Металл ақшалар – бұл толық құнды нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны нақты құнына, яғни өздері дайындаған металл құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс,күміс,алтын) әртүрлі формада болады. Алдымен бірліктік, содан соң салмақтық . Олар монета түрінде шығарылды.
Монета – бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.
Металл ақшалар өз дамуында ұзақ жыл жүрді, яғни олар мыс монета түрінде біздің дәуірімізге дейінгі ІІ−ІІІ ғасырларда Римде пайда болды. Ең алдымен белгіленген салмағы бар және сәйкес таңбалармен (Мысыр, Рим, Вавилон) бекітілген металл құймалар айналымға шықты.
Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда Лидия мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279 жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.
Қағаз ақшалар – нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті.
Несиелік ақшалар - айналымдағы толық құнды ақшаларды алмастыратын және несие белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері.
Достарыңызбен бөлісу: |