ТҰрсын жұртбай



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі287,18 Kb.
#6497

Sauap.org 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ 

 

 

 



ҰРАНЫМ – АЛАШ!

 

 

 (жалғасы) 

 

 



Sauap.org 



2. 

 

Жол  үстінде  тұтқындалған  Халел  Ахметжанұлы  Ғаббасов  Қызылорда 



қаласына  әкелінді.  1928  жылы  10  қараша  күні  тергеуші  Ольшанский  

Қылмысты  істер  кодексінің  58  бабының  13,17  тармақтары  бойынша  айып 

тағып,  жауапқа  тартқан.  Сол  ұйғарым  бойынша  ОГПУ-дің  Қазақстан 

бойынша  ӛкілдері  Саенко  мен  Петровтан  Ғаббасовты  тұтқынға  алу  туралы 

келісім  сұраған.  15  қараша  күні  ресми  түрде  түрмеге  қамалды.  Тұтқындау 

туралы  ұйғарымында  Халел  Ғаббасовқа:«қарулы  кӛтеріліс  ұйымдастыру 

үшін  қасақана  ауылына  барды»,  **  –  дегеннен  басқа  айып  тағылмаған.  Ал 

Жоғарғы соттың анықтамасына жүгінсек: 

 

«1927  жылы  далада  (?)  қарулы  кӛтеріліс  ұйымдастырды  деп  тағылған 



айып  та  ешқандай  дәлелсіз.  Бұл  да  Әділевтың  жалаң  сӛзіне  құрылған   

даурықпасына  ғана  негізделген.  Бұл  __  мәселе  жӛнінде  жауапқа  тартылған 

Дулатов  та,  Байтұрсынов  та,  Есполов  та,  Ғаббасов  та  және  басқалары  да 

мойындамаған, олар қарулы кӛтеріліс ұйымдастыруды мақсат етпеген. Олар 

елдеріне  ӛз  ӛмірлерін  сақтау  үшін  ғана  кетпек  болған,  себебі:  СССР  мен 

Англияның  арасындағы  жағдайдың  нашарлауына  байланысты  екі  арада 

соғыс  басталады,  сондықтан  да  бұларды  бұрынғы  алашордашылар  ретінде 

қуғындап, қысымға алады деп ойлаған». ** 

Әр сӛзі – аса маңызды тарихи оқиғалардың астарын ашып беретін Халел 

Ғаббасовтың  тергеушіге  берген  жауаптарын  рет  санын  сақтай  отырып 

келтіреміз.  Сондай-ақ  1926  және  1928  жылдары  Х.Ғаббасовтың  ӛз  қолымен 

толтырылған  екі  анкетаны  салыстыра  пайдаланғанымызды  ескерте  кетеміз.  

Ӛйткені бұл адам туралы мағлұматты ел-жұрт толық біле бермейді. 

 

«Анкета:  1.  Мекеменің  аты  және  атқаратын  қызметі  Мемлекеттік 



Жоспарлау мекемесінің финанс-экономика секциясының меңгерушісі . __ 2. 

Әкесінің, ӛзінің аты-жӛні /strong> * Халел Ғаббасов Ахмеджанұлы. * 3. Жасы 

* 40-та (1888 жылы туған). * Ұлты /strong> * қазақ. * 5. Қандай елге, қай руға 

жатады  *  руым  тобықты.  *  Бұрынғы  шыққан  тегі  мен  дәрежесі  -  малшы 

семьясынан  шыққан.  7.  Мекен-жайы  (ӛмірінің  кӛбін  ӛткізген  жері)  –  Семей 

губерниясы.  8.  Тұрағы  (қазіргі)  /strong>  *  Қызылорда.  *  9.      Семьялық 

жағдайы,  ӛзінің қарамағына  қарайтын семья мүшелері, еңбекке жарамдысы 

қанша,  жарамсызы  қанша  *  әйелім,  балаларым  бар.  (Екеу  *  -  *  біреуі  12 

жаста,  екіншісі  2-де),  14  жасар  інім  бар.  *  10.  Білім  дәрежесі  -  1915  жылы 

Москва  университетінің  физика-математика  факультетін  бітірдім.11. 

Мамандығы  /strong>  12.  Қай  тілде  сӛйлеп,  жаза,  оқи  аласыз  *  орыс  және 

қазақ  тілдерінде.  *  13.  Февраль  Революциясына    дейін    немен 

шұғылдандыңыз (Егер қызмет істесеңіз /strong> қайда және қандай қызметте 

болдыңыз)  *Революцияға  дейін  Семейдегі  ұсақ  кредит  мекемелерінде 

істедім.  Революциядан  кейін  1918  жылдың  қаңтарына  дейін  Губревкомның 


Sauap.org 

тӛрағасы,  облыстық  жер  бӛлімінің  тӛрағасы,  облыстық  қазақ  бӛлімінің 

тӛрағасы  міндетін  атқардым.  Қазір  сауда  және  кооперация  жүйесі  бойынша 

Қазақ  мемлекеттік  жоспарлау  комитетінің  президиум  мүшесімін.  14. 

Революцияға  дейін  меншігіңіздегі  қозғалмайтын  қандай  байлығыңыз  болды 

(оның  қайда  болғанын  кӛрсетіңіз)  –  Қызметкер  болдым.  Қозғалмайтын 

байлығым  (Бұл  –  арада  *  /strong>  *  үй,  завод  т.  б.  айтылып  отыр  *  Т.Ж.) 

болған  жоқ.  15.  Қазіргі  дүние-мүліктеріңіз  -  *  ақсақ  тоқтым  да  жоқ.  *  16. 

Партияға  қатысыңыз  және  қай  жылдан  мүшесіз  –  мүше  емеспін  .  17.  Басқа 

партияда  мүше  болдыңыз  ба,  қанша  уақыт  болдыңыз  және  одан  шығу 

себебініз  /strong>  «Алаш»  партиясын  құруға  қатыстым.  18.    Қандай  да  бір 

кәсіптік одаққа мүше болдыңыз ба және қашаннан (Анық танылмады /strong> 

**  авт.)  да  мүше  болдым,  қазір  де  мүшемін.  19.  Империалистік  соғысқа 

қатыстыңыз ба * Жоқ. * 20. Азамат соғысына қатыстыңыз ба /strong> * Жоқ. 

*  21.  Сотталдыңыз  ба  *  Жоқ..  *  Тек  1919  жылы  атаман  Анненковтың  азап 

вагонында  екі  күн  қамаққа  алындым.  Не  үшін  екенін  білмеймін.  Мені 

большевик деп айыптады, бірақ мен большевик болған емеспін. 22. Адресіңіз 

/strong> * Қызылорда, Советтер үйі, * * I. * 23. Акт толтырылған күн /del> * 

1926 жылдың 15 марты. Қолы .* 

 

Барлық  тұтқындардың  алғашқы  жауабы  ӛмірбаяндық  шолу  сипатында 



болған.  Ал  кейінгі  тергеулер  нақты  бір  мәселенің  айналасына  құрылған. 

Сұрақ-жауаптар үнемі қайталанып, тәптіштеліп отырғандықтан да қайталауға 

ұрынбас үшін тергеу барысын барынша қысқа әрі нақты, «айыпталушының» 

ой  жүйесіне  нұқсан  келтірмей  сығымдай  мазұндап  беруге  тырысамыз. 

Сонымен, Х.Ғаббасовтың 1928 жылы 28 қазан күнгі бірінші кӛрсетіндісі екі 

бӛлімнен тұрады: 

 

Бірінші  «жауап:  Менің  ата-анам  мал  шаруашылығымен  айналысты. 



Семей  губерниясының  Шаған  болысында  олардың  әуеліде  дәулетті  жеке 

шаруашылығы болды, кейіннен тәркіленіп, кедейге айналды. Арғы ата-тегім 

– татар, ұста болған. Осыдан 200 жыл бұрын Шаған болысына кӛшіп келген. 

Ғаббасовтарды  тобықты  руына  қарайтын  адамдар  тӛлеңгіт  есебінде  кірме 

етіп  алған.  Тӛлеңгіт  –  бұл  қоғамдық  жік,  сұлтандар  мен  тӛрелердің 

қызметшісі ретінде қалыптасқан. Менің ата-бабам сондай кірме дәрежесінде 

ӛмір  сүрді.  1898  жылы  Семей  қаласындағы  мектепке  алындым.  1901  жылы 

гимназияның  1  сыныбына  түсіп,  оны  1909  жылы  кӛктемде  бітіріп  шықтым. 

Ата-ана  тарапынан  қаржылай  кӛмек  алғамын  жоқ,  гимназия  директорының 

ұсынуымен  губернатор  тағайындайтын  қазақ  балаларына  берілетін 

стипендияны  алып  тұрдым.  Гимназияны  бітіргеннен  кейін  оқуды 

жалғастыруға  қаражатым  болмағандықтан  да  Семей  уезінің  Сейсен 

болысында  оқытушылық  еттім.  1912  жылы  күзде  Мәскеуге  барып, 

алғашында  Мәскеу  университетінің  заң  факультетінде,  содан  кейін  физика-

математика  факультетінде  оқыдым.  Ауысуымның  себебі,  заң  факультетіне 


Sauap.org 

түскендіктен  де  жалпы  заңгер  атаулыға  күдіктене  қарайтын  губернатор: 

революционерлердің  ықпалында  кетеді  деген  қауіппен  мені  стипендиядан 

айырды. Бұл негізсіз де емес еді. Сол жылдары Жақып Ақбаев революциялық 

қозғалыстарға белсене қатысып жүрген. Сонымен қатар Мәскеуде балаларды 

оқуға  дайындаумен  де  шұғылдандым.  Ауысқаннан  кейін  қазақ  балаларына 

берілетін  стипендияға  ие  болдым.  Айтпақшы,  1914  жылы  муровшылар  мен 

толстойшылардың  шеруіне  қатысқаным  үшін  университеттен  шығарылдым 

да,  1914  жылы  күзде  қайтадан  түсіп,  оны  1919  жылы  бітірдім.  Ақпан 

тӛңкерісіне  дейін  Семей  қаласында  кредит  саласында  істедім.  Содан  кейін 

қазақ  бӛлімі  мені  Губерниялық  қазақ  комитетінің  тӛрағасының  орынбасары 

(тӛрағасы Р.Марсеков), кейін жер басқармасының бастығы етіп сайлады. Осы 

екі  аралықта  мен  Орынбор  қаласында  ӛткен  Жалпықазақ  құрылтайына 

Семейден  ӛкіл  боп  қатыстым,  сол  құрылтайда  «Алаштың»  кеңес  мүшесі 

болып  сайландым.  Құрылтайда  мен  ұлт  мәселесі  жӛніндегі  және  тағы  бір 

комиссияның,  атын  ұмыттым  (әскери  кеңес  –  Т.Ж.)  мүшесі  болдым. 

Құрылтайда «Алашорда» үкіметін жариялаудың мерзімі туралы екіұдай пікір 

таласы  орын  алды.  Х.Досмұхамедов  дереу  автономия  жариялауды,  діни 

мүфтият құруды талап етті. Мен үкіметті орыс шаруаларының саяси жағдайы 

анықталған  соң  жариялау  туралы  ұсынысты  қолдадым.  Семейден  Ермеков 

және тағы бір адам (атын ұмыттым) болды». 

Халел  Ғаббасовты  «тағы  бір  комиссияның,  атын  ұмыттым,  мүшесі 

болдым», – деп отырғаны «Алаштың» ұлттық жасағы жӛніндегі комиссия еді 

және  оның  Ережесін  сол  жазды.  **  «Алашорданың»  құрылымдық  жобасын 

жасады.  Жалпықазақтық  І  Құрылтайда  сайланған  әскери  Кеңестің  мүшесі 

ретінде  –  халық  милициясын  құру  туралы  баяндама  жасады.  Құрылтайда 

қатты  қадағаланып,  қарама-қайшы  пікірлер  айтылып,  ұзақ  талқыланған 

мәселе  –  автономия,  милиция,  кеңес  ӛкіметі  қақында  болды.  Онда: 

Орынбордағы  қазақ  әскерінің  ӛкілі  Меньшин  автономияны  қолдай  отырып, 

анархиядан  құтылу  үшін  «Алашорда»  Оңтүстік  Шығыс  Одағына  қосылсын 

деді,  ал  М.  Шоқаев  қазақ  пен  қырғыздың  бір  автономия  құрап,  Түркістан 

автономиясының  құрамына  кіруін  ұсынды.  Халел  Ғаббасов  ӛзінің 

баяндамасында: 

 

«Октябрь айына дейін халықтың сеніміне ие боп, билеп келген Уақытша 



ӛкімет  құлады.  Россия  мемлекеті  үкіметтен  айырылды.  Белгілі  үкіметке 

бағынбай әркім ӛзінше билік етсе, азамат соғысының тұтанып кетуі  мүмкін. 

Анархия  толқыны  бүкіл  мемлекетті,  үлкен  қалаларды  да,  кіші  ауылды  да 

жайлап  барады.  Ол  қазақтар  тұратын  облыстарға  да  тарап,  халықтың  ӛмірі 

мен дүние-мүлкіне қауіп-қатер тӛндірді. Олар қорғансыз қалды. Тығырықтан 

шығудың  жолы  –  қазақ  болыстары  түгел  мойындайтындай  мықты  үкімет 

құру  керек.  Екінші:  мемлекет  қазір  ӛз  басынан  үлкен  күйзелістерді  кешіріп 

отыр:  жаппай  құлдырау  мен  анархия  ӛріс  алып,  кісі  ӛлімі  кӛбейді.  Бұл 

анархияның  зардабы  қазақ  облыстарына  тарау  қаупі  де  тӛнді.  Қалыптасқан 


Sauap.org 

тӛтенше жағдайға – арпалысқан анархияға қазақ халқы енжар қарай алмайды. 

Бұл  анархия  қазақ облыстарында бұрқ  ете қалса, ешқандай  қорғанышы жоқ 

қазақ халқының мүлдем құрып кетуі мүмкін. Сондықтан да аласұрып, тӛніп 

келе  жатқан  анархиядан  ел-жұртты  аман  сақтау  үшін,  халық  жасағын  құру 

керек», – деп ұсыныс жасады. 

Х.Ғаббасовтың жобасы бойынша құрылта мынадай шешім қабылдады. 

 

«Қаулы:  Тӛмендегі  ережелерге  сәйкес  шұғыл  түрде  халық  жасағы 



(милиция)  құрылсын:  **  I.  Милиция  қатарына  жасы  20  мен  35-тің 

арасындағы,  қызметке  жарамды  ер  адамдар  қабылданады.  II.  Милиция 

қатарына  ӛзі  ерік  білдіргендер  алынады,  ал  белгілі  мӛлшердегі  санға  ерік 

білдірушілердің  саны  жетпегсн  жағдайда,  онда  кімнің  қызмет  етуі  жеребе 

арқылы  шешіледі.  ІІІ.  Ӛз  еркімен  немесе  жеребе  арқылы  қызметке  алынған 

милиционерлерге  ұлттық  фондының  есебінен  жалақы  беріледі,  ал 

жалақының  кӛлемін  жергілікті  жағдайдың  ерекшелігін  ескере  отырып 

жергілікті ұйымдардың ӛзі, не милиция мекемесінің меңгерушісі тӛлейді. IV. 

Әр облысқа белгіленген милиционерлердің санын облыстар уездерге, уездер 

болыстар  мен  ауылдарға  бӛледі.  V.  Облыстық  мекемелердің  уездерге 

белгіленген  мӛлшердегі  милициялардың  толықтай  жиналуына  уезд 

мекемелері жауапты. VI. Жеребе бойынша милиция қатарына алынған адам 

ӛзінің орнына 20 – 35 жастағы басқа біреуді жіберуге қақысы бар. vii . Егер 

де  жеребе  бір  үйдегі  бірнеше  адамға  қатар  түскен  жағдайда  олардың  біреуі 

ғана  алынады.  Жасақтардың  семья  және  басқа  да  жағдайына  байланысты 

жеңілдік  жасауға  жергілікті  мекемелер  міндетті.  viii  .  Алғашқы  кезде  әрбір 

ауылдағы  қауымдар  ӛздерінен  алынған  милиционерлерді  атпен,  ер-

тұрманмен  және  киіммен  қамтамасыз  етуі  тиіс.  IX.  Жасақтарға  қажетті 

мылтық,  оқ-дәрі  мен  қылыштар  “Алашорданың”  ұлттық  қорының  есебінен 

сатып  алынып,  жер-жерге  бӛлініп  беріледі.  X  .  Милиционерлерді 

жаттықтыру  үшін  офицерлер  мен  инструкторлар  –  100  милиционерге  1 

офицерден  ,  50  милиционерге  1  инструктордан  келетіндей  мӛлшерде 

қабылданады.  XI.  Офицер  кадрларын  даярлау  үшін  ӛзі  тілек  білдірген 

адамдар  Орынбордағы  казак-юнкер  училищесіне  орналастырылады.  xii  . 

Бӛкей,  Орал,  Торғай,  Ақмола,  Семей  және  Жетісу  облыстары  бойынша 

жалпы милиционердің саны 13.500 болуы керек, ал облыстар бойынша былай 

бӛлінді: Бӛкей – 1000, Орал – 2000, Торғай – 3.000, Ақмола – 4.000, Семей – 

1.500 және Жетісу – 2.000 адам» 

„Алашорда”  үкіметінің  құрылуы  отан  тарихындағы  назар  аударарлық 

маңызды  оқиға  болғандықтан  да,  салыстыра  тұжырым  жасауға  мүмкіндік 

беретін дәйектемелерді назарға ұсынамыз. Онсыз айғақтамадағы жайлардың 

астарын терең сезіну неғайбыл. ** 

 

Х.Ғаббасов  (жалғасы):  «Шамамен  1918  жылдың  ақпанының  соңында, 



наурыздың басында Семейде партияда жоқ жұмысшы-шаруа кеңесі құрылып

Sauap.org 

мен  тең  тӛрағалыққа  сайландым.  Тағы  бір  қазақ  сайланды,  оның  атын 

ұмыттым. 1918 жылдан бастап барлық ұлттық бӛлімшелер жойылды, соның 

ішінде  қазақтарға  ерекше  қысым  кӛрсетілді.  Бӛкейхановқа  Семейге  келу 

қауіпті еді, ол Орынбор маңында жасырынып жүрген болатын. Бұл жӛнінде 

орталық  үкіметке  шағым  түсірдік.  Мәскеумен,  Сталин  жолдаспен  тікелей 

байланысқа  шығып,  қазақ  автономиясын  құру  туралы  сӛйлестік.  Онда  мен 

жергілікті  совдептердің  қысымын  айта  отырып,  кеңес  ӛкіметі  жариялаған 

ұлттардың  ӛзін-ӛзі  анықтау  және  басқару  туралы  үндеуін  тездетіп  жүзеге 

асыруды  талап  еттім.  Ол  пікірімді  мен  14  баптан  тұратын,  негізінен  қазақ 

мекемелерін  қалпына  келтіру,  кеңестің  құрамындағы  автономия  құру,  қазақ 

қайраткерлерін  түрмеден  шығару  туралы  болды.  Сталин  жолдас  бұл 

ұсынысты  қолдады.  Ол:  автономия  жариялау  үшін  шұғыл  түрде  құрылтай 

шақыруды ұсынды. Орынбордағы Бүкілқазақ құрылтайы кеңес ӛкіметінің ұлт 

саясатына сай келетіні, облыстық кеңеске ұлт еркіндігі мен автономия құруға 

дайындық  жасау,  тұтқындағыларды  босату  туралы  пәрмен  беретінін  айтты. 

Қалған  мәселелерді  Мәскеуде  жүрген  Халел  Досмұхамедовке  тапсыруды 

ұсынды.  Осы  байланыстан  кейін  Бӛкейханов,  Омаров,  Марсеков,  Ермеков, 

Сәрсенов Биахмет, мен – Ғаббасов және Байтұрсынов пен Дулатов қатысқан 

«Алашорда» мәжілісінде Сталинге: кеңес ӛкіметін сӛзсіз мойындайтынымыз, 

орталықтағы  біздің  мүддемізді  Х.Досмұхамедов  қорғайтыны  туралы 

мәлімдеме жолдадық. Мен Сталинмен сӛйлескеннен кейін облыстық кеңестің 

тӛрағасы Шугаев тура байланысқа шақырылды. Олардың не деп сӛйлескенін 

білмеймін.  Бұдан  кейін  облыстық  кеңес  бізге  деген  кӛзқарасын  ӛзгертіп, 

тұтқындағылардың біразын босатты. Алайда құрылтайды шақыру ісін қолға 

алмады.  Екі  арадағы  қатынасымыз  тағы  да  бұзыла  бастады.  Қазақ 

қызметкерлеріне  тағы  да  қысым  кӛрсетіле  бастады.  Автономия  мәселесін 

түбегейлі  шешу  үшін  Семей  облысы  қазақтарының  құрылтайын  шақыру 

үшін  рұқсат  алуға  мәжбүр  болдық.  Ӛкілдерді  әр  болысқа  барып  жүріп, 

жергілікті  жерден  тікелей  сайладық.  Құрылтай  мамыр  айының  басында 

шақырылды. Автономия мәселесі және кеңес ӛкіметінің бұл туралы саясаты 

бірауыздан  мақұлданды.  Сонымен  қатар  қатаң  талаптар  да  қойылды.  Менің 

кеңес  ӛкіметі  туралы  кӛзқарсым  осылай  қалыптасты  және  Сталинмен 

арадағы тікелей байланысымның мазмұны осындай». 

 

«Алашорда»  үкіметі  мен  кеңес  ӛкіметі  арасындағы  «сымсыз 



байланысқа»  шығып,  қазақтың  тәуелсіздікке  бет  алған  жолының  сүйінші 

хабарын  алғаш  елге  жариялаған  адам  осы  Халел  Ғаббасов.  Баспасӛзде 

жарияланып, ғылыми айналымға түскен бұл құжатты біз де пайдалануды жӛн 

санадық.  Ӛйткені  барлық  тәуелсіздік  пен  тағдыр  тауқыметі  осы  құжаттан 

басталады: 

 

«1918 ж. 19 мартта совет үкіметінің мүшесі, ұлт жұмыстарын басқарушы 



комиссар Сталин Мәскеуден Семейдегі «Алашордасының» бастығы Әлихан 

Sauap.org 

Бӛкейханов  һам  оның  жолдасы  Халел  Ғаббасовты  ауызша  сӛйлесетін  тӛте 

телеграфқа  шақырды.  Ертеңінде  20  -  мартта  комиссар  Сталин  мен  Халел 

сӛйлесті. Сталин «Алаш» автономиясы туралы сӛйлеспекші екен. Екі жағы ӛз 

пікірлерін  айтысып,  ақырында  совет  үкіметінің  атынан  халық  комиссары 

Сталин  мынаны  айтты  (Сталин  сӛзін  ӛзгертпестен  түсгелімен  тәржіма 

қыламыз): Русиядағы халықтардың құқықтары туралы Халық комиссарлары 

шығарған  белгілі  ережесі  бұл  күнге  шейін  ұлт  мәселелесі  тақырыпты  совет 

үкіметінің  негізгі  қызмет  жобасы  болып  келеді.  Үшінші  советтер  съезі  осы 

ережені  жайғастыруға  қаулы  қылды.  Ӛзіңіз  бізге  тапсырып  отырған  жалпы 

қазақ-қырғыз  съезінің  қаулысы  түгелімен  жоғары  жобаға  муафық  келеді. 

Бірақ жалғыз-ақ шарт қоямыз: егер сіздің съезіңіздің қаулысы ӛкілдеріңіздің 

совет  үкіметін  тануға  халаф  болмаса  болғаны.  Үшінші  советтер  съезі 

советский  федерация  низамын  жасап  һам  бұл  мизам  ІҮ  советтер  съезінің 

бекітуіне  салынсын  деп қаулы  қылынды.  Бұған  қарағанда енді  сӛзді  қойып, 

іске  кірісу  керек,  яғни,  әрбір  тұрмысы,  салты  басқа  халықтар  жергілікті 

советтермен  қосылып,  автономия,  федерация  алу  құқы,  басы  байлы  бӛлініп 

кету  секілді  ұлт  ниеттерін  жарыққа  шығаруға  съезд  шақыратын  комиссия 

құруға  тырысу  керек.  Біз  ойлаймыз,  жалпы  қазақ-қырғыздың  ӛкілдері  тез 

қамданып, ыңғайлы уақытты ӛткізбей, жергілікті советтермен бірігіп, әлгідей 

комиссияны  құрар.  Сізден  ӛтінеміз,  біздің  жауабымызды  «Алашорданың» 

кеңесіне салып, жауап қайтарсаңыздар екен. Адрес: Мәскеу, Кремль, Халық 

комиссарларының бастығы Ленинге һам Халық комиссары Сталинге». ** 

Міне,  «Алашорда»  мен  кеңес  үкіметінің  арасындағы  алғашқы  және 

басты  келісім  құжаты  осы.  Бұл  –  қазақ  мемлекеттігін  құруға  мүмкіндік 

берген  ресми  құжат.  Яғни,  Әбілқайырдың  бодандыққа  кіру  туралы  Анна 

Иоановнаға  берген,  тек  қана  ақ  параққа  қолы  қойылған  қағаздың  құнын  да, 

күшін де жоятын ұлы құжат. 

 

Бұл  оқиғаға  куәгер  болған  Смахан  Бӛкейханұлы:  «1919-жылдың 



басында  қызылдар  келді.  «Алаш»  әскерінің  бастығы,  найман  Қази  деген 

жігітті март айында атты. Апрельдің басында қызылдар қашты. Марттың 24 

күні  Сталин  Әлекеңді  «прямой  проводқа»  шақырды.  Біз  Мәскеуді  алдық.  – 

Қазақ  автономиясы  қайырлы  болсын,  ӛзің  кімсің?  –  деді  Сталин).  Сонда 

қазақтар үлкен Семейде  Жұмеке  Оразалин дегеннің үйіне жиналып  кеңесті. 

Әлекең  айтты:  Қару-жарақсыз  нашар  елміз  ғой.  Сталинге:  сенімен  біргеміз 

дейік  –  деді.  Халел  Ғаббасұлы,  Райымжан  Марсекұлы,  Ахметжан 

Қозыбағарұлы,  Биахмет  Сәрсенұлы:  «-  Атамандар  кӛп,  Дутов,  Семенов, 

Корнилов, атаман Анненков бар, бұлар қызылдарды қуады. Сталиннің керегі 

жоқ,» – деп кӛнбеді. Әлекең үндемеді. Мұхамеджан Тынышбайұлы, Әлімхан 

Ермекұлы екі жаққа да қосылмай қалды. Имамбек Тарабайұлы о да үндемей 

қалды.  Шәкәрім  Құнанбайұлы:    Оқығандар  ӛздерің  біліңдер,  –  деді»,  –  деп 

жазыпты күнделігіне. 


Sauap.org 

Ал  большевик  қазақтардың  ойына  автономия  кіріп  те  шықпаған,  тіпті, 

оған қарсы болып жанталасып жүрген шағы. 

 

Х.Ғаббасов: «Құрылтай кезінде бір тосын жағдай болды. Құрылтай ӛтіп 



жатқан  жерге  Қазақ  комитетінің  бұрынғы  мүшесі  Құлжанов  келіп,  оған  сӛз 

беруді  талап  етті.  Құрылтай  тӛрағасы  Поштаев  оған  рұхсат  бермеген  соң, 

Құлжанов  сыртқа  шығып  кетті  де  бір  топ  қызыл  армия  солдаттарын  ертіп 

келіп, егерде ӛзіне сӛз бермесе құрылтайды күшпен тас-талқан етіп таратып 

жіберетіндігін  мәлімдеді.  Бәрібір  құрылтай  Құлжановтың  талабын 

орындаудан  бас  тартты,  тиісті  қаулы  шығарып,  жұмысын  аяқтады.  Бұдан 

кейін  құрылтай  жетекшілерінің  тұтқындалғаны  туралы  хабар  естілісімен, 

біразымыз  бас  сауғалауға  мәжбүр  болдық.  Мен,  Сәрсенов,  Ермеков, 

Қозыбағаров,  Марсеков  және  басқаларымыз  Шыңғыстауға  барып 

жасырындық. Бӛкейханов, Байтұрсынов, Дулатов, Омаров тағы басқа да 20-

30  адам  бұл  кезде  сонда  болатын.  1918  жылдың  кӛкек  не  наурыз  айында 

Тоқтамысов  Омбы  қаласынан  Семейге  келді.  Ол  Семей  қаласындағы  кеңес 

ӛкіметіне  қарсы  астыртын  жұмыс  жасап  жатқан  2  топтың  бар  екенін, 

олардың  арасында  ӛзара  байланыс  жоқ  екенін,  олардың  біреуі  – 

қаражүзділер,  екіншісі  социалистер  екенін  айтты.  Ол  Қазақ  комитетімен 

байланыс  жасады.  Облыстық  кеңеспен  біздің  ара  қатынасымыз 

шиеленіскеннен соң Тоқтамысов арқылы ұлттық автономияны мойындайтын 

астыртын  ұйымның  біреуімен  байланыс  орнаттық.  Тоқтамысов  ешқандай 

ұйымның  мүшесі  емес  болатын.  Сондықтан  да  біз  әскери  кеңес  құрдық, 

Кеңестің  тӛрағалығына  –  Марсеков,  мүшелігіне  Сәрсенов  пен  Әлімбеков 

сайланды.  Әлімбеков  бұл  кезде  Облсовдептің  әскери  бӛлімінің  мүшесі  еді. 

Жасырынып  жүрген  кезімізде  ұйыммен  еш  байланысымыз  болған  жоқ. 

Сондықтан  да  қалада  қалып,  ашық  жүрген  Әлімбековтің  не  істегенінен 

хабарым  болған  жоқ.  Семейге  оралған  соң  ғана  қалада  атаман  Сидоров 

бастатқан  казактардың  билігі  орнағанын  білдік.  Қаражүзділермен  қызмет 

істесуден  бас  тартып,  ӛзара  келісім  жүргізіп,  біздегі  қарудың  күшімен 

ӛкіметті  қолға  алу  үшін  социалистік  бағыттағы  жасырын  топтың  қайда 

екендігі  туралы  Тоқтамысовтан  сұрастырдық.  Облыстық  Жер  басқармасы 

қайтадан құрылды, Марсеков тӛрағалыққа, мен орынбасарлыққа сайландым. 

Бұдан арғы біздің жұмысымыз мынаған бағытталды: қазақтың халық (билер) 

сотының  жұмысын  жандандыру,  шет  елге  кетіп  жатқан  босқындарға 

тосқауыл  жасау,  переселендердің  үстемдігін  жою.  Шілде-қазан  айларында 

Бӛкейханов,  Ермеков  және  Сәрсенов  Сібір  үкіметімен,  содан  кейін 

автономияны  қолдайтын  болғандықтан  да  Самарадағы  Құрылтайшылар 

мәжілісімен  келісім  жүргізуге  аттанды.  Соңғысымен  Алашорда  үкіметін 

мойындау,  жер,  Ақмола,  Семей  губернияларын  қазақ  республикасының 

құрамына  беру  мәселесін  қолдайтыны  туралы  уағдаластыққа  қол  жеткізді». 

** 


 

Sauap.org 

Мұндағы айтылған әр сӛз бен кӛрсетілген айғақтардың астарында кесек-

кесек  оқиғалар  жатқан  болатын.  Халел  Ғаббасовтың  берген  әр  жауабынан 

осы  уақытқа дейін  тарихшылар  таба  алмай,  не  түсіндіре  алмай,  не  түсінбей 

жүрген  жайлардың  аңысы  аңғарылады.  Мысалы,  1918  жылғы  автономия 

туралы  Сталинмен  телеграф  арқылы  тікелей  байланыс  тұсындағы  тарихи 

оқиғаның  мән-жайы,  себеп-салдары,  психологиялық  шиеленістер  ӛзінің 

толық  бағасын  алған  жоқ.  Егерде  тура  сол  кезде  Сталиннен  бұйрық 

алынбағанда,  онда  Бӛкейханов  бастатқан  ұлт  кӛсемдерінің  біразының 

құрбандыққа ұшырауы әбден мүмкін болатын. 

 

21  наурыз  күні  «Алашорда»  үкіметі  11  баптан  тұратын  келімшартты 



Кремльге жіберді. Олар: 

 

1.  «1917  жылдың  желтоқсанының  5-нен  12-не  дейін  Орынборда  ӛткен 



жалпы  қазақ  съезінің  қаулысы  бойынша  «Алаш»  автономиясы  жарияланды 

және  оның  территориясына  –  Семей,  Ақмола,  Торғай,  Орал,  Сырдария, 

Ферғана, Жетісу, Бӛкей ордасы, Закаспийский облысының Маңғышлақ уезі, 

Самарқан  облысының    Жизақ  уезі,  Амудария  бӛлімі,  Алтай  губерниясына 

қараған  Бийскі,  Барнаул,  Змейногор  уездеріндегі  қазақтар  басым  қоныс 

жайлаған жерлер кіреді. 2. «Алашорда» үкіметіне қазақтан басқа ұлттардың 

ішінен азынан – аз, кӛбінен – кӛп мӛлшерде жиыны он адам мүше боп кіреді. 

3.  Заң  шығаратын  және  билейтін  орын  –  «Алашорда».  4.  Облыстық 

бӛлімдердің кӛмегіне сүйеніп Құрылтайды шақыру «Алашорданың» құқында 

болады.  5.  Ӛкілдерді  уездер,  қала  тұрғындары  сайлайды.  6.  Бұл  заң  күшіне 

енгенше  бұрынғы  земстволық  және  қалалық  құрылымдар  жұмыс  істейді.  7. 

Қазақ-қырғыздар арасындағы істі сайланған соттар қарайды. 8. Құрылтайдың 

қаулысына  сәйкес  қазақ-қырғыз  милициясы  құрылады.  9.  «Алашордаға» 

байланысты  түрмеге  қамалғандар  босатылсын  және  оларды  қудалау 

тоқтатылады.  10.  Москвадағы  «Алашордаға»  қатысты  істерді  елші  ретінде 

Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер жүргізеді. 11. Осы шарттарды кеңес 

ӛкіметі қарап, келісімге отыруы тиіс – деген мазмұндағы ұсыныс . 

Бұл  ұсынысқа  «мәселені  тездетіп  шешіп,  сӛзден  іске  кӛшуді»  ұсынған 

Ленин  мен  Сталин  бір  айдан  астам  уақыт  жауап  бермеді.  Азаматтық  соғыс 

жүріп жатқан ел үшін бұл ӛте ұзақ уақыт. Сондықтан да шұғыл түрде тағы да 

1918  жылы  21  сәуірде  Алашорданың  күншығыс  бӛлімінің  бастығы  Халел 

Ғаббасов Ленин мен Сталинге: 

 

«Қазақ автономиясы мәселесі – қазақ халқы үшін ӛмір мен ӛлім мәселесі 



болып  табылады.  2  –  сәуір  күні  комиссар  Сталин  арқылы  тура,  сымсыз 

тораппен  жолданған  Халық  комиссарлары  кеңесінің  кӛзқарасы  қазақ 

халқының  арасына  аздаған    жұбаныш  әкелді.  Алайда  жергілікті  халықтың 

табиғи  талабына  ӛктемдікпен  қарау    жергілікті  кеңес  депутаттары 

тұрғысынан  тиылмай  отыр.  Қазақ  ұйымдарын  қудалау,  олардың  мүшелерін 


10 

Sauap.org 

тұтқындау  қазақ  жұртын  алаңдатып,  ұлттық  араздықты  ӛршітеді.    Бұл  отты 

дер  кезінде  ӛшіру  керек  және  ұйымдастыру  жұмыстарына  шұғыл  түрде 

кірісіп,  бас  кӛтеріп  келе  жатқан  аласапыран  мен  толқулардың  алдын  алу 

қажет. Қазақ халық кеңесі – қазақ халқының талабын бұлжытпай орындайды, 

сондықтан  да  автономия  идеясын  тездетіп  жүзеге  асыруға  мүмкіндігінше 

күш  салады  және  сіздерден  шұғыл  жауап  күтеміз.  Ресми  мәліметімізді  3  – 

сәуір  күні  тура  сымсыз  торап  арқылы  жолдадық.  «Алашорданың» 

тӛрағасының орынбасары – Ғаббасов», – деген жеделхат жолдады . 

«Алашордамен»  екі  ортадағы  келісімді  жүргізген  Сталин  араға  тура  он 

жыл  ӛткен  соң  екінші  «әріптесін»  –  Халел  Ғаббасовты  түрмеге  қамап,  ату 

жазасына кесті. 

 

Ал  Ольшаньскийдің  осы  күнгі  екінші  бағыттағы  сұрағы  –  Халел 



Ғаббасовты  ату  жазасына  алып  келген  сот  үкімімен  пара-пар  еді.  Онда 

ағымдағы  идеологиялық  саяси  мәселелер  қозғалады.  Енді  соны  назарға 

ұсынамыз: 

 

«Сұрақ: Сіздің қазіргі саяси ұстанымыңыз қандай? 



 

Жауап:  Менің  саяси  ұстанымым  1925  жылы  30  қараша  күні  Семей 

губкомының  хатшысына  берілген  мәлімдемеде  толықтай кӛрсетілген.  Онда: 

кеңес  ӛкіметінің  қазіргі  ұлт,  мәдениет,  экономика  жӛніндегі  жалпы  саясаты 

мені 


қанағаттандыратыны, 

пролетариаттың, 

оның 

ішінде 


қазақ 

пролетариатының  диктатуралық  жүйесін  мойындайтындығым  айтылған. 

Жалпы  мен  ұлтшыл  емеспін,  қазақ  ұлтының  ӛзге  ұлтқа  ӛктемдігін 

қаламаймын. 

 

Сұрақ: Ауылдың таптық жіктелуін мойындайсыз ба? 

 

Жауап:  Мойындаймын.  Қазақстанда  пролетариат  жоқ,  бірақ  та  ол 

индустрияландыру саясатын жүзеге асыру барысында кеңестік жүйемен қоса 

қалыптасады. 

 

Сұрақ:  Сіз  ӛнеркәсіпті  бір  орталықтан  басқару  жүйесіне  қалай 

қарайсыз? 

 

Жауап:  Жалпы  принциптерін  мойындаймын,  бұл  әбден  мүмкін,  тіпті 

қажет  те.  Сәдуақасовтың  „Большевиктегі”  (журналдың  аты,  сонда 

жарияланған  С.Сәдуақасовтың  мақаласындағы  пікірді  айтып  отыр  –  Т.Ж.) 

ұстанған  позициясын  мүлдем  қостамаймын.  Мен  –  жоспарлау  мекемесінің 

маманымын,  сондықтан  да  кеңес  одағының  кӛмегінсіз  Қазақстанның  ӛз 

бетінше дамуы мүмкін емес. 

 


11 

Sauap.org 



Сұрақ: Кеңес ӛкіметінің жер саясатына кӛзқарасыңыз қандай? 

 

Жауап:  Қоныс  аударушылардың  қозғалысы  жергілікті  халықты 

ығыстырушылыққа  жол  бермеуі  тиіс.  Аралас  қоныстанған  аудандарда 

жергілікті  халықты  отырықшыландыру  шараларын  ұйымдастыру  қажет. 

Қазақстанға жаппай қоныс аударушыларды қанағаттандыратындай мүмкіндік 

бар деп есептемеймін. Егерде қажеттілік туа қалса, онда отарланудың азабын 

барынша  қатты  сезінген  қазақ  ұлтының  мүддесін  қанағаттандыру  керек  деп 

есептеймін. Жер мәселесінің дәл қазір Қазақстанда қалай шешіліп жатқанын 

білмеймін. 

 

Сұрақ: Жоғары оқу орындарындағы жастарды тәрбиелеу барысындағы  

Қазақстандағы халыққа білім беру саясатына қалай қарайсыз? 

 

Жауап:  Қазіргі  таңда  ауыл  құрылысын,  әсіресе,  ауылды  жердегі 

мектептерде жеделдетіп оқытуды қолға алу керек. Ұлттық тілдегі оқулықтар 

мен  маман  педагогикалық  кадрлардың  жоқтығы    анық  сезіледі.  Ұлт  тілінде 

оқитын  орта  және  жоғары  оқу  орындары  қажет.  Ал  жоғары  оқу 

орындарындағы  сабақтардың  қазақ  тілінде  жүргізілмеуінің  себебін,  бұл 

мәселені шешуге тиісті жұмыстар жасалмай отыр деп есептеймін. 

 

Сұрақ:  Кеңес  ӛкіметінің  Қазақстандағы  шикізатты  ӛндіруді  шешу 

жӛніндегі дайындалып жатқан саясатына қалай қарайсыз? 

 

Жауап: Толықтай қосыламын. 

 

Сұрақ:  „1917-1919  жылдар  арасындағы  „Алашорда”  қозғалысы 

контрреволюциялық роль атқарды деп ойлайсыз ба? 

 

Жауап:  „Алашорданы”  контрреволюциялық  емес,  революциялық 

қозғалыс деп есептемеймін. 

 

Сұрақ:  1916  жылғы  қазақтардың  кӛтерілісіне  сіздің  қатысыңыз  қандай 

және оған қалай қарайсыз? 

 

Жауап:  Ӛзгелер  сияқты  мен  де  орынсыз  қантӛгісті  болдырмау  үшін 

кӛтеріліске  қарсы  болдым.  Казактар  сияқты  қазақтардан  да  дербес  жасақ 

құруды ұсындым. 

 

Сұрақ: Колчак үкіметі құлағаннан кейінгі сізді ң коммунистік партияға 

деген кӛзқарасыңыз қандай болды? 

 


12 

Sauap.org 



Жауап:  Менің  кӛзқарасымды  былай  пайымдауға  болады.  20  не  21  – 

жылы  кӛктемде  Семейде  қазақ  қызметкерлерінің  мәжілісі  шақырылып, 

ұжымдық құрамда партияға ӛту қажеттігі талқыланды. Оның басты себебі, ол 

кезде Семейдің Қазақстанға қосылуы барысында сібірлік және қазақстандық 

ұйымның  арасында    тартыс  жүріп  жатты.  Бұл  таласта  қазақ  қызметкерлері 

ешқандай  да  роль  атқарған  жоқ.  Ұжымдық  тұрғыда  ӛтуді  ұсынған  Жақып 

Ақбаев  болатын.  Маған  да:  ӛтпесең  кӛп  нәрсені  жоғалтасың,  –  деп  кеңес 

берді. 


 

Сұрақ:  Сіз  «Алаш»  шаруашылық  кооперациясы  одағына  қалай 

қатыстыңыз? 

 

Жауап: Бұл одақтың қалай құрылғанын білмеймін.  Оған Қозыбағаров, 

Тоқтағұлов,  Есіргепов  шақырылды.  Мен  жедел  ұйымдастыру  бӛлімінің 

бастығының орнына қабылдандым. 

 

Сұрақ: Сіз байларды тәргілеу науқанына қалай қарайсыз? 

 

Жауап:  Дұрыс  қараймын.  Құр  сӛз  болмас  үшін  бұл  науқанның  алдын-

ала  дайындық  жұмыстары  жӛніндегі  комиссияға  қатысқанымды  ескерте 

кетейін.  Сол  комиссияның  тӛрағалығына  –  мен,  мүшелері,  мемлекеттік 

жоспарлау  комиетінен  Сириус,  жер  комитетінен  Шубернер  және  ИКП-дан 

Баһрам  бекітілді.  Бізге  тәргілеудің  мӛлшерін  анықтау  үшін  36  сағат  қана 

уақыт  берді.  Біз,  ірі  қараға  шаққанда  10  бастан  артық  малы  барларды 

тәргілеуге болады, – деген мӛлшерді ұсындық». 

 

Халел  Ғаббасовтың  алғашқы  тергеуі  осылай  ӛтті.  Араға  үш  күн  салып 



барып,  яғни,  14  қараша  күні  екінші  рет  жауапқа  тартылды.  Тергеуші 

Ольшанский  арадағы  үш  күннің  ішінде  Х.Ғаббасовтың  жауабын  да,  оның 

ӛмірбаянын  да  тексеріп,  қалайда  қапысын  табудың  амалын  ойластырған. 

Бұрынғы  жауаптардың  „кем-кетігін  толтыру  үшін  де”  сұрақты  байларды 

тәргілеу науқанынан емес, әріден баста сыналап қояды. 

 

«Жауап: ** Революциялық қозғалысқа гимназияның 5 сыныбында оқып 



жүргенде,  яғни,  1905  жылдан  қатыса  бастадым.  Семей  гимназиясында 

Бишебиев  (?)  ұйымдастырған  үйірме  болды.  Менің  кӛзқарасыма  әсер  еткен 

1905  жылғы  оқиға.  Гимназиядағы  үйірмеге  Солодовников  жетекшілік  етті, 

1905  жылы  қазанда  Солодовников  шәкіттерді  жиып,  баяндама  жасады. 

Соның ықпалымен қазақ шәкірттерінің үйірмесі құрылып, 1908 жылға дейін 

жұмыс  істеді.  Оған  Мақсұт  Бекмембетов  жетекшілік  етті,  ол  түрмеге 

қамалған  соң  Қосмағамбетов  басқарды.  Үйірмеге  саяси  қуғын  кӛргендер 

келіп  тұратын.    Саяси  әдебиеттер  тарататын,  бірнеше  рет  қазақ 

тұрғындарының  арасында  қазақ  жері  мен  ұлт  мүддесін  оқалы  шапанға 


13 

Sauap.org 

айырбастаған  болыстар  туралы  сӛз  де  сӛйледі.  Ол  үйірмеге  революциялық 

әрекеттері үшін Омбыдан жер аударылып келген Жақып Ақбаев та қатысты. 

Мен онымен кездесуге барып тұрдым. Үйірме жұмыс орныма айналды. Сол 

жылы  мен  Выборг  үндеуіне  қатысқаны  үшін  түрмеге  қамалып,  Семейге 

мерзімді  кесімін  ӛтеу  үшін  келген  Бӛкейхановпен  таныстым.  Мен  оған  ӛз 

еркіммен  бардым.  Ол  түрмеден  босағанша  барлық  шәкірттер  онымен 

кездесуге  барып  тұрды.  Ол  біздің  дайындығымыздың  тӛмендігіне  реніш 

білдіріп,  саяси  әдебиеттерді  оқуға  кеңес  берді.  Бӛкейхановпен  келесі 

кездесуім  1912  жылы  ӛтті.  Онда  ол  Петроградта  еді,  Ақбаевті  сонда 

шақыртты,  ал  мен  студент  едім.  Бӛкейханов  Мемлекеттік  думаға  қазақ 

халқының ӛкілін жібермеу туралы 1908 жылғы 6 маусым күнгі заңның күшін 

жоятын  қарсылық  құжаттарын  дайындау  үстінде  болатын.  Бӛкейханов 

студенттерге  Петроград  архивтеріндегі  құжаттарды  жинастырып,  жүйеге 

келтіруді  тапсырды.  Менің  Бӛкейхановпен  ұзақ  мерзім  бірге  жұмыс 

істеуімнің сәті түскендігінің себебі осындай. 

 

Сұрақ: Ұлттық қозғалыстың болашақ кӛсемінің кадет партиясына мүше 

болуын қалай түсіндіруге болады? 

 

Жауап:  Немен  түсіндіруге  болатынынн  білмеймін.  1917  жылғы 

Бүкілқазақстандық құрылтайда да оның бұл әрекетіне барлығы қарсы шықты. 

Содан кейін кадет партиясынан шығатыны туралы мәлімдеме жасады. 

 

Менің айтқан сӛздерім дұрыс жазылды.                             



(Ғаббасов. Қолы)».  

 

(Жалғасы бар)  



 

 

 



Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып алуды 

ұмытпаңыз! 

Сайттағы барлық кітаптар тек танысу мақсатында ұсынылған. 

Кітапті  жүктеп,  мазмұнымен  танысқан  соң,  Сіз  оны  қалдырмай, 

жоюға тиіссіз. 

Кітаптың  мәтінін  көшіре  және  сақтай  отырып,  Сіз  авторлық  және 

аралас  құқықтар  туралы  заңға  сәйкес,  барлық  жауапкершілікті  өз 

мойныңызға аласыз.  

Сайт  әкімшілігі  пайдаланушыларды  кітаптарға  заңды  жолмен  қол 

жеткізуге шақырады. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет