Пайдаланылған әдебиеттер 1. Жұрынтаев Ж. З. Сұлбатехника: Оқулық. – Алматы: ҚазҰТУ. – ЖШС РПБК «Дәуір», 2017 ж.
2. Немцов М.В. Электротехника и электроника. / М.В. Немцов, М.Л. Немцова – М: Академия, 2014 г.
3. Мышляева И.М. «Цифровая схемотехника» ученик, Издательство: «Академия» п. 400 с. 2012 г.
4. Павлов В.Н. «Схемотехника аналоговых электронных устройств» – М.: Радио и связь, 2016 г.
7-Дәріс Тақырыбы: Мультиплексорлар. Жоспар: Мультиплексорлардың ақпарат қабылдау және жіберу құрылғылары элементі ретінде қарастыру.
Мультиплексорлардың графикалық шартты белгіленуі.
Дәрістің мазмұны Мультиплексорлар Мультиплексор деп бірнеше кіріс арналары арқылы келетін ақпараттың бір шығысқа жіберілуін басқаруға арналған комбинациялық құрылғыны айтады. Мультиплексордың, ақпараттық кірістерімен қатар, адрестік (басқарушы) және оның жұмысына рүқсат беруші стробтаушы кірістері болады. Адрестік кірістеріндегі сигналдар сол уақыт мезетінде ақпараттық кірістердің қайсысы мультиплексордың шығысына қосылатындығын анықтайды. m ақпараттық кірістер санымен n адрестік кірістер саны арасында m = 2n қатынасы орындалады.
Құрамында 1 стробтаушы, 2 адрестік және 4 ақпараттық кірісі бар мультиплексордың жүмысы келесі логикалық теңдеумен сипатталады:
(3.2) мүнда, Е - стробтау кірісіндегі сигнал, оның белсенділік (активті) деңгейі мультиплексордың жүмысына рұқсат береді.
Егер жүмыс істеуге рұқсат беруші стробтаушы Е кіріске логикалық 1 сигналы (Е=1) берілсе, онда хi ақпараттық және аjадрестік сигналдардың мәніне (і = 0, 1, 2, 3 және j = 0, 1) тәуелсіз мультиплексордың шығыс сигналы нөлге тең болады. Басқаша айтқанда, стробтаушы Е сигнал көмегімен аj адрестік