Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Сонымен бір-бір романның соңындамыз. Мен осы жұмысыма жалпы әзірлік ретінде... биылғы жазда жалпы мәдениет дүниесінің екінші бір шетіне де көз салған едім»



бет52/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

«Сонымен бір-бір романның соңындамыз. Мен осы жұмысыма жалпы әзірлік ретінде... биылғы жазда жалпы мәдениет дүниесінің екінші бір шетіне де көз салған едім»,– деп ишара жасайды.

Демек, ұлы Абай образын жүрегіне ұялатып, тура жиырма жыл көкірегінде шайқапты. Ең соңғы төртінші кітапты 1954 жылы 18-ақпанда тамамдап, «сүйікті кейіпкерлерімен» қош айтысқан еді. Толғауы ұзақ ғұмыры да мәңгілік Абай бейнесі – отыз төртінші жылдан бастап Мұхтардың екінші өміріне, жан дүниесінің құлақ-күйіне айналды. Қайда жүрсе де бүйірінің бір түкпірінде бүлкілдеп, үміт шоғын үрледі. Оңашада сырласар тәтті арманының бесігін тербетті. Ең қасиетті сезімін, ең асыл сөзін соған арнап, жан сарайына ірке берді.

Ол сыр-сандығының пернелерінің неғұрлым көп, мол үнді, сиқырлы сазды әуенге кенелуін қалады. Әр ішекті еппен шертіп, ұзақ баптады.

Әрине, бір кезеңде айып боп тағылған әңгімелердің қайта басылуы «ұйымсыз жазушының» съезге қатысуы ешқандай кедергісіз, күдіксіз, өздігінен жүзеге аса салған жоқ. Оған да талай тосқауылдарды жеңіп, күйініштер мен сүйініштерді бастан кешуге тура келді. Ренішті күндер де аз болған жоқ. Қазан айының соңына қарай айтылған қуаныштың лебі ескен жоғарыдағы сөздердің алдында тұнжыраңқы тартқан көңілсіз шақтарының бір сәті, Мұхтардың ішкі толғанысы сол кездегі Ленинград университетінің студенті Темірғали Нұртазиннің есінде қалыпты. 1934 жылы тамыз айында Мұхтар Нева жағалауындағы қалаға келіп, комедия театрына барыпты. Үзіліс кезінде өзін айналсоқтап жүрген бозбаланы аңғарып:«–Бала, қазақпысың?»– деп жылы ұшырай сұрайды. Өмір жолы сан рет ажырасып, қайта тоғысқан шығармашылық ілтипат, өзара ықыласы мол ынтымақтастық сол кештен із тартады. Ленинград кеші. Әңгіме-сұхбат. Соңы сырласуға ұласады. Аты қанық тағдыры беймәлім қаламгердің жанын ауыртатын бір сұрақты албырт жас жігіт оқыстан бүйірлей қойып қалды. Істін, мәнісі мынадай:

Темірғали Нұртазин: «Жазушылардың Бүкілодақтық съезі ашылғалы жатыр. Таврия сарайында Ленинград жазушыларының жиыны болды. Мұқаң қонақ ретінде қатынасты. Үзіліс кезінде Мұқаңнан Бүкілодақтық съезге қашан жүретінін сұрадым. Жазушы тіксініп, өңі түнере қалды. Бірер минуттан кейін жылы шырайланып, жайды айтты. 1932 жыл. Газетте жарияланған хат. Сан қилы сөз, өсек-аяң, болжаулар, бопсалар... Ақыры Мұқаң съезге бармайтын жағдай болыпты. «Оны қойшы...»,– деп жазушы сөз соңын кілт үзді»,– дейді.

Иә, саналы өмірін мақсатты түрде шығармашылыққа арнаған адам үшін санатқа кірмей, сырттап жалғыз қалуы – үлкен рухани қорлық. Демек, ол өзін керек кезінде қайыққа отырғызып, қажетін өтеген соң жағаға ысырып тастайтын салынды шақты сезініп, шарасыздығына қатты қапаланған. Ішкі наразылығының сыртқа буырқанып шығып, тағы да басына пәле тілеп алудан сескеніп, дау-дамайдан алыс жүруі үшін Ленинградқа тартып кетуі де ықтимал. Әрі осындағы қаламгерлердің жиналысына қатысып, істің барысын, болашақ съездің бағыт-бағдарын аңдау мақсаты да болса керек. Анық мәселе сол – Мұхтар съезге делегаттыққа сайланбаған. Бірақ «Социалды Қазақстан» газетіндегі сұхбатының мазмұнына қарағанда құрылтайға қатысқан. Демек, «ұйымсыз жазушы» есебінде, қонақ ретінде баяндамалар мен жарыссөздерді тыңдаған. Дауыс беру қақысына ие болмаған.

Бұл – Мұхтар Әуезовтің әлі де саяси сенімсіз адамның қатарындағы тізімінен аты сызылмады деген сөз.

Бірақ ол күдік жазушылардың съезінен соң сейілді. Ресми түрде қаламгерлер сапына қосылды. Сондықтан да, бұрынғы шығармаларын қайта жариялаудың қажеттігі туды. Ондай мүмкіндіктің ретін табу да қиын, ал барлық жауапкершілікті бір адамның мойнына алуы – одан да қиямет еді. Соған қарамастан, Сәбит Мұқанов «бәйгеге басын тігіп», редакторлықты өз мойнына алды. Әңгімелердің қайта басылуының мақсатын оқырмандарға түсіндіру үшін екі бірдей алғы сөз жазуға тура келді. «Ескілік көлеңкесінде» атты шағын жинаққа «Жазушыдан» мынадай түсінік, дәлірек айтсақ, «өзін-өзі ақтау» сөзі берілді.



«Бұл әңгімелер менің 1925 жылдарға шейін әр кезде әр түрлі журнал, газеттерде басылған еңбектерімнің бір тобы еді. «Ескілік көлеңкесінде» деген жинақ, бұрынғы Қазақстан тарихында болған рушылдық, феодалдық ескілігінің көлеңкесінде, қойны-қонышында әр алуан көріністің азды-көпті елесін береді. Сол ескіліктің еркінде боп, көлеңкесінен шыға алмай, сезім-санасы болған жеке адамдар, жас-кәрілер, еркек-әйелдердің бір қауымы бар. Ой-санасы тұтқында, шырмауда. Сондықтан бір алуаны сол ескіліктің әрі құлы да, әрі ерікті, не еріксіз сүйеушісі, жоқшысы да. «Ескілік көлеңкесінде» тағы бір қауым бар. Ол, сол ескіліктің езгісінен әлі шыға алмаған – қоғамдық шаруашылдың таптық қалі ескілікте. Бұлардың қол-аяғын тұсап беріп қойған қауым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет