«Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығы» кмм директоры 2023ж. № бұйрығына қосымша Білім беру ұйымдарының 7-8 сынып және 9-10 сынып оқушылары арасында өтетін «Бірлігі бүтін елдің түтіні түзу ұшар»



бет1/4
Дата01.03.2023
өлшемі28,78 Kb.
#70749
  1   2   3   4
Байланысты:
Қазыбек эссе ереже 10.02.23ж


«Түркістан облысының білім беруді дамыту
орталығы» КММ директоры
2023ж. «______»____________
______ бұйрығына қосымша


Білім беру ұйымдарының 7-8 сынып және 9-10 сынып оқушылары арасында өтетін «Бірлігі бүтін елдің түтіні түзу ұшар» тақырыбындағы облыстық
сырттай эссе байқауының
ЕРЕЖЕСІ


1- ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1. Осы Ереже облыстық 7-8 сынып және 9-10 сынып оқушылары арасында «Бірлігі бүтін елдің түтіні түзу ұшар» тақырыбындағы облыстық сырттай эссе байқауының (бұдан әрі – байқау) өткізу және оған қатысу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
1.2. Байқау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

    1. Байқауды Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығы мен Түркістан қаласындағы «Қазыбек би», «Төле би» қоғамдық қайырымдылық қорларының мүшелері өткізеді.

    1. Байқауға білім беру ұйымдарының қазақ, орыс, өзбек, тәжік, ағылшын тілі пәндері бойнша 7-8 сынып және 9-10 сынып оқушылары қатыса алады.

    2. Байқауды өткізу үшін қатысушылардың кворумы жалпы санының үштен екі санынан кем болмауға тиіс.

    3. Байқау сырттай өткізіледі.

    4. Байқауға дайындық, оны өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру және жүзеге асыру үшін облыстық білім беруді дамыту орталығының директоры бұйрығы негізінде ұйымдастыру комитеті құрылады. Облыстық ұйымдастыру комитетінің құрамына «Қазыбек би» қорының төрағасы, «Төле би» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы, білім беруді дамыту орталығының директоры, директор орынбасары және кафедра меңгерушілері енеді.

    5. Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығы ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып табылады.

    6. Байқаудың қазылар алқасы: төрағадан (төрайымнан) және алқа мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының төрағасы (төрайымы) мен мүшелерін облыстық білім беруді дамыту орталығының директоры бекітеді.

    7. Қазылар алқасының құрамына ЖОО оқытушылары, біліктілікті арттыру орталықтарының мамандары, жоғары біліктілігі бар педагогтер кіреді.

    8. Сырттай эссе жазу байқауын өткізудің нақты мерзімін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының білім беруді дамыту орталығының басшысы белгілейді.

    9. Сырттай эссе байқауының облыстық кезеңін өткізудің ұйымдастыру комитеті:

– Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығы, «Қазыбек би», «Төле би» қоғамдық қоры төрағалары өткізудің жалпы тәртібін белгілейді;
– Тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады;
– Байқаудың қорытындысы бойынша баспасөзге жариялауға береді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет