Тұрсынова Г. Т



бет155/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Айырбас операциялары


Қоғамдық өндіріс дамыған сайын, айырбас операцияларын жүргізуге көмектесетін жалғыз тауардың бөлініп шығу қажеттілігі туады. Ақшаның анайы, тұңғыш формалары дүниеге келді. Әр халықтарда, әр географиялык аймақтарда олар әр түрлі болды -егіншілерде бидай, малшыларда мал, аңшыларда терілер, т.б. Өкінішке орай, осы тауарлар барша территорияларда қызмет ете алмады, олар кең тарамады. Айырбастың кездейсоқ процесі айырбас эволюциясында ауқымды қадам жасауға мәжбүр етті. Түбінде тауар қатынастарының дамуы, ақшаның рөлін асыл металдарға: алтынға, күміске жүктеді. Өзінің табиғи қасиеттері - бір тектілігі, бөлшектеп бөлуге болатындығы, ықшамдылығы, қолайлылығы, көп уақыт сақталатындығы жағынан асыл металдар осы рөлді атқаруға неғұрлым бейімді болды. Ақшаның есеп бірлігін оның салмағы атқаратын болды.

Бара-бара ақшаны майдалап айырбастаушылар алтын, күміс кесектеріне оның салмағын көрсететін таңба басатын болған. Осылай куәландырған алтын, күміс кесіндісі монета деп аталған. Жер әлемінің көптеген халықтарының монета заңды айырбас және төлем құралы болып табылған. Бірте-бірте ол айырбаста қолайлы дөңгелектенген форма алып монетадағы металдың салмағын және сынамасын мемлекет өзінің белгілі мөрімен растап отырған. Міне осылай, тарихи даму барысында, металдық ақша айналымы жүйесі қалыптасқан. Осылайша ақша әдеттен тыс ерекше, өзіне жалпылама айырбас құралының рөлі тән болып кеткен, тарихи жағынан тауарлық табиғатқа ие болған құбылыс.

Экономиканың даму тарихы, сонымен қатар, тауар өндірісі мен тауар айналымының тарихы болып табылады. Бұнда өндірушілердің бір-бірімен байланыстары бір тауарды басқа тауарға айырбастау арқылы жүзеге асып отырған. Тауардың белгілі бір пропорцияда басқа тауарлармен айырбастала алатын қасиеті айырбас құнын құрайды. Алғашқы даму сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болған, ақшаның көмегінсіз жүрген. Айырбастың осындай ыңғайсыз жағдайы аз болмаған. Айырбастың бүл сатысына құнның жай, кездейсоқ формасы сәйкес келеді. Жеке тауардың құны басқа бір тауар арқылы тек кездейсоқ түрде бейнеленген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет