11. Мүктәрізділер бөлімінің ерекшелігі, құрылысы, көбеюі, классификациясы



бет1/10
Дата14.09.2023
өлшемі49,79 Kb.
#107584
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Өсімдік систематикасы 11-20 сұрақ (копия)


11. Мүктәрізділер бөлімінің ерекшелігі, құрылысы, көбеюі, классификациясы.
Мүктәрізділер (лат. Bryophyta) — жоғары сатыдағы автотрофты өсімдіктердің құрылысы қарапайым тобы. Қазба қалдықтары карбон кезеңінен белгілі. Үштік және төрттік кезеңдерде Мүктәрізділер құрлыққа тарап, ареалдары қалыптасты. Құрлықтағы тіршілікке бейімделген алғашқы өсімдіктердің бірі. Мүктерде өткізгіш не тірек ұлпалары жоқ, сондықтан олардың көлемі шағын болады және тек ылғалды жерлерде ғана өседі. Мүктердің даму циклінде гаметофит басым болып келеді. Бұл сабақтары, жапырақтары және ризоидтары бар көпжылдық жасыл өсімдік. Мүк спорофиті- үлкен гаметофиттің жоғарғы жағындағы қауашақ, онда споралар жетіледі.
Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың бетiнен көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады. Климаты аса қатал Артика мен Антарктиданың бiр қатар аудандарында жоғары сатыдағы өсiмдiктерден тек мүктер ғана өседi. Мүктердi зерттейтiн ғылымды Бриология деп атайды.
Көпшілік түрлері көп жылдық, аздаған түрі ғана бір жылдық өсімдіктер. Мүк тәрiздiлер аласа болып келетiн көпжылдық, сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер. Мүктердiң биiктiгi бiр миллиметiрден 70 сантиметрге дейiн жетедi. Мүктердiң құрылысы өте қарапайым түрлер де болады. Бiрқатар мүктердiң жер бетi бөлiгi тармақталып төселiп өседi, оны таллом деп атайды. Талломды мүктер көп клеткалы балдырларға ұқсас келедi. Мүктердiң басым көпшiлiгiнiң сабағы мен жапырағы болады. Барлық мүктерде тамыр болмайды. Тамырдың қызметiн ризоидтары атқарады. Ризоид — бiр немесе бiрнеше клеткалардан тұратын жiңiшке жiп тәрiздi эпидермистiң өсiндiсi. Ризоид арқылы өсiмдiк топырақтан суды және онда ерiген минералды затарды бойына сiңiредi.Мүк сабағының сыртын бiр қатар клеткалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл клеткалардың хлорофилдерi болмайды. Қабықшаның астында клеткалары хлоропластарға толы, жақсы жетiлген фотосинтездеушi ұлпа орналасады. Өткiзгiш, тiрек, қор жинаушы және жабын ұлпалары нашар жетiлген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасмалдануы өткiзгiш ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады.
Түсі – жасыл қоңыр, қызыл қоңыр. Белгілі бір затқа ризоидтары арқылы жабысып бекиді. Құрамында хлорофилі бар. Даму циклінде автотрофты гаметофиттің үлесі басым. Гаметофиттер ұзақ уақыт бойы дербес вегетативтік жолмен көбейіп таралады. Гаметангиялары екі түрлі жолмен: аталық (антеридия) және аналық (архегония) жыныс жасушалары жұптасып бір өсімдікте немесе бөлек екі өсімдікте пайда болады. Жыныстық көбеюден пайда болған зиготадан спорофит өсіп шығып, онда жыныссыз көбею органдары – спорогандар түзіледі. Соның ішінде споралар пісіп жетіліп, сыртқа шашылып, ауамен, сумен таралады. Споралары гаплоидты, олардан гаметофит өсіп жетіледі.Мүктәрізділердің табиғатта судың тепе-теңдігін сақтауда маңызы зор. Кейбір түрлері (мысалы, сфагнум) антибиотик ретінде медицинада қолданылады. Сондай-ақ құрылысқа қажетті престелген тақтайшалар жасауға, ауыл шаруашылығында, әсіресе, отын көзі (шымтезек) ретінде пайдалынады. Өте сирек кездесетін түрлері: тықыр сфагнум, ірі жапырақты пахифиссиденс, жатаған ортотрихум қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Классификациясы. Bryophyta бөлімі 3 класқа бөлінеді: бауыр мүктер класы, антоцероттар класы және жапырақты сабақты мүктер класы. Айта кеткен жқн бірқатар бриологтар антоцероттарды бауыр мүктеріне жатқызып, оларды осы кластың бір тармағы немесе қатары ретінде қарастырады. Мүк тәрізділерді инвентаризациялау әлі күнге дейін аяқталмаған, әсірессе бриологтар тропикалық және оңтүстік жарты шар аймақтарын нашар зерттеген. Дүние жүзі бойынша шамамен 22000 – нан 27000 – ға дейін мүк тәрізділердің түрлері кедеседі. Олардың 8500 дейін бауыр мүктері, 14500 ге дейін жапырақты – сабақты мүктер және 300 дей түрін антоцероттар түзеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде түрлерінің саны жағынан мүк тәрізділер гүлді өсімдіктерден кейінгі екінші орында.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет