Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – білім алушылардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Қорытынды аттестаттаудың кешенді емтихандарының бағдарламасы:
1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңымен;
2. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрық; өзгерістер мен толықтырулармен 18.05.2020 жылғы № 207 бұйрық;
3. «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрық; өзгерістер мен толықтырулармен 05.05.2020 жылғы № 182 Бұйрық;
4. ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2011 ж. №152 бұйрығымен бекітілген «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары», 2018 жылғы 12 қазандағы № 563 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;
5. М.Өтемісов атындағы БҚУ академиялық саясатымен, 28 қараша 2022 ж.;
6. «М.Өтемісов атындағы БҚУ білім алушыларының үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидалары», 27.08.2022 ж. негізінде дайындалды.
Қорытынды аттестаттаудың мақсаты еңбек нарығында оның тұрақтылығына және магистратурада білім алуды жалғастыруға ықпал ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары деңгейінде кәсіби міндеттерді орындау үшін Түлектің практикалық және теориялық даярлығының деңгейін анықтау болып табылады.
Міндеттері:
білім беру бағдарламасының талаптарында көзделген жалпы мәдени және кәсіби құзыреттердің қалыптасу деңгейін бағалау;
кәсіби қызметті жүргізу үшін түлектің теориялық дайындығын анықтау және бағалау;
түлектің тәжірибелік іскерлігін, таңдаған кәсіби саласындағы білімінің тереңдігін анықтау;
қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша бакалавр академиялық дәрежесін беру және білім туралы құжат беру туралы шешім қабылдау.
Кешенді емтихандар бағдарламасы жоғары білімнің білім беру бағдарламасына сәйкес еңбек нарығының талаптарына жауап беретін интеграцияланған білім мен негізгі құзыреттіліктерді көрсетеді.
Қазіргі қазақ тілі және әдебиет тарихы пәнінен кешенді емтихан білім алушының меңгеру деңгейін келесі бағыттарда тексеруі керек:
лексикалық, грамматикалық және фонетикалық бірліктерді тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасамдық заңдылықтарды, сөзжасамның амал-тәсілдерін т.б. білуі;
қазақ тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық топтарын, оның тілдік жүйедегі алатын орнын, қолдану қабілеті мен дағдылары;
синтаксис саласының зерттелу тарихын, сөз тіркесіне тән белгілер мен оның сөз тіркесіне ұқсас бірліктерден айырмашылығын, сөздерің байланысу тәсілері мен түрлерін, күрделенген сөйлем мен жай сөйлемге тән басты белгілерді ажырата білуі;
жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдердің айырмашылығын, құрмалас сөйлемнің күрделі ойды жеткізуші коммуникативтік бірлік екенін, жай сөйлемдердің құрмаласу жолдарын, құрмалас сөйлемге тән басты белгілерді білуі;
халық ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір, хандық дәуір, қазақ әдебиеті тарихының қалыптасуы және даму кезеңдерін талдай білу;
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар ақын-жыраулар шығармашылығындағы дәстүр жалғастығы, табиғи байланыстар, даму кезеңдерімен таныс болуы;
ХХ ғасыр басындағы жаңа жанрлардың пайда болуы мен өркендеуінің тарихын, тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті ақын-жыраулар шығармашылығын білуі.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық әдістері пәні бойынша кешенді емтихан білім алушының меңгеру деңгейін келесі бағыттарда тексеруі тиіс:
студенттердің әдістемелік ғылымның негізгі теориялық ережелерін меңгеру деңгейі;
студенттердің білім берудегі инновациялық процестер туралы білім жүйесін меңгеру дәрежесі;
тілдік білім берудің жаңа тәсілдерін білу;
болашақ мамандардың қазақ тілі мен әдебиетін оқыту жағдайын сипаттайтын негізгі үрдістерді түсінуі;
қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың базалық бағыттарын білу;
сабақтарды әдістемелік сауатты құра білу, пәнді оқытудың практикалық мақсаттарын ғана емес, сонымен қатар жалпы білім беру, дамыту және тәрбиелік міндеттерін үнемі шеше білу;
қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі бойынша ғылыми зерттеулер тұрғысынан түлектердің біліктілік деңгейі;
дидактикалық материалдардың ерекшеліктерін, типологиясын және оларды оқу-тәрбие процесінде пайдалану ерекшелігін білу дәрежесі;
студенттердің әдістемелік ғылымның соңғы жетістіктерін және оқу процесінің жаңа техникалық оқу құралдарымен, соның ішінде дербес компьютерлермен жабдықталу дәрежесін есепке алуы;
Кешенді емтихандар алдында білім алушыларға қорытынды аттестаттау бағдарламасына енгізілген мәселелер бойынша кеңес беріледі.