Байқаудың мақсаты: XYII-XYIII ғасырлардағы қоғам және мемлекет қайраткерлері, «Қазақтың үш пайғамбары» атанған билердің шешендік өнер шежіресін, рухани мұрасын насихаттау.
Міндеттері: - оқушылар арасында Төлеби, Қазыбек би, Әйтеке би шығармаларын насихаттау;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, дарындарын анықтау;
- оқушылардың поэзияға, шешендік өнерге деген құштарлығын арттыру, өлең мен шешендік сөздердің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.
- өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;
- жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен
шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.
Байқауды ұйымдастыру комитетінің міндеттері
3.1. Облыстық ұйымдастыру комитеті:
Байқаудың барлық кезеңдерін өткізу тәртібін анықтайды;
Байқау тікелей басқаруды жүзеге асырады;
Байқаудың жоғары деңгейде өтуі үшін пәндер бойынша қазылар алқасы құрамын анықтайды;
қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады;
Байқаудың қорытындысына талдау жасайды және жинақтайды, есеп береді.
3.2. Ұсынылатын тапсырмалардың бағыттар (кезеңдер) бойынша сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Байқаудың қазылар алқасының міндеттері:
ұйымдастыру комитетіне байқаудың қорытындысы туралы есеп тапсырады;
ұйымдастыру комитетіне жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттау жөніндегі ұсыныстар жасайды;
байқаудың қатысушыларының орындаған жұмыстарына талдау жүргізеді;
жеңімпаздарды анықтайды және ұйымдастыру комитетіне жүлделі орындарды тағайындау үшін ұсыныстар береді.
2-ТАРАУ. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ 2.1. Байқауда 4секция жұмыс жүргізеді: қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі мен әдебиеті, өзбек, тәжік тілдері мен әдебиеті, ағылшын тілдері бойынша 7-8 сынып және 9-10 сынып оқушылары қатыса алады.
2.2. Байқауға жоғарыда аталған пәндер бойынша аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысады.
2.3. Байқауға қатысатын оқушының жазушылық талабы болуы және байқаудың аудандық кезеңінен жүлделі орынды иеленген оқушылар болуы шарт.
2.4. Байқау ІІ кезеңде өткізіледі: бірінші кезең – аудандық (қалалық) 2023 жылдың 27 қантарға дейін өткізілуі тиіс;
екінші кезең - облыстық.2023 жылдың 10 ақпанында өткізіледі.
2.5.Байқаудың жалпы өлшемшарттары, байқау жеңімпаздарын анықтау