Түрлерінің жалпы саны 35 мындай. Кұрылысы. Мүк тәрізділердің өмірлік циклінде, басқа жоғарғы сатыдағы өсімдіктердегідей екі фазасының- спорофиті мен гаметофитінің алмасуы байқалады



Дата29.10.2022
өлшемі18,56 Kb.
#46097
түріСабақ

Түрлерінің жалпы саны 35 мындай. Кұрылысы. Мүк тәрізділердің өмірлік циклінде, басқа жоғарғы сатыдағы өсімдіктердегідей екі фазасының- спорофиті мен гаметофитінің алмасуы байқалады. Алайда бұлардың гаметофиті басым болып келеді, ал қалған жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің барлығының спорофиті басым болады. Осы ерекшелігіне байланысты мүк тәрізділерді өсімдіктердің эволюциясында дербес бүйірлік бұтақ ретінде қарастырады. Гаметофит дегеніміз жапырақ тектес таллом немесе сабақтан және жапырақтан тұратын өсімдік. Тамырлары жоқ, олардың қызметін ризоидгары атқарады. Ал ризоидгар дегеніміз өсімдіктердің сыртқы клеткаларынан пайда болатын өсінділер болып табылады. Жыныстық көбею органдары көп клеткалы. Мүк тәрізділердің спорофиті спорогон деп атальшады, ол гаметофитке бағынышты. Морфологиялық тұрғьщан қарағанда спорофит жоғарғы үшы шар тәрізді, эллипс тәрізді немесе цилиндр тәрізді болып келетін қорапшамен аяқталатын, жіңішке сағаққа үқсас аяқшасы бар орган. Қорапшаның ішіңце спорангилері мен споралары жетіледі. Спорогон гаметофитпен тығыз байланыста болады, өйткені одан суды және қажетгі қоректік затгарды алады. Мүк тәрізділердің ең үлкенінің вегетативтік денесінің мөлшері (размері) гаметофиті мен спорогонын қосып есептегенде 60 см. аспайды. Мүк тәрізділер сырт қүрылысы және экологиясы жағынан балдырларға жақын. Балдырлар секілді, олардың да сосудтары мен тамырлары болмайды. Кейбір қарапайым өкілдерінің вегетативтік денесі жерге төселіп өсетін дихотомия лы бұтақтанған балдырлардың талломына үқсас талломнан түрады. Ұрықтануы сумен тікелей байланысты. Балдырлар секілді мүк тәрізділердің ішінде де, ағаштанған формалары болмайды. Таралуы. Мүк төрізділер дүниежүзінің барлық қүрлықтарында кездеседі, бірақ таралуы біркелкі емес. Тропикалық елдерде олар негізінен таулы жерлерде өседі. Аздаған түрлері ылғалы жеткіліксіз жерлерде, мысалы шөлейт аймақтарда кездеседі. Кейбір түрлері ағаштардың қабыгында эпифит 280 ретіңце немесе суда өмір сүреді. Түрлерінің басым көгапілігі солтүстік ендіктің қоңыржай және суық климатты облыстарының ылғалы мол жерлерінде өседі. Мүк тәрізділердің тундраның, батпақты жерлердің және орманның өсімдіктер жабынының қалыптасуында алатын орны ерекше. Классификациясы. Мүктәрізділер үш класқа бөлінеді: антоцероттылар класы, бауыр мүктер класы , нағыз мүктер класы (листостебельные мхи, или мхи, или бриопсиды (Bryopsida, или Musci). Ең маңыздылары соңғы екі кластың өкілдері. Сондықтанда біздер осы екі класқа тоқталуды жөн көрдік

НАҒЫЗ МҮКТЕР КЛАСЫ (НАСТОЯЩИЕ МХИ) - BRYOPSIDA, HEMECE MUSCI Түрлерінің жалпы саны 25 мыңдай болады. Коптеген түрлері солтүстік ендіктің поляр шеңберіне жақын орналасқан елдерінде өседі. Тундраның үлкен кеңістігінде, батпақты және орманды жерлердің өсімдіктер жабынында олар басым болып келеді, және құрлықтың сумен қамтамасыз етілуіне үлкен әсері болады. Гаметофигі тік сабақтық өстен (каулидий) тұрады. Оның сыртын жапырақ тәрізді өсінділер (филлидий) жауып тұрады. Оларды шартты түрде жапырақ және сабақ деп айтуға болады. Сабақтың төменгі жағынан көптеген ризоидтары пайда болады. Бүйірінен бұтақтанады. Өстің үзындыққа өсуі үстіңгі пирамидальды клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады. Өсуі моноподиальды немесе симподиальды болуы мүмкін. Соған байланысты жыныстық көбею органдары және спороганы гаметофиттің жоғарғы жағында немесе бүйірлік бүтақшаларында орналасады. Нағыз мүктер класы үш кластармағынан тұрады: андреев мүктері кластармағы, шымтезек мүктері кластармағы (сорагновые, или сфагниды — Sphagnidae), жасыл мүктер кластармағы (бриевые, или брииды — Bryidae



ПЛАУНДАР КЛАСЫ (ПЛАУНОВЫЕ) - LYCOPODIOPSIDA Бүл класқа тең споралы плаун тәрізділер жатады Плаундар класына мынадай үш қатар жатады: астероксилондар қатары (Asteroxylales), плаундар қатары (Lycopodiales), протолепидодендрондар қатары (Pfotolepidodendrales). Бұлардың біріншісі мен үшіншісі түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер. Ал плаундар қатары ертеде жойылып кеткен фикустар тұқымдасынан (Drepanophycaceae) және осы кластың қазіргі кезге дейін жеткен плаундар түқымдасынан (Lycopodiaceae) тұрады. Плаундардың спорофиттері көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Сабағы мен тамырының камбиі болмайды. Жапырақтарыньщ тілшелері болмайды. Спораларыньщ мөлшері бірдей. Гаметофиттері қосжынысты, 1—15 жылдың арасында пісіп жетіледі. Көптеген түрлері жойылып кеткен. Қазіргі кездегі флорада кластың екі туысы бар. Оның ең көбі және кең таралғаны плаун (Lycopodium). Плаундардьщ шаруашылықтағы маңызы шамалы. Оларды мал жемейді. Плаундардан дәрі алынады. Плауңдардың спорасы ертеден медицинада қолданылып келген, оның құрамындағы май ешуақытта кеппейді (тоңбайды). Оларды жас баланың тақымына себетін ұнтақ (детская присыпка) ретінде пайдаланады. Кейде мұндай спораларды қалыпқа құйылған затгың қабырғаларын жылтырату және олардың сырт формасын әдемі корсету мақсатында паңдаланады. Шоқпарбас плаун (Lycopodium clavatum) . Қылқанжапырақты ормаңдарда кең таралған өсімдікх Спорофиті жерге төселіп өсетін сабақтан тұрады. Оның вертикаль бағытта көтеріліп тұратын бұтақтары мен томен қарай кететін қосалқы тамырлары болады. Сабағы мен тамырларьшьщ төбелік тармақталған бұтақтары болады. Өткізгіш шоқтары сабақтың ортасыңда орналасады . Орталық цилиндр сабақтың аз ғана бөлігін алып жатады. Қабық қабатының жалпақ зонасына жапырақтың іздері өтіп жатады. Камбиі жоқ. Сабағы мен жапырағының сыртын эпидермис қабаты қаптап тұрады, онда устьице аппараттары болады. Жапырақ тақтасы таспа тәрізді, шеттері тегіс, үзын болып келетін жіңішке жіпшемен аяқталады. Вертикаль бағытга тік көтеріліп түратын сабақтарының ұшында, біршама үзын аяқшаның (көтерменің) үстінде екіден (сиректеу 3—5- тен) спора түзетін масақтары орналасады. Масақтың формасы цилиндр тәрізді, оның өсі болады. Өсті айнала спорофилдері, басқаша айтқанда үштары үшкір, өрі жоғары қарай қайрылған қабыршақ тәрізді үш бүрышты жапырақтары орналасады.
Спорофилдің үстінде қысқа аяқшасы бар бүйрек тәрізді спорангиі орналасады. Оның ішінде споралар жетіледі. Споралары бірдей, үсақ, формасы тетраэдр тәрізді болып келеді. Спородермасы (спора қабықшасы) екі қабаттан тұрады: сыртқы экзиннен, және ішкі интиннен. Спорангилері көлденең жарықшақтары арқылы қақырап ашылады. Споралары жерге шашылып, бірнеше сантиметрлік тереңдікте жайлап (12—15 жылдың ішінде) өсіп гаметофитке айналады. Формасы жағынан гаметофит пияздың баданасына (луковицы) ұқсайды, кейіндеу ұлғайып өсіп оның диаметрі 2 см дейін жетеді. Бұл жағдайда оның формасы өзгеріп астау тәрізді қалыпқа келеді. Гаметофит түссіз болып келеді, ризоидтары болады. Эпидермистің астында жатқан клеткалары саңырауқұлақтың мицелиімен симбиозда болады. Кейбір түрлерінің гаметофиті топырақтың бетінде жатады, бүл жағдайда оның клеткаларында хлоропласттар пайда болады. Антеридийлері мен архегонийлері гаметофиттің үстіңгі бетінде орналасады және паренхималык,. ұлпаға (тканьға) еніп жатады. Сперматозоидтары көп, екі талшықты болады. Ұрықтануы сумен байланысты. Зигота тыныштық қалпына көшпей-ақ бірден өсіп спорофиттің ұрығын береді. Ол алғашқы кезде гаметофиттің үлпасыша еніп жатады және оның есебінен қоректенеді. Бірақ көп ұзамай үрықтан тамыр кетіп, жерге енеді, содан соң барып спорофиттің үзақ уақыттар бойы дербес өмір сүруі басталады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет