2. Кешенді емтихандардың мазмұны 6В01702 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша кешенді емтиханның мазмұны Бірінші кешенді емтихан екі кезеңде өтеді:
1) емтиханның бірінші кезеңінде студенттер жазбаша түрде емтихан тапсырмаларын (эссе) орындайды. Жауаптарды дайындаудың жиынтық уақыты - 90 мин.
2) емтиханның екінші кезеңінде студенттер емтиханды аралас түрде тапсырады. Жауапты дайындау уақыты-60 мин. ауызша жауаптың ұзақтығы 10-15 минут.
1 пән: Қазіргі қазақ тілі және әдебиет тарихы Эссе мазмұнына қойылатын талаптар
Эссе (фр. essai-бұл әрекет, лат. exagium-өлшеу) - қысқа, еркін прозалық шығарма, еркін композициямен шағын көлемді пайымдау. Эссе белгілі бір мәселе бойынша жеке әсерлері мен ойларын білдіреді және тақырыпты анықтайтын немесе толық түсіндіруді талап етпейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті түсті пікірді ұсынады.
Эсседе мәселенің мәні нақты көрсетілуі керек, қылмыстық құқықтағы тұжырымдамалар мен аналитикалық құралдарды қолдана отырып, осы мәселеге дербес талдау, мәселе бойынша автордың ұстанымын жинақтайтын тұжырымдар болуы керек.
Эссе құру-бұл классикалық дәлелдемелер жүйесіне негізделген сұраққа жауап немесе тақырыпты ашу.
Эссе құрылымы. Кіріспе - тақырыпты таңдаудың мәні мен негіздемесі. Ол логикалық және стилистикалық байланысты бірқатар компоненттерден тұрады. Бұл кезеңде зерттеу барысында жауап табу қажет сұрақты дұрыс тұжырымдау өте маңызды. Негізгі бөлім - таңдалған мәселенің теориялық негіздері және негізгі сұрақты ұсыну. Бұл бөлім аргументация мен талдауды дамытуды, сондай-ақ осы мәселе бойынша қолда бар мәліметтер мен ұстанымдарға сүйене отырып, оларды негіздеуді қамтиды. Бұл эссенің негізгі мазмұны және бұл үлкен қиындықты білдіреді. Қорытынды - оны қолдану саласын көрсете отырып, тақырып бойынша жалпылау және дәлелді тұжырымдар.
Эссе тақырыптары: 1. Жұмбақтардың баланың логикалық ойлауын, дүниетанымын кеңейтетінін дәлелдеп жазыңыз.
2. Жаңылтпаштардың бала тілін дамытудағы рөлін талдап жазыңыздар.
3. “Аяз би” ертегісіндегі Жаманның тапқырлығы көрінетін тұстарын дәлелдеп жазыңыз
4. Қыз Жібек” жырында әр бөлім бойынша Жібектің образы қалай өрбиді?
5. Батырлар жырында батырдың жары қандай рөл атқарған? Дәлелдеп жазыңыз.
6. Алып Ер Тұңға өмірде болған ба, әлде мифтік бейне ме?
7. «Алып Ер Тұңға жоқтауы» жыры мен Жүсіп Баласұғын еңбегіне енген жырды салыстыра отырып, Алып Ер Тұңғаның түркі халықтары өміріндегі орнын анықтап жазыңыз.
8. Әл-Фарабидың «Қашықтасың, туған жер» өлеңін М.Мақатаевтың «Апыр-ай, туған жер-ай!» өлеңімен салыстырып, ондағы автор бейнесін анықтап жазыңыз.
9. Әбунасыр әл-Фарабидың: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонсоң айтып берейін» деген пікірі туралы ойыңызды өмірмен байланыстыра отырып жазыңыз.
10. Доспамбет өлеңдерінен қандай құндылықтарды байқауға болады, талдап жазыңыз.
11. Асан қайғының өнегелі сөздері мен көрегенді ойларына өз пікіріңізді білдіріңіз.
12. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің көркем энциклопедиясы екендігін талдап жазыңыз.
13. С.Торайғыровтың Қамар сұлу романындағы отбасы мен тәрбие мәселесін қазіргі отбасы және тәрбие мәселесімен салыстыру.
14. Б.Майлиннің "Шұғаның белгісі" повесіндегі Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық халін сипаттап беріңіз.
15. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының өсу жолының ұлы намыс жолы екендігін дәлелдеп жазыңыз.
16. Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасындағы рухани құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз.
17. Ә. Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» романындағы Арал теңізінің тағдырын ел тағдырымен байланыстыру.
18. Т.Нұрмағанбетовтың «Мешкей» романындағы бүгінгі қоғамның сатиралық-метафоралық бейнесі.
19. Р.Отарбаев әңгімелеріндегі замандастар бейнесін талдап жазыңыз.
20. Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман диалогіндегі автор сөздері арқылы батыр бейнесін талдап жазыңыз.
21. Зейнолла Қабдоловтың «Жалын» романындағы көзқарастар қайшылығы мен адамдар арасындағы психологиялық тартыстың себептерін талдап жазыңыз.
22. «Махамбет жырлары - асқақ рухтың үні»
23. «Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеулердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңыз.
24. Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Өлең – сөздің патшасы» өлеңдеріндегі үйлесім тапқан ән мен өлең құдіретін талдап жазыңыз.
25. Абайдың он тоғызыншы қара сөзіндегі естілік пен білімділік қалай жүзеге асады?
26. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз
27. Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз.
28. Ахмет Байтұрсыновтың тәккапарлық пен көреалмаушылық сияқты кемшіліктерді астарлап көрсеткен мысалдарын талдаңыз.
29. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі бүгінгі жастар тəрбиесіне қатысты өзектілігін талдаңыз.
30. М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге өз пікіріңіз.
31. Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық идеяларының бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
32. Т.Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз.
33. Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз.
34. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
35. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.
36. Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
37. Ж.Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасындағы көтерілген мәселелердің бүгінгі күнгі өзектілігін талдап жазыңыз.
38. М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» романындағы ғалымның қазақ ғылымын қалыптастырудағы іс-әрекеттерін нақты дәлелдермен талдап жазыңыз.
39. Б.Соқпақбаевтың «Біз де бала болғанбыз» шығармасындағы балалар өмірі мен қазіргі замандағы балалар өмірін салыстырып жазыңыз.
40. Оралхан Бөкей «Атау кере» повесінде Ерік перзенттік борышын ақтай алды ма?
41. Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінің идеясын ұлттық мүдде тұрғысынан талдап жазыңыз.
42. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің негізгі идеясын адамгершілік тұрғыдан талдап жазыңыз.
43. Р.Отарбаевтың «Бас» романының тарихи негіздері мен Махамбет образы.
44. Б.Мұқайдың «Өмірзая» романына арқау болған тарихи кезең шындығына қатысты өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз.
45. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы оқиғаның ел тарихында болған шындық екенін тарихи мәліметтерге сүйене отырып, дәлелдеп жазыңыз.
46. С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» шығармасындағы кейіпкерлердің көзқарасындағы қарама-қайшылықтарды салыстыра отырып, ұлттық болмысқа жат мінез-құлықтарды талдап жазыңыз.
47. «...Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге» деген Абайдың қанатты сөзіндегі негізгі ойды қазіргі замандағы кітап оқуға деген сұраныспен байланыстырып жазыңыз.
48. Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңінде Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз.
49. Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі жұмбақтарға шешіміңді ұсынып, көзқарасыңызды дәлелдеп жазыңыз.
50. А.Бақтыгереева поэзиясындағы қазақ әйелдерінің образының көрініс табуын сипаттап жазыңыз.