Пайдаланылған әдебиеттер 1. Жұрынтаев Ж. З. Сұлбатехника: Оқулық. – Алматы: ҚазҰТУ. – ЖШС РПБК «Дәуір», 2017 ж.
2. Немцов М.В. Электротехника и электроника. / М.В. Немцов, М.Л. Немцова – М: Академия, 2014
3. Мышляева И.М. «Цифровая схемотехника» ученик, Издательство: «Академия» п. 400 с. 2012 г.
4. Павлов В.Н. «Схемотехника аналоговых электронных устройств» – М.: Радио и связь, 2016 г.
29-Дәріс Тақырыбы: Тұрақты есте сақтау құрылғысы. Жоспар: ТЕСҚ-ның классификациясы және мақсаты.
ТЕСҚ-ын ұйымдастыру және элементтік базасы.
ТЕСҚ құру түрлері. ТЕСҚ-ның шартты белгіленуі.
Дәрістің мазмұны Мәлімет жинақтауыштар – кез келген ЭЕМ – нің қажетті бөлігі оларды көбінесе информацияны сыртқы сақтауыштар немесе компьютердің сыртқы жады дейді. Олар көлемді мәліметті ұзақ уақыт сақтау үшін қажет және ондағы мәліметтер ЭЕМ – нің күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жадта кез келген программа немесе жәй мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның мәліметтерінің кітапханасы деуге болады.
Дербес компьютердің мәлімет жинақтауыш рөлін магниттік дискілердегі жинақтауыштар атқарады, оларда мәліметтерді тікелей оқуға не жазуға болады. Соңғы кездерде ДЭЕМ – дер үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар – стримерлер шықты, бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу – жазу жұмыстарын бірте – бірте тізбектей іздеу арқылы жәй жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.
Магниттік дискідегі жинақтауыштар (МДЖ)екі түрлі болады: иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш (ИМДЖ) және қатты магниттік дискідегі жинақтауыш (ҚМДЖ).