Тұрсынова Г. Т



бет145/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   180

Жұлдызды аспан




Айсыз ашық түні аспаннан сан жетпес жұлдыздар жымыңдап, адамның көңілін өздеріне еріксіз аударады. Шынында да, жер бетінің кез келген орнынан бір мезетте аспан күмбезінен құралсыз көзбен үш мыңға тарта жұлдызды көруге болады. Оларды танып-білмек үшін адамдар өте ерте заманда жұлдыздардың өзара орналасуын

жан-жануарларға немесе басқа нәрселерге ұқсатып топтастырып, оларға шоқжұлдыз атауларын берген. Мысалы, Геркулес пішіні бір тізесін бүккен адамға, Торпақ (көне түркі тілінде Үнді) бұқаның мүйізіне, Аққу мен Бүркіт – қанатын жая самғап ұшқан құстарға ұқсайды. Сондай-ақ Қарақұрт, Жылан, Сужылан т.б. шоқжұлдыздарының атаулары олардың бейнелерінің өздері аттас жәндіктерге айна-қатесіз ұқсауының мағыналық мәні де бар. Мысалы, Таразы (Өкілі) шоқжұлдызының атауы күзгі күн мен түннің теңелуі кезінде – Күннің осы шоқжұлдызда атаулары қатарында аңыздарға туған. Сондай-ақ, шоқжұлдыз атаулары қатарында аңыздарда кездесетін кейіпкерлер мен жануарлар да баршылық. Мысалы, Персей, Қауыс-Мерген (Жақ), Айдаһар, Кентавр т.б.

Қайсыбір шоқжұлдыздардың атауы ата-бабаларымыздың тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ғарыштану және діни түсініктерімен байланыстырылған. Астрономия тарихын зерттеуді орыс ғалымы Д.О. Святский өз еңбектерінде дала қазақтарының Темірқазық пен оның маңындағы бірнеше жұлдыздарды аспан қазығына арқандалған жылқы ретінде бейнелейтінін жазған. Түркі халықтарының көпшілігінде шөміш тәріздес пішін құрайтын жеті жұлдыз Жетіқарақшы немесе Жетіген, монғолдарда Жеті құдай (Дархан Бұрхан), Жеті қарт, башқұрттарда Жеті қыз, эстондар мен орыстарда Арба, Сібірліктер де Бұғы, ал ежелгі гректерде Үлкен Аю ретінде танылып, сол мағынаға сәйкес әр елдің өзіне тән аңыздары сақталған. Осы жеті жұлдыздың бұлай аталуын қазақтар жеті ұрының қуғыншылардан қашып, көкті паналауымен түсіндірсе, ежелгі грек аңызында Зевс құдай аюды аңшыдан арашалап аспанға шығарғаны айтылады.

Шоқжұлдыздардың астрономияда осы күндері қолданып жүрген атауларының 48-і өте ертеден, ежелгі Египет (Мысыр), Вавилон және Грекия замандарынан белгілі. Ежелгі грек астрономдары Гиппарх (б.д.д. 180не 190 –



125жж), Птолемей (90-160жж) шоқжұлдыз атауларын бір жүйеге келтіріп, олардағы жұлдыздардың алғашқы тізімдерін, суреттемесін жасаған. Бірақ, ол тізімдеме Жер шарының солтүстік жарты шарында орналасқан елді мекендердің аспанында көрінетін шоқжұлдыздар қамтылған. Ал аспанның қалған бөліктерінің жұлдыздарын саяхатшылар XVIXVIII ғасырларда оңтүстікке шеккен сапарларында шоқжұлдыздарға топтастырып, картаға түсірген.

Шоқжұлдыз дегеніміз – аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі. Аспанда барлығы 88 шоқжұлдыз белгіленген. Шоқжұлдыз шекаралары Халықаралық астрономия одағының (ХАО) арнаулы қаулысы бойынша бекітілген, бірақ олардың ешқандай физикалық мағынасы жоқ. Шоқжұлдыздардың 31-і аспанның солтүстік жарты шарында, 48-і оңтүстік жарты шарында, ал қалған 9-ы аспан экваторының бойында екі жарты шарға да ортақ орналасқан. Халықаралық деңгейде шоқжұлдыз атаулары латын тілінде қолданылады. Ұлт тілдерінде олар латын тілінен тікелей аударылып қолданылады. 1603 жылы Иоган Байер әр шоқжұлдыздағы жарық жұлдыздарды грек алфавитінің әріптерімен таңбалауды ұсынды.



Г.Б.Әлімбекова Физика пәнін халықтық педогогика тағылымдарымен байланыстыра отырып оқыту. – Алматы: «Арыс» 2001. − 100б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет