Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы


Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар



бет10/48
Дата23.11.2022
өлшемі1,8 Mb.
#52022
түріКонспект
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
Байланысты:
Дәріс мәтіні-КА

Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қою үшін, қатты дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек болады. Жұмыс процесінде әр адам өзінің мәліметтері мен программаларының дискіде алатын көлемін білуі тиіс және дискіде қанша бос орын қалғанын қадағалап, дискінің көлемін тиімді пайдалануға тырысуы қажет.
Иілгіш диск (дискета) – табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластамассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тіктөртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу – оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бас тиектің жылжитын орны пластмасса қапшықта ашық болады. Қазіргі ДЭЕМ – дерде көптеген көлемді программалар CD – ROM компакт – дискілеріне жазылады. CD – ROM дискілерінің мәлімет оқу жылдамдықтары әртүрлі болады, мысалы, жәй жылдамдықты, екі еселенген.
Иілгіш магнитті дискілердегі жинақтауыш
Иілгіш магнитті дискілердегі жинақтаушылар немесе дисковод жүйелік блокқа енгізіліп жазылады. Иілгіш жинақтауыштар да, көбінесе, дискеталар түрінде жасалады. Иілгіш магнитті дискітабақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластамассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тіктөртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу – оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бастиектің жылжитын орны пластмасса қапшықта ашық болады.
Жинақтауыш – бұл жоғары жағында жылжымалы ысырмасы бар, қорғаушы конвертте орналастырылған ферромагнитті қабаты бар диск. Дискеталар, көбінесе, бір компьютерден екінші компьютерге кіші көлемді ақпараттарды жедел түрде тасымалдау үшін қолданылады.
Қатты дискідегідей бұнда да олар тағыда секторларға бөлінеді. Секторлар мен жолдар дискеталарды форматтау кезінде пайда болды. Дискетаның негізгі параметрлері технологиялық мөлшері (дюйммен есептеледі), жазудың тығыздығы және толық сыйымдылығы. Жазу тығыздығы қарапайым SD (Single Density), екілік DD (Double Density) және жоғары HD (High Density) болады. Қазіргі таңда стандартты дискеталар 3.5 дюйм, жоғары тығыздықты HD, 1.44 Мбайт сыйымдылығы бар.




Дискеттің негізгі параметрі – оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін екі ғана стандарт бар – олар 3,5 және 5,25 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 және 133 мм болады. Бұрын шығарылған IBM PC XT, AT компьютерлері үшін негізінен диаметрі 5,25 дюймдік, ал соңғы шығып жатқан ДЭЕМ – дер үшін – 3,5 дюймдік дискеттер қолданылады
Мәлімет жазу не оқу үшін дискет жүйелік блоктағы дискіқозғағыштың ұясына салынады. ДЭЕМ – дерде бір немесе екі дискеттер ұясы болуы мүмкін. Дискеттер алмалы – салмалы құрал болғандықтан, олар әрі мәліметті сақтау үшін, әрі компьютерлер арасында мәлімет алмастыру үшін де қажет. Соңғы шығып жатқан ДЭЕМ – дерде 3,5 дюймдік дискеттер ғана қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет