонимді (автор туралы нақты әрі шынайы ақпарат берілмесе) болса.
Ұйымдастырушылардың тиісті сапалық және техникалық талаптарға сай келмейтін суреттерді авторға себебін түсіндірмей, байқауға қатыстырмауға құқығы бар.
Байқауда жүлделі орын алған жұмыстарды ұйымдастырушылардың өз сайттары мен әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жариялауға құқығы бар.