Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет19/40
Дата14.09.2023
өлшемі1,97 Mb.
#107907
түріКонспект
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жұрынтаев Ж. З. Сұлбатехника: Оқулық. – Алматы: ҚазҰТУ. – ЖШС РПБК «Дәуір», 2017 ж.
2. Немцов М.В. Электротехника и электроника. / М.В. Немцов, М.Л. Немцова – М: Академия, 2014
3. Мышляева И.М. «Цифровая схемотехника» ученик, Издательство: «Академия» п. 400 с. 2012 г.
4. Павлов В.Н. «Схемотехника аналоговых электронных устройств» – М.: Радио и связь, 2016г.


15-Дәріс
Тақырыбы: Триггерллік құрылғылар.
Жоспар:

  1. Триггерлер туралы жалпы мағлұмат.

  2. Триггердің мақсаты және қолданысы.



Дәрістің мазмұны
Триггерлердің жіктелуі және негізгі параметрлері.
Триггер екі тұрақты күйі бар еске сақтайтын элемент, ол тіркегіштерді, санауыштарды және ЭЕМ-ң басқа да цифрлық құрылғыларын құруда кең қолданылады. Триггердің күйі оның шығыс сигналы арқылы анықталады және осы сигналдың деңгейіне сәйкес 0 және 1 сандарымен кодталынады. Триггердің екі шығысы бар: оң (тура) Q және теріс (инвесрті) Q. Егер триггер 0 күйінде болса, онда оның оң шығысында сигнал 0-ге, ал инверсті шығысында - 1-ге тең болады (Q = 0 и Q= 1). Ал егер триггер 1 күйінде болса, онда Q = 1, Q = 0.
Интегралдық сұлбатехникада орындалатын функциясына, ақпаратты жазу және синхронизациялау тәсілдеріне, сұлбатехникалық орындалуына байланысты айырмашылықтары бар триггерлердің оншақты түрлі сұлбалары қолданылады. Функционалдық белгісіне, яғни іске қосылу алдындағы tn уақыт кезеңіндегі және іске қосылғаннан кейінгі tn+1 уақыт кезеңіндегі триггердің кіріс және шығыс күйлерін сипаттайтын логикалық теңдеудің түріне байланысты RS-, JK-, D-, DV-, Т-, TV- және басқа да типті триггерлер деп бөлінеді.
Ақпаратты жазу әдістері бойынша асинхрондық және синхрондық (немесе тактіленетін) болып бөлінеді. Асинхрондық триггерге ақпараттың жазылуы оның кірісіне ақпараттық сигналдардың берілуінен бастап жүзеге асады. Синхрондық триггерлерге ақпараттың жазылуы тек синхронизациялау кірісіне рұқсат беретін тактілік импульс берілгенде ғана жүзеге асады. Тактіленетін триггер синхрондық және асинхрондық режимдерде жұмыс істеуі мүмкін.
Триггерге ақпаратты жазу үшін керек тактілейтін импульстердің (ТИ) санына байланысты синхрондық триггерлер біртактілі және көптактылы болып бөлінеді. Көп n-тактілі триггерді бір күйден екіншісіне ауыстыру үшін синхронизациялайтын кіріске n тактілейтін импульстерді беру керек.
Біртактілі триггерлер былайша бөлінеді:
1) тактілейтін импульстің деңгейіне байланысты жұмыс
істейтін триггерлер;
2) ішкі кідірісті триггерлер.
Бірінші топтағы триггерлердің жаңа күйінің құрылуы тактілейтін импульстің келуімен қатар іске асады. Ішкі кідірісті триггерлердің жаңа күйінің кұрылуы тактілейтін импульстің әсері біткеннен кейін қана (басқаша айтканда оның соңғы фронтымен) іске асады.
Триггерлер негізінде цифрлық кұрылғыларды құрған кезде, олардың негізгі сұлбатехникалық параметрлерін: "m" кірісі бойынша бірігу және "n" шығысы бойынша таралу коэффициенттерін, бөгеулерге тұрақтылығын, шығыстардағы және кірістердегі логикалық 0 және 1 сигналдарының (токтардың және кернеулердің) деңгейлерін, тұтыну қуаттылығын және жылдамдығын, білу қажет. Логикалық элементтерден (ЛЭ) құрастырылатын триггерлердің параметрлері ЛЭ-дің сәйкес параметрлері негізінде бағаланады. Бұл жағдайда триггердің жылдамдығы келесі динамикалык параметрлермен сипатталынады: tТ, tИ, Ғж, Fmax, мұнда tТ-триггердің (бір жағдайдан екінші жағдайға) ауысып қосылуының кідіріс уақыты, яғни шығыс сигналының кіріс сигналына қарағанда кешігу уақыты; tИ - триггердің ауысып қосылуына жеткілікті кіріс импульсының ең аз ұзақтылығы; Fmax - триггердің ауысып қосылуының ең үлкен жиілігі, Fmax триггердің ауысып қосылуына жеткілікті, ұзақтылықтары минималды екі тізбектелген кіріс импульстері арасындағы шектелінген уақыт интервалының минималды мәнімен анықталады; Ғж - триггердің жұмыс істеу жиілігі, Ғж < Fmax


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет