Түсінігі. Негізгі сұрақтары


Олар  :  Ақсу  –Жабағлы,  Алматы,  Барсакелмес,  Марқакөл,   Наурызым



Pdf көрінісі
бет23/28
Дата06.01.2022
өлшемі0,75 Mb.
#16847
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Олар  :  Ақсу  –Жабағлы,  Алматы,  Барсакелмес,  Марқакөл,   Наурызым, 

Үстірт, Алакөл, Батыс Алтай  және Қаратау  қорығы. 

Қорықша – жануарлардың, өсімдіктердің  жеке түрлері, су, орман, жер 

нысандары  қорғалатын   және  табиғи  ресурстары   шектеулі  түрде 

пайдаланатын  аумақ.  Ол  мемлекеттік  табиғи  қорының   бір  немесе  бірнеше 

нысандарын 

сақтауға 

және 

толықтыруға 



арналады. 

Қорықша 


территориясында шаруашылық  жұмыстары шектеулі түрде ғана жүргізіледі. 

Қорықшаның  қорықтан  айырмашылығы  онда  бүкіл  табиғат  кешені  емес, 

оның тек бір бөлігі ғана қорғалады. Қорықшалар қорғалатын нысандарының 

құндылығына қарай жергілікті және республикалық мәндегі болып бөлінеді. 

Мысалы, зоологиялық  қорықша– Қазақстанда тіршілік ететін жануарлардың 

сирек кездесетін  және жойылып кету қаупі  бар  түрлерін қорғау  мақсатында 

ұйымдастырылған  арнайы  аумақтар.  Бұл  аумақтар  шаруашылыққа 

пайдаланылмайды  және  мемлекет  қорғауында  болады.  Ең  алғаш  

ұйымдастырылған   зоологиялық  қорықша–Андасай  қорықшасы.  Елімізде 

республикалық   мәні  бар 44 зоологиялық  қорықшалар бар. 

Ботаникалық  қорықша–Қазақстанда өсетін өсімдіктердің  және бағалы 

түрлерін  қорғау,  байырғы  қорын  қалпына  келтіру   және  экологиялық 

деңгейін  сақтау  үшін  ұйымдастырылған  шағын  аумақтар.  Бұларда 

шаруашылыққа  пайдаланылмайды  және  мемлекет  қорғауында  болады. 

Ботаникалық   қорықшаның  сипатына  байланысты   бұнда  орман  кесудің 

барлық  түрлеріне (санитарлықтан басқа), мал бағу, шөп ору сияқты адамның 

шаруашылық  іс-әрекетіне  жол  берілмейді.  Республикамызда  жалпы  көлемі  

217 мың гектар болатын 16 ботаникалық  қорықша бар. 

Геологиялық қорықшалар–сирек және ерекше геологиялық  құрлымды 

жер 


бедерінің 

формалары 

бар 

ландшафтар 



территориясында 

ұйымдастырылады.  Олардың  қатарына  флора  мен  фауна   қалдықтарының 

қоры  шоғырланған   жерлер,  үңгірлер,  экзотикалық   рельеф  формаларының 

учаскілері  

жатады.      

Геологиялық 

қорықшалар 

территориясында 

қорғаудағы  обьектер  тұтастығын  жоятын  қазба  және  құрлыс  жұмыстарын 

жүргізуге  тыйым салынады. 




Үлкен маңызы бар қорықша–ландшафты қорықшалар. Бұларда барлық 

табиғи  комплекстің  қорғалуы  қарастырылған.  Бұл  қорықшаларда 

шаруашылық іс – әрекеттің кей  түрлері  жүргізілуі  мүмкін (шөп шабу, мал 

бағу).  Қорықшаның  бұл түрі Қазақстанда  айтарлықтай кең тараған. 

Табиғи  парктер  дегеніміз –құрамына  адамның  іс-  әрекеті   нәтижесінде 

аз  бұзылған   комплекстер,  эстетикалық  бағалығымен  және  рекреациялық  

пайдалануда  жарамдылығымен  ерекшеленетін  типтік  және  табиғи 

ландшафтының  айтарлықтай  бөлігі  кіретін,  ерекше  қорғалатын  табиғи 

территориялардың  категориясы.  Қорғалатын   нысанлары   жергілікті  мәнге 

ие.  Республикалық  мәнге  ие  болатын  табиғи  парктер  ұлттық  парктер 

қатарына  қосылып  ұлттық табиғи парктер деп аталады . 

Ұлттық  табиғи   парктер   деп  –  ЕҚТТ  категориясын  және  аз  бұзылған 

табиғи  комплекстер   мен   экологиялық,  ғылыми,  рекреациялық  құндылығы 

бар  табиғи,  тарихи-мәдени  обьектерді  айтамыз.  Ұлттық  табиғи   парктер  

негізінен рекреациялық мақсатта, әсіресе, аз уақытты демалыс пен танымдық 

туризмде  пайдалану  қатаң  бақыланады.  Қорғау  режимі  –  құрастырылған, 

дифференциональды болып келеді. Қазақстанда  ұлттық табиғи  парктер  мен 

табиғи парктердің дамуы тек соңғы 10 жылдықта басталды. Бірінші  ұлттық  

парк  1986 жылы құрылды. Қазіргі кезде 7  ұлттық табиғи парк  бар: Алтын –



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет