Энергетикалық ресурстар өндірісінің тұтыну салаларының қарқынды дамуы энергетикалық шикізат тапшылығына және олардың күрт артуына себепші болуда. Шикізат түрлерін өндіру және тасымалдау барысында экологиялық талаптарды орындау қажеттілігі энергетикалық мәселені ушықтыра түсті. Бастапқы энергетикалық ресурстар қатарына жататын мұнай,
табиғи газ, көмір, жанғыш тақтатастар, шымтезек, ағаш, су ресурстары қорының шектеулі болуы қалпына келетін немесе сарқылмайтын балама ресурс түрлерін пайдалануды жеделдетті.
Қазіргі кезде дүние жүзінің 40 елінде АЭС бар. Олардың үлесіне дүние жүзінде өндірілетін электр энергиясының 17%-ы тиесілі. Кейбір елдерде АЭСтердің электр энергиясы өндірісіндегі үлесі басқа энергия көздерімен салыстырғанда басым бола бастады. Мысалы, Францияда бұл көрсеткіш 77%ға, Литвада 83%-ға тең. Осыған қарамастан көптеген елдерде АЭС салуға қарсы қоғамдық қозғалыстар жұмыс істейді. Олар атом станцияларындағы ақаулардың жойқын экологиялық апатқа соқтыру жағын және радиоактивті қалдықтарды қоршаған ортаға зиян келмейтіндей жағдайда жүздеген жылдар бойы сақтауға мүмкіндік беретін қоймалардың жоқтығын алға тартуда.
Балама энергетикалық ресурстарды (күн сәулесін, жердің ішкі энергиясын, толқындардың, желдің күшін) пайдаланып жұмыс істейтін стансалардың болашағы зор деп есептеледі. Өйткені олар қоршаған ортаға зияны аз келтіреді және сарқылмайды. Алайда мұндай құрылыстарды салу қымбатқа түсетіндіктен, кең таратылмаған.
Ж. Ж. Ниеталина. − Электр байланысының бағыттаушы жүйелері. – Алматы: ҚазҰТУ, 2009. − 302 б.
379-тапсырма. Берілген етістіктерді кестеге орналастырыңыздар. жіберсем тоқтама алдамаймын бергің келеді ме? түгелдесін түсіндір жегім келеді қосқысы келеді
жүрейік алыңыз келсек жүрсеңіз
Достарыңызбен бөлісу: |