СЕЗІП ЖҮРЕМ
Жерде жүрмін жаным жүдеп, жабығып
Мені олар күндей берсін жабылып.
ҒАРЫШ жаққа кетіп қалмай мен осы,
Бұл фәниде қалып қойдым нағылып?
Қайыңдардың қимадым ба АҚ түсін,
Сезіп жүрем маған қарсы жат күшін.
Сен басыма қайта айналып қонғанша,
Өлеңімді жаза берем, бақ құсым.
Менен алыс ұшып кете алмайсың,
тағдыр сені білемін ғой, алдайсың,
Менің аңғал, жаны жайсаң досымдай,
Неге меңен бір алданып қалмайсың.
Маңдайымнан демейінші бақ тайды,
Құдай мені сақтап келді, сақтайды...
Ақындарды қиын, рас, түсіну -
ПОЭЗИЯНЫ түсіндіріп жатпайды.
96
П Е Р І Ш Т Е Г Е А Й Н А Л Ғ А Н А Я У Л Ы
А Қ Ы Н Н Е М Е С Е
СОҢҒЫ СӨЗ ОРНЫНА
Ақын өтті өмірден.
Қандай ауыр, қандай қасіретті сөз еді де-
сеңізші?!
Тұрсын Жұмаш небәрі 36 жыл ғана ғұмыр
кешті. Жүрегіне ұялаған ПОЭЗИЯ гүлі енді-енді
бүршік жарып, жауқазындай жайнай бастаған
шағында кенеттен... ол аяқ астынан сол жақ ке-
удесін ұстаған қалпы дүниеге аттанып жүре
берді...
Өкінішті-ақ! Оның халқына бергенінен, берері
көп-ті. Өмір-өзенде Жыр желкенін енді-енді
емін-еркін есе берген мезетте... Қандай аяныш-
ты?! Бұл кездейсоқтық па? Әлде ақынның өзі
кінәлі ме? Жо-Жоқ! Оның талантын дер кезінде
тани алмаған, оны бағаламаған біздер, иә, біздер
кінәліміз.
- Түңілдіріп алдыңдар ғой, алдыңдар,
Мені көріп, түк түсінбей қалдыңдар.
Өлім деген немене ол, түк те емес,
Көз тірімде көрге апарып салдыңдар, - деп
ашына жазар ма еді қайран ақын құдіретті
қаламымен,
Тұрсын Қазыбек би ауданына қарасты
"Қазақстанның 40 жылдығы" атындағы
кеңшардың Шөптікөл бөлімшесінде 1959 жылдың
11-маусымында дүниеге келген. Бір қызығы,
аудан орталығында орыс орта мектебін
тәмәмдаған. Екі мәрте жоғары оқу орнына сту-
дент боп қабылданған. Бірақ өз еркімен бір жыл-
дан соң шығып кеткен.
99
КӨЗІМ ЖЕТТІ
Періштелер - достарым Аспандағы,
Шыңыраудан шықты алып, жасқанбады.
Көргендерім бұл менің үш ай ұйықтап,
Сосын қайта көзімді ашқандағы.
Құпиямды Кім едің ашатындай,
Қызулана кетемін жас ақындай.
Еркелегім келеді Адамзатқа,
Кеудесіне мені Олар басатындай.
Бір Алланы іздесең, Көктен ізде,
НҰХ пайғамбар кемесі көк теңізде...
МҰХАММЕД пайғамбар... Ол да тірі,
Құлдық ете беріңіз, сөкпеңіз де.
Иесіз емес Аспан асты мына,
Дұшпандардың түкірдім қастығына,
Алланың жолында жүргендіктен,
Сөйлеймін мен көзіме жас тығыла...
Санамда өткен өмір жүрген еді,
Өлген соң Адам басқа түрге енеді,
Кеудені тастап ұшып ЖАН кетерде,
Қиналып айтқым келді бірдеңені...
Жердің үстін келмейді тастағым да,
Өмірден үміт үзе бастадым да...
ҚАЗАҚ Елі, мен саған қайта оралдым,
Өліп, қайта тірілдім қасқағымда.
Қайта оралдым туған жер, мекеніме
Еріп кетпей ажалдың жетегіне...
Көзім жетті.., О, МҰҚА, бұл өмірдің,
Бір күндік сәуле ғана екеніне.
98
төрағалығына басшыларға жақпағандықтан жара-
мады. Ол жағымпаздықты білмейтін. Тілі өткір-
ді. Сондықтанда айналасы атшаптырым аудан ор-
талығындағы таланттың бірі бола тұрып, екі
бөлмелі пәтеріне телефон қойғыза алмады.
Тұрсынның талантын жете бағалап, тым бол-
маса Қарағандыға қызметке шақыруға қазақтың
бірде-бір басшысы тәуекел етпеді. Облыста
отырған, оны білетін басшысымақтар жұмсақ
орындығына жабысқан күйі қозғалмай отыра
берді....
Ең сорақысы сол, ол да Ұлы Абай атамыз
сияқты айналасы 300-400 шақырым жерден әріге
ұзап көрмепті. Бір жағы - Қарағанды, әрісі -
ата-бабасының жұрты - Абыралы. Одан өзге
өңірде оның ізі қалмады.
- Амандық болса, - деді ол осы жолдардың ав-
торына өлерінен алты ай бұрын жолығып, сыр-
ласқанда, - келер күзде өлеңдерімді мәшіңкіге
бастырып, Алматыға қарай сапар шегем.
Рас, ол астананы көруге жиналды. Болашақ
жыр жинағының жартысын өз қолымен ұқыптап,
тәртіпке келтірді. Бірақ...
Әсілі бұ дүниеден түңіліп, өзге дүниені
қалаған кісінің ойын Аллатағала да еститін болса
керек. Оның адамдардан көңілі қалғандығы со-
ншалықты, ұшып бара жатқан құстармен де; жы-
мыңдаған түңгі аспандағы жұлдыздармен де; сыб-
дыр еткен көк терекпен де; уілдеген желмен де;
үн-түнсіз бұйығып жатқан Балқантаумен де; та-
биғатқа көрік қосқан көк шөппен де, бәрі-
бәрімен сырласты, өзінің мұңын соларға ақтарды.
Тіпті Періштеге айналдыра гөр деп Көктегі
101
"Өзіңнен білім дәрежесі артпайтын кей мұ-
ғалімдердің алдында кіріптар болып отыру қиын
екен, - деп ағынан жарылады ол кейіннен
оқудан шығуының себебін түсіндіріп. - Бәрінен
бұрын олардың әлдеқандай бола қалатынын айт-
саңшы?
- Мен өзімнен қорқамын, қауіптенем,
Көшіп келем, бұлттардай ауып келем.
Он төртімде көкейді шындық тесіп,
Он төртімде мені іздеп ... тауыпты Өлең!
Ақынның осы бір шумағынан 22 жыл бойы по-
эзиямен достасып, бірге өмір сүргендігін білеміз.
"...айдарынан желі есіп тұрған мына өлеңдердің
әлдеқашан-ақ айы оңынан туатын жөні бар емес
пе?" деп талантты ақын, қазірде "Жазушы" бас-
пасының директоры Есенғали Раушан 1992 жылы
ақиқатты мойындаған болатын. Ол алыс аудан-
дағы дарын иесінің болашағы зор екендігін ре-
спубликада бірінші болып аңғарды. Өзінің жүре-
кжарды тілегін ақтарған-ды.
Ал бұл кезенде Тұрсынның тағдыры оңып
тұрмаған-ды. Бір жағыңан тұрмыс ауыртпалығы,
екінші жағынан небір құқайды көргендіктен нәзік
жүрегіне сызат түскен еді.
Ол кім болып жұмыс істемеді?
Ол моншада от жағушы да болды.
Ол күзетші де болды.
Ол аудандық газетке тілші боп қабылданды.
Бірақ көре алмаушылардың "сасық қулығымен"
қуылды. Ол жұмыссыздық КСРО-да атымен жоқ
деп бөркімізді аспанға атқан тоқырау кезінде ке-
рексіз боп көшеде қалды.
Ол ақырында аудандық тіл жөніндегі комитет-
ке "қызметке" орналасты. Бірақ оның
100
Тәңірмен де қазақтың қара өлеңі арқылы
тілдесті.
Тұрсын былай қарағанда пессимизмге са-
лынғандай болып көрінгенімен, ол - оптимист.
Ол өмірді жанындай сүйді. Адамдарға "өлім« де-
геннен қорықпаңдар, адамның жаны мәңгі
өлмейді" дей келіп жарық дүниеге ештеңе жет-
пейтіндігін, сыйласа білушіліктің ауадай
қажеттілігін ұғындыруға тырысты.
"... Мені ешкім жұбатқан жоқ еді ғой,
Ал мен өзім ешкімді жылатпаймын - дейді ол
"Ғарыш мен тартады" деген жырында. Қандай
адал, қандай пәк сезім десеңізші?
- О, Жер-Ана, саған беріп тәнімді,
Аспанға алып ұшып кетем әнімді.
Поэзияны түсінетін адамдар -
Кетіп барам жақсы көріп бәріңді, - дейді тағы
бір өлеңінде.
Шын жүректен шыққан ақиқат осындай болар.
Егіндібұлақ ауданында (қазіргі Қарқаралы - А.С.)
тұңғыш рет Семей полигонына қарсылық ретінде
митинг өткізілгенде, Тұрсын Жұмаш үйінде
қарап жата алмай, "Халыққа арнап оқиыншы"
деп өлең шығарып, ала келеді. Амал не, сол
кездегі "Семей-Невада" қоғамының басшылығың
қолына алған "бір ағамыз" оған сөз бергізбейді.
Өзінің туған жерінде тұрып, жүрегінен туған
өлеңін оқуға рұқсат ала алмаған ақынның сол
кездегі жантебіренісін енді түсінген боларсыз.
Міне Тұрсындай аяулы ақынға деген сол кездегі
көзқарас!
- ХХ-ы ғасырды бұл дәріптеп,
Өлең жазар аусар емен мен енді.
Бүкіл әлем көрсін сені Кәріпбек,
102
Көрсет, қолсыз жаратылған денеңді! - дей ке-
лек:
- Болашаққа көз жібере аламын,
Бабалардың ұлылығын дәріптеп.
Қасіретке толы осынау даланың -
Қарсы тұру белгісі, ол - Кәріпбек! - дейді.
Осы өлеңнен айтыңызшы, қандай қателік көріп
тұрсыз?
Ұнады дейсіз бе? Ендеше, Тұрсынды
менсінбеген басшысымақтардың ар-ожданына сал-
дық бұл істі!
Біздіңше, Тұрсын бұл емес, келесі ғасырдың-
келешектің ақыны. Оның сүйікті оқырмандары да
- болашақтың еншісінде. Өйткені оны түсіну
үшін бір рет көз жүгірту азшылық, етпек. Әрбір
жолда терең пәлсапалық ой, ақиқат астар
жатқандай. Қане оқылық.
- Өмір жақсы, өйткені Күн бар мұнда,
Ажал оғын атады кім дарынға.
...Дүр етіп ұшып кетті көгершіндер
Қарғалардың үркітіп тұрғанымда.
Осы бір шумақтың өзінде қаншама салмақты
ой жатыр?
- Жүректің қаны тамшылап ағады,
Тұлпарлар кетіп, қамшы қалады.
О дүниеге мен өзім бармаймын,
Көзімде жүрген тамшы барады!
осылайша оның өлеңдерін оқи бергіңіз келеді,
оқи бергіңіз келеді... Бейне бір кәусар бұлақтай
іше бересің, іше бересің. Тұрсынның терең
иірімді, тебіреніске толы жырлары көңіліңді
еріксіз поэзия әлемінің тылсым дүниесіне қарай
жетелей түсетіндей.
103
Тауға да, тасқа да айқайлағанымызбен, Тұрсын
Жұмаш арамызда жоқ. Бірақ оның жүрегінен
туған тамаша жырлары қолымызда. Осыған тәуба
дейміз де. Өлеңі өлмеген ақынды өлді деп
ешқашанда ешкім айта алмаса керек. Ендеше
оның өлең-өміріне сәт-сапар тілейік.
- Мен көп ұзамай періште боп ұшып кетемін
- дедің досым-ай!
Бірақ мен саған сенбедім. .
- Түнде далаға шыға қалсаң, егерде бір жұ
лдыз саған қарап жымыңдаса, сол мен болам, -
деп күлдің аңғал азаматым-ай!
Тағы да саған сенбедім.
Ақырында 1995 жылдың 13-маусымында, 37
жасқа - мүшелге қадам басқаныңа небәрі екі күн
өткенде қабіріңе бір уыс топырақ тастадым. Ара-
мызда жарасқан достыққа қуанып жүргенде осы-
лайша қайғы уының дәмін таттым. Неге? Неге
асықтың, Тұрсын бауырым-ау?..
...Сені құшағына алған жер де, түнгі жұлдыз-
дар да, қиқу етіп төбемнен өткен құстар да
үнсіз. Мүлдем үнсіз. Қолыма түскен өлеңдерің
ғана жетім баладай жәутеңдеп, бірдеңе
тілегендей қарайды да тұрады. Отты көзқарасы
жанымды жегідей жейді. Қанша қиын болса да,
өзіңнен туған жырларыңды көгершін етіп,
қазағияның кең даласына ұшырып жіберуге ты-
рыстым.
Қолымнан келгені, бары осы.
Айтбай СӘУЛЕБЕКТЕГІ,
Қазақстан Журналистер Одағы сый-
лығының лауреаты,
1996-жылдың 4-мамыры.
Қарағанды-Егіндібулақ-Қарағанды.
104
АЗАМАТТАРҒА - АҚ АЛҒЫС
Талантты ақын Тұрсын Жұмаштың тұңғыш
жыр жинағының жарық көруіне ақ ниетін
білдіріп, қолынан келгенше көмегін көрсеткен
азаматтардың есімін атап өтуді парыз деп
білеміз. Олар мыналар: Қазыбек би аудандық
тұрғын-үй шаруашылық басқармасы (А.
Дәуіпбай), шаруашылықтар - "Қаракөл" (С.
Апақашев), "Балқантау" (Қ- Құттин), "Едірей"
(А. Жетпісбаев), "Қоянды" (Ғ. Кәріпбай),
Тәттімбет атындағы (Б. Әбдікәрімов), Нұрмақов
атындағы (Н.Мүрсәлімүлы), "Қазақстанның 40
жылдығы" (С. Рахметуллин), Мәди ша-
руақожалығы (Қ. Ыдырысов), аудандық көлік ме-
кемесі (Д. Мизамбеков), "Самал" сауда үйі (Б.
Камалиев), "Номад и К" фирмасы (Ө. Түсіпов),
және облыстық "Қазақ тілі" қоғамы (Ә.
Жәмпейісов).
Қазыбек би ауданының мұғалімдері ұжымы да
аз үлес қосқан жоқ.
Аудандық көлік басқармасының тізгіншісі
Байтөлеу Ысқақов пен Қарағанды қаласының су-
ретшісі Саят Сүлейменовтерге де рахмет айта-
мыз.
"Демеуші азаматтар" әрқашанда амандықта бо-
лып, өмірлеріңіз бақытты бола берсін демекпіз.
105
Мына мені
бір күні еске түсіріп,
Жылайсыңдар тағдырымды түсініп
Бұл фәниден
шындык, іздеп жүргенде,
алып кетті қанатына құс іліп!
Алып ұшып
кетті мені Ол биікке - (
Ақ періштем, қалай қисын күйікке.
Құдайменен
бірге жүрген жақсы ғой,
Жаным сені, үлгермедім сүйіп те...
Тұрсын Жұмаш
Достарыңызбен бөлісу: |