Мыңдаған жылдар бұрын адамдар табиғаттағы көптеген нәрселердің қайталанатынын байқаған: Күн шығыстан көтеріліп, батыста бататынын, жазды күз алмастыратынын және керісінше болатынын. Сол кезде алғашқы уақыттың өлшем бірліктері пайда болған – күн, ай және жыл. Қарапайым астрономиялық құралдар көмегімен 1 жылда жуықтап 360 күн бар екені, 30 күнге жуық аралықта Айдың бір циклдан екінші циклға өтетіні анықталды. Сондықтан,
халдейлік даналар уақытты санаудан алты ондық жүйесін қолданған: тәулікті 12 күндік және 12 түндік сағатқа бөлген, шеңберді 360 градусқа бөлген. Әрбір сағат пен градус 60минутқа, әр бір минут 60секундқа бөлінген.
Бірақ кейінгі дәл жүргізілген өлшеулер Жер Күнді 365 тәулік 5 сағат 48 минут және 46 секундта толық айналып шығатынын көрсетті. Ай Жерді әртүрлі уақытта айналады: 29,25-29, 85 тәулікте.
Бір меридианда орналасқан қалаларда уақыт бірдей болып, паралелль бойымен орын ауыстырғанда уақыт өзгереді. Жергілікті уақыт күнделікті өмір үшін өте маңызды – ол жергілікті жердегі күн мен түннің алмасуымен байланысты. Бірақ көптеген қызмет көрсететін мекемелер бір уақытпен жұмыс жасаулары қажет: мысалы, көлік қызметі бір уақытта жұмыс жүргізуі қажет. Қазақстандағы барлық поездар Астана уақытымен жүрсе, Ресейде Мәскеу уақытымен жүреді. Уақыт белгілеуде шатасу болмас үшін гринвич немесе бүкіл әлемдік уақыт (UT) ұғымы негізделген: бұл Англияда, Лондонның жанында орналасқан Гринвия обсерваториясы орналасқан нөлдік меридиандағы жергілікті уақыт. Бірақ – қазақстандықтарға немесе ресейліктерге лондондықтармен бір уақытта өмір сүру қолайсыз, сондықтан белдеулік уақыт идеясы пайда болды. 24 меридиан таңдап алынды.
Жердегі жаңа күннің басталуын белгілеу үшін мерзімдер ауысуының халықаралық линиясы жөнінде келісімге қол қойылды. Ол 180 – меридиан бойынша Беринг бұғазы арқылы өтеді (Қиыр Шығыста).
Біздің календарь (күнтізбе) мен уақыт алғашында Күн және Жердің қозғалысына негізделген.
Күнтізбенің басты мақсаты – оқиғаларды күндер алмасуымен сәйкестендіру. «Календарь» сөзі ерте Римнен енген. Ол латынның саleo»жариялау» және саlendarium «қарыз кітабы» деген сөздерінен тұрады. Римде әрбір айдың басы айрықша аталып өтіп отырған, өйткені әрбір айдың басында қарыздарының өсімдерін төлеп отырған.
Барлық күнтізбелерді келесі типтерге бөлуге болады: күндік, айлық және айлы-күндік. Барлық күнтізбелер табиғи периодты процестерді пайдаланады. Тәулікті, яғни күн мен түннің алмасуы, ай бойына жүретін ай фазаларының ауысуын, немесе екі көктемгі теңелу күндері арасындағы уақыт алмасуын, яғни тропиктік жыл периоды.
Ертедегі көшпелі халықтар ай календарын пайдаланған, оның негізіне айдың ұзақтығы алынған. Жер өңдеумен айналысқан халықтар өзінің календарын тропиктік жылдың ұзақтығымен байланыстырған.
( Ғаламтор желісінен)
Достарыңызбен бөлісу: |