Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы


Электрондық почта сервері



бет32/48
Дата23.11.2022
өлшемі1,8 Mb.
#52022
түріКонспект
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48
Электрондық почта сервері
Netware-ның басқаруымен MHS (Massage Handlіng Servіce) электрондық почта шлюзі жұмыс атқарады. MHS электрондық почта мен байланыс сымдарының әртүрлі шлюздері арқылы өтетін мәліметтерді маршруттау, жеткізу мен жинауды басқарады. MHS-пен әртүрлі жұмыс станцияларындағы электрондық почтаның 200-ден аса пакеті қоян-қолтық жұмыс істей алады.
Мәліметтер қорын басқару сервері
Netware сұраныстардың екі түрлі технологиясын клиент-файл мен клиент-серверді қолдайтын мәліметтер қорын басқару жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді. Клиент-файл типіндегі МҚБЖ –де сұраныстар қолданбалық программалар арқылы мәліметтер қорына жеткізіліп, жұмыс станцияларында өңделеді, ал файлдық серверде технологиялық және индекстік файлдар сондай-ақ мәліметтер қорының файлдары сақталады.
Клиент-сервер типіндегі МҚБЖ-де сұраныс файлдық сервердегі NLM – модульдері түрінде болатын МҚБЖ серверіне беріледі. Мұнда сұраныс жеткізіліп орындалады. Жұмыс станциясына тек орындалған сұраныстың нәтижелері ғана қайта жіберіледі. Мұндай типтегі МҚБЖ үшін желілік трафиктің кеміп, желінің жүктелу қабілетінің артуы қалыпты жағдай болып табылады.





Жергілікті желілердегі желілік жұмыс станциясы
Novell Netware немесе Wіndows NT басқаруындағы жергілікті желіде әртүрлі жергілікті операциялық жүйелердегі жұмыс станциялары жұмыс істей алады. Ол үшін Wіndows90 басқаруымен жұмыс істейтін жұмыс станцияларында конфигурациясы желілік торап жағдайына байланысты өзгеретін желілік клиент орнатылуы керек.
Wіndows желісіндегі жұмыс станциясы
Wіndows NT желісінде жұмыс станциясының параметрлерін анықтау үшін қосылған желілердің тексерілуі жайлы қосымша ақпарат пен тіркеу іске асырылатын домен аты көрсетілетін желілік тораптың сәйкес пункті қолданылады.
Wіndows желісін басқару мен тіркеуде желілік администратордың арнайы утилиттері, және администратор сервері мен қолданушылар пайдаланылады. Server manager компьютерлермен жұмыс топтарын, домендерді басқаруға көмектеседі. User manager Wіndows желісінде жұмыс істеуге қажетті қолданушыларды тіркеу, құқықтары мен басқа да сипаттамаларды басқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет