Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Қазір әшекереленіп отырған Тоғжанов, Жансүгіров сияқты ұлтшыл



бет56/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   273
«Қазір әшекереленіп отырған Тоғжанов, Жансүгіров сияқты ұлтшыл-фашист сілімтіктерінің, сол тектес жапон шпиондарының қолымен жас қазақ әдебиеті тұншықтырылды... Бандит Тоғжанов «сыншы» есебінде ұлтшыл-фашизмнің жансызы Жансүгіровті қазақ әдебиетінің «әкесі» етіп көрсетті»;

«Осыдан бір-екі ай бұрын ол (Сейфуллин Т. Ж.) өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» деп аталатын «тарихи роман» деп әспеттеген қайта басылған шығармасында өзін батырсымақ қып көрсетеді және контрреволюциялық алаштардың деректерін келтіріп, халық жауларын суреттейді. Өзінше дұшпандық энциклопедия!»;

«Қазіргі совет Жазушылар Одағының председателі Сәбит Мұқанов Сейфуллинді ауыздықтай алмады, оның өзі буржуазиялық ұлтшылдықтың айқайшысы, тірегі боп отыр. Өзінің ұлтшылдықпен уланған «Бай баласы» атты зиянды шығармасымен, қазақ әдебиетінің тарихын алашорданың көзімен баяндауымен Сәбит Мұқанов өзінің бағытын доғаша иіп барады. Ол енді контрреволюциялық, ұлтшыл кітаптың редакторы боп отыр. Контрреволюциялық, ұлтшылдықтың иісі аңқыған алашорданың белді қайраткері және идеологы болған кезінде жазған Әуезовтің әңгімелер жинағының алғы сөзінде, «егерде идеялықты есепке алмасаң Әуезовтің бұл әңгімелері мен басқа шығармалары оның үлкен шеберлігін танытады»,– деп жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет