Тұрсынова Г. Т


Маркетингтің мәні және эволюциясы



бет147/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Маркетингтің мәні және эволюциясы


Маркетингтің эволюциялық даму кезеңі ғасырдан астам уақыт созылып келеді. Ірі ауқымды өндіріс қалыптасып, бәсекелестіктің күрт шиеленіскен жағдайларында өндірісті басқару және өнімді өткізу әдісі ретінде ол, ең алғаш АҚШ-та, содан кейін Европа елдерінде де пайдаланыла бастады. ХХ ғасырдың 60 жылдары маркетинг ғылымы нарық жағдайында өнімді сатудың тиімді әдісі ретінде кең қолданылды, ал 80 жылдары қызмет көрсету саласына және коммерциялық емес іс-әрекетке де енгізіле бастады.

«Маркетинг» ұғымы ағылшынның «market» (нарық) сөзінен шыққан, ал «инг» жалғауы нарық жасаушы немесе нарық аумағындағы қызмет дегенді сипаттайды. Маркетинг ірі ауқымды өндірістің қалыптасуы және бәсекелестіктің күрт шиеленіскен жағдайында өнімді өндіру мен өткізуді басқарудың әдісі ретінде бөлініп шықты.

Маркетинг дамуының бірінші кезеңі ХХ ғасырдың басынан бастап 40жылдардың соңына дейін созылды. Бұл кезеңдегі маркетингтің мақсаты – тауарларды ұтымды өткізу, тездетіп сату және коммерциялық іс-әрекеттің тиімділігін арттыру болды.

Маркетинг дамуының екінші кезеңі 1960–1970 жылдарды қамтиды, осы кезеңде маркетинг тұтынушылардың сұранысына бейімделген басқару теориясы мен тұжырымдамасының құрамдас бөлігі ретінде қарастырыла бастады. Бұл компаниялардың қызметін басқаруды маркетинг қағидалары негізінде жүзеге асыру ғылымының негізін қалады, ол « басқарудың нарықтық теориясы» деп атала бастады.

70 жылдардың екінші жартысында маркетинг эволюциялық дамуының үшінші кезеңіне аяқ басып, бизнестің философиясына айналады.

Маркетинг теориясы экономикалық ғылым жүйесінің қалыптасуымен тығыз байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет