Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы


Сурет -2.3. Жүйелік блоктың артқы жағы Процессор



бет7/48
Дата23.11.2022
өлшемі1,8 Mb.
#52022
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
Байланысты:
Дәріс мәтіні-КА


Сурет -2.3. Жүйелік блоктың артқы жағы


Процессор - компьютердің басты бөлігі. Процессор - компьютердің «миы». Ол компьютерді басқарады және прораммадағы барлық командаларды (амалдарды) орындайды. Бұл құрылғы командаларды таниды, оларды орындайды, нәтижелерді шығарып береді немесе оны қайтадан жадқа жазады, тіпті екеуінде қатар орындайды. Компьютердің кез-келген жұмысы процессордың қатынасынсыз орындалмайды.
Компьютердің атқаратын жұмысының бәрін, шын мағынасында, оның бас микросхемасы – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде көп тарала бастаған, жетілдірілген процессор - «пентиум» (Pentium), ал ол орналастырылған компьютерді «Пентиум» деп атайды.
Компьютерлердің негізгі мінездемесінің бірі – оның амал орындау жылдамдығы, ал жылдамдық мегагерцпен өлшенетін жиілік. Жиілік қанша жоғары болса, компьютер сонша жақсы болады. Процессор жадпен бірігіп жұмыс атқарады. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті информациялар алады да, өз жұмысының нәтижесін қайтадан жатқа жібереді.
Орындайтын функцияларына сәйкес процессор екі бөліктен тұрады: БҚ- басқару құрылғысы және АЛҚ арифметикалы-логикалық құрылғы.
Құрлысы бойынша процессор жедел жадтың ұяшықтарына ұқсас ұяшықтардан тұрады, бірақ бұл ұяшықтарда деректер тек сақталып қана қоймай, өзгертіледі де. Процессордың ішкі ұяшықтары регистр деп аталады. Қазіргі дербес компьютерлердің архитектурасының барлық үлгісі магистральды принципке негізделген. Қазіргі ДК қарапайым әрі күрделі. Өткен жылдар ішінде жүйені құрастыру үшін қолданылатын құрауыштардың көбі басқа құрауыштармен біріктірілді, сондықтан элементтерінің саны азайып, ол едәуір қарапайым болды. Сонымен қатар ол күрделірек те болды, өйткені қазіргі жүйенің әрбір бөлігі бұрынғы жүйелердің сол бөліктеріне қарағанда әлдеқайда көп функция атқарады. Төменде қазіргі ДК-нің құрамына кіретін негізгі құрауыштар аталған:
 Жүйелік тақша
процессор
 жад (жедел жад)
 қатқыл диск
 CD-ROM, CD-R немесе DVR-ROM жинақтауышы
 Бейнеадаптер

Сурет –2.4. Процессорлардың сыртқы көрінісі


Мәлімет жинақтауыштар – кез келген ЭЕМ – нің қажетті бөлігі оларды көбінесе информацияны сыртқы сақтауыштар немесе компьютердің сыртқы жады дейді. Олар көлемді мәліметті ұзақ уақыт сақтау үшін қажет және ондағы мәліметтер ЭЕМ – нің күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жадта кез келген программа немесе жәй мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның мәліметтерінің кітапханасы деуге болады.
Дербес компьютердің мәлімет жинақтауыш рөлін магниттік дискілердегі жинақтауыштар атқарады, оларда мәліметтерді тікелей оқуға не жазуға болады. Соңғы кездерде ДЭЕМ – дер үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар – стримерлер шықты, бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу – жазу жұмыстарын бірте – бірте тізбектей іздеу арқылы жәй жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет