Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушылар төмендегідей құзыреттерді меңгеруі қажет
Базалық
БҚ 5. Логикалық операцияларды қолдану арқылы ақпараттарды өңдей білу.
Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушылар біледі: -Жобалау әдістерін;
-Жобалау әдістерінің тарихын;
-оқу жобаларының жіктелуін;
меңгереді: -ақпаратты өңдеуді;
-логикалық операцияларды пайдалануын;
дағдысын қалыптастырады: -анықтамалық, техникалық, ғылыми-танымдық әдебиеттерді пайдалану;
-жоспарлау, жобалау;
-өзінің кәсіби қызметке дайындығын бақылау;
құзыретті: -жобалау әрекетінің негізгі терминдерін ұғынуға;
-өз іс-әрекетін жоспарлауға, өз мүмкіндіктерін пайдалануға, ақпаратпен жұмыс жасауда.
кәсіптік:
КҚ 1. Білім алушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін, оқу үдерісінің мәнін, дидактика заңдылықтарын білу.
біледі: -оқушылардың жас ерекшеліктерін;
-оқу үрдісінің маңыздылығы мен екіжақтылығын;
-оқушыларды дамытудың психологиялық ерекшеліктерін;
меңгереді: -оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жобамен жұмысты ұйымдастыруды;
-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды;
дағдысын қалыптастырады: -оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жобамен жұмысты ұйымдастыру;
-орындалған жоба жұмысының нәтижесін сараптау мен бағалау;