Тұрсынова Г. Т



бет158/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Қаржы қалай өріс алған ?

Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір белесіне көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Демек, қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.

Ақша қоры – мемлекеттің қолындағы үлкен байлық. Сондықтан да кезкелген мелекеттің ақша жөніндегі кірістері мен қорларының басты материалдық бұлағы – ішкі жалпы өнім, оның құрамды бөлігі – ұлттық табыс болып саналады. Осыдан мемлекет қаржы арқылы өз қолындағы қорларды бөлу, қайта бөлу негізінде өндіріс дамуына, өндіру мен тұтынуға ықпал жасап, бұл саладағы түбегейлі міндеттерді ойдағыдай шешіп отырады. Қаржы осындай ықпалды ерекшеліктерімен өндірістік қатынастар ауқымын анықтайды.

Қаржы – ақша қатынастарының ажырағыссыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда қандай орын алатындығына байланысты.

Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамының түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып табыладыы. Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша катынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалынатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет