Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет30/48
Дата23.11.2022
өлшемі1,8 Mb.
#52022
түріКонспект
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
Байланысты:
Дәріс мәтіні-КА

9-Дәріс
Тақырыбы: Сервер және жұмыс станциялары.
Жоспар:

  1. Ақпаратты өңдеу жүйесінде компьютерді қолдану

  2. Клиент-сервер технологиясы

  3. Серверлік желілер

Жергілікті желілердегі компьютерлердің бір-бірімен қарым-қатынас жасау сипатын олардың функциональдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан. Берілгендерді өңдеу процесі клиент серверге күрделі процестердің орындалуына, файлды оқуға, берілгендер базасынан информация іздеуге және т.б сұраныс жібере алады. Сұраныс орындалып, нәтижесін сервер клиентке жөнелтеді. Клиент алынған берілгендерді өңдеп, нәтижені қолданушыға ыңғайлы түрде береді. Осындай байланысқан жүйе клиент сервер деп аталады.


Жергілікті желі аймағында да компьютердерді тікелей байланыстыру кезіндегі сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылады. Клиент-сервер технологиясы - жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір компьютер (сервер) өз құрылғыларын басқаларға - клиенттерге пайдалануға бере алады.
Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді. Бір деңгейдегі желілерде айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның ерекшелігі - әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігін барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін боліп береді.
Көбінесе бір деңгейдегі желілер мүмкіндіктері бірдей компьютерлерді біріктірген кезде құралады. Бір деңгейдегі желілер жұмыс істеуге ыңғайлы, олардың қызметі де қарапайым түрде жүзеге асырылады.
Егер компьютерлер саны аз болып, олардын негізгі функциясы бір-бірімен мәлімет алмасу болған жағдайда, ең тиімді шешім - оларды бір деңгейлі желілерге біріктіру болып табылады. Мұндай желі кең тараған Windows 98 операциялық жүйесінін басқаруымен жұмыс істей береді.
Мәліметтердің компьютерлерге таралып орналасуы және әр жұмыс станциясының ресурстарын ортақтастыруды өзгерту мүмкіндігі бір денгейдегі желілердегі мәліметтерді заңсыз пайдаланудан сақтауды қиындатады. Осыған орай мамандар мұндай желілердегі ақпаратты сақтау мәселелеріне өте көп көңіл бөлуге мәжбүр болып отыр.
Бір дейгейдегі желілердің тағы бір кемшілігі - олардың жұмыс өнімділігінің төмендігі. Ол ресурстардың әр жұмыс станцияларына бөлініп, жұмыс кезінде олардың әрқайсысының әрі клиент, әрі сервер қызметін атқаруына байланысты болып отыр.
Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған - оның кейбіреуі сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады.
Компьютерлік желілердің атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар, олар: желілік сервер, файлдық сервер, баспа сервері, пошталық сервер, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет