Түсінігі. Негізгі сұрақтары


Емел, Баянауыл, Бурабай, Қарқаралы, Қатон- Қарағай, Көкшетау, Іле –



Pdf көрінісі
бет24/28
Дата06.01.2022
өлшемі0,75 Mb.
#16847
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Емел, Баянауыл, Бурабай, Қарқаралы, Қатон- Қарағай, Көкшетау, Іле – 

Алатау. 

«2005-2006 жылдары  тағы  2  ұлттық парк  «Жоңғар» (567,4 мың га)   

және «Көлсай көлі» (161,7 мың га) сияқты ұлттық парктер құрылады» деген 

болжам бар. Елдегі ерекше қорғалатын территориялардың бұл түрі негізінен  

елдің   шығысы  мен  оңтүстік–шығысындағы   таулы  аудандарда   және 

Орталық  пен  Солтүстік  Қазақстанның   таулы–орманды  экожүйелерінде 

шоғырланған. 

Табиғи  ескерткіштер  дегеніміз – өзінің  ғылыми,  мәдени,  экологиялы  – 

эстетикалық,  ғылыми–танымдық   қасиетімен  ерекшеленетін   тірі  емес 

табиғаттан  пайда  болған  жеке  табиғи  обьектілер.  Олар  әрқашанда  мемлекет 

қорғауында  болады.  Табиғи  ескерткіштерге  белгілі  бір  аймақтағы  сирек 

кездесетін  ағаштардың,  бұталардың  түрлері  мен  топтар,  құрып  бара  жатқан 

өсімдіктердің жеке учаскілері, үңгірлер, сарқырамалар, жер асты суларының 

минералды көздері және тағы басқалар жатады. Барлық табиғи ескерткіштер  

экотуризм  обьектісі  болып  табылады.  Сондай-ақ  «Табиғи  ескерткіштер» 

категориясына  экотуризмде   үлкен   қызығушылық   тудыратын  экзотикалық  

тау   беткейлерін   және  табиғат  апат  процесстері  мен  құбылыстарының 

салдарын  жатқызуға  болады.  Мысалы:  Есік,  Кіші  және  Үлкен   Алматы 

өзендеріндегі селдің салдары . 

Мемлекеттік  зоологиялық   парк-жануарлар  дүниесін  молықтыруға, 

қорғауға  және  пайдалануға  арналған,табиғат  қорғау  және  ғылыми-зерттеу 

мекемелері  мәртебесі  бар  және  өңірлер  бойынша  сараланғанқорғау 

режиміндегіерекше қорғалатын аумақ. 

Мемлекеттік зоологиялық  парктерге  әдетте елді мекендердің жерінен 

белгіленген  тәртіппен  тұрақты  пайдалануға  жер  учаскілері  беріледі.      



Мемлекеттік  зоологиялық   парктерде  оның  міндеттерін  орындаумен 

байланысты  емес  және  оларда  ұсталатын  жануарлардың  жойылуына  әкеліп 

соғуы мүмкін кез келген іс-әрекетке тыйым салынады. Зоологиялық  парктер 

Отандық  және  дүниежүзілік  фаунадағы  жануарлар  коллекциясын 

қалыптастырыда  және  олардың  сақталуын  қамтамасыз  етеді.  Мемлекеттік 

зоологиялық  парктер белгіленген тәртіп бойынша жануарлармен импорттық 

және  экспорттық  операцияларды,  оларды  зоологиялық  саладағы  басқа 

мекемелерге айырбастауды жүзеге асырады.Бұнда сондай-ақ, мал дәрігерлік 

және зоотехникалық қызмет, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген 

жануарларға арналған питомниктер құрылады. 

Мемлекеттік 

ботаникалық 

бақ-өсімдіктер 

дүниесін 

қорғауға, 

молықтыруға  және  пайдалануға  арналған,табиғат  қорғау  және  ғылыми-

зерттеу  мекемелері  мәртебесі  бар  және  өңірлер  бойынша  сараланғанқорғау 

режиміндегіерекше қорғалатын аумақ. 

Мемлекеттік  ботаникалық  бақтардың  жергілікті  және  республикалық 

маңызы  болуы  мүмкін.  Мемлекеттік  ботаникалық  бақтарға  тұрақты 

пайдалану үшін белгіленген тәртіппен  жер учаскілері беріледі. Мемлекеттік 

ботаникалар мынадай: 

1)     экспозициялық-  өсімдіктерді  егуге  және  оларды  келушілерге  көрсетуге 

арналған

2)    ғылыми – ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған; 

3)     қорықтық  –  табиғи  өсімдіктердің  бірегей,  типтік  және  сирек  кездесетін 

топтарын сақтауға арналған; 

4)    қоғамдық – келушілерге қызмет көрсетуге арналған

5)    әкімшілік және өндірістік шаруашылық өңірлерге бөлінеді. 

Мемлекеттік ботаникалық бақтарда олардың міндеттерін орындау мен 

байланысты  емес  және  оларда  өсірілетін  өсімдіктердің  жойылуына  әкеліп 

соғуы  мүмкін  кез  келген  іс-әректке  тыйым  салынады.Мемлекеттік 

ботаникалық  бақтар  отандық  және  дүниежүзлік  флораның  табиғи  және 

мәдени  өсімдіктер  коллекциясын  қалыптастырады  және  олардың  сақталуын 

қамтамасыз  етеді.  Мемлекеттік  ботаникалық  бақтар  өсімдіктерімен 

импорттық және экспорттық операцияларды жүргізуді, оларды ботаникалық 

басқа мекемелерге айырбастауды жүзеге асырады. Мемлекеттік ботаникалық 

бақтарда  коллекциялық  және  эксперименттік  учаскелер,  гербарийлер, 

питомниктер  және  тұқым  қорлары  құрылады.  Мемлекеттік  ботаникалық 

бақтарды  пайдалану  ерекшеліктері:  1)мемлекеттік  ботаникалық  бақтар 

белгіленген  тәртіппен  ғылыми,  мәдени-ағарту   және  оку  мақсатында 

пайдаланылады. 2) мемлекеттік ботаникалық бақтардағы ғылыми зерттеулер 

табиғи  флораның  бағалы,  сирек  кездесетін  және  құрып  кету  қаупі  төнген 

түрлерін  және  жерсіндірілген  дақылды   өсімдіктерді  қолдан  өсіру,  тұқымын 

сұрыптау және көбейту саласында жүргізіледі. 

Мемлекеттік  дендрологиялық  парк–табиғат  қорғау  мекемесінің 

мәртебесі бар және ағаш пен бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыруға және 

пайдалануға  арналған  өңірлер  бойынша  сараланған  қорғау  режиміндегі 

ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақ.  Мемлекеттік  дендрологиялық  парктер 



мемлекеттік ботаникалық бақтар сияқты тәртіппен және нақ сондай шарттар 

мен ғылыми, мәдени, ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады. 

Теңіз  айдынын  қоса  алғанда,  дағдылы  өсімдіктер  мен  жануарлар 

дүниесі,  әсіресе су құстары мекендейтін жер ретінде пайдаланылатын табиғи 

және  жасанды  су  қоймалары  халықаралық  маңызы  бар  сулы-батпақты 

алқаптар  болып  табылады.  Халықаралық  маңызы  бар  сулы-батпақты 

алқаптарға мемлекеттік табиғи қорықтар мен мемлекеттік заказниктер кіреді 

не  халықаралық  маңызы  бар  ерекше  қорғалатын  жеке  табиғи  аумақтар 

ретінде  бөлінеді.  Халықаралық  маңызы  бар  сулы-батпақты  алқаптарға 

негізінен  су  құстары  мекендейтін  жерді  қорғау  мен  қалпына  келтіруді 

қамтамасыз  ететін  қорық  және  заказник  режимдері  немесе  шаруашылық 

қызметтің реттеленетін режимі белгіленеді. Халықаралық маңызы бар сулы-

батпақты  алқапты  қорғау  мен  пайдалану  ерекшеліктері  ол  туралы  осы 

мәселелер  бойынша  қолданылып  жүрген  халықаралық  келісімдер  ескеріле 

отырып бекітілген жеке ережемен белгіленіледі. 

Ерекше  мемлекеттік  маңызы  бар  немесе  ғылыми  жағынан  ерекше 

құнды  су  қоймаларына  ерекше  қорғалатын  құқықтық  режиміндегі  арнаулы 

нысаналы мақсаттағы немесе шаруашылық қызмет режимімен реттелетін су 

қоймалары  жатады.  Шаруашылық  тұрғыдан  ерекше  құнды  су  қоймалары, 

шекаралық сулар, табиғи  шипалы  факторлары мен  рекреациялық  қасиеттері 

бар  су  қоймалары,  ұзақ  мерзімді  перспективадағы  ғылыми  зерттеулер 

обьектілері  болып  табылатын  су  қоймалары,  ықтимал  сел  қаупін  төндіретін 

су  қоймалары  ерекше  мемлекеттік  маңызы  бар  немесе  ғылыми  жағынан 

ерекше құнды су қоймалары болып табылады. 

Ерекше  мемлекеттік  маңызы  бар  немесе  ғылыми  жағынан  ерекше  құнды 

су  қоймалары  жергілікті  және  республикалық  маңызы  бар  ерекше 

қорғалатын  табиғи  аумақтар   санаттарына  жатады.  Ерекше  мемлекеттік 

маңызы  бар  немесе  ғылыми  жағынан  ерекше  құнды  су  қоймаларын 

пайдалануға  беруге  ішінара  шек  қойылуы   немесе  толық  тыйым  салынуы 

мүмкін. 


Биосферадағы экожүйелердің бастапқы  қалпын  сақтап  калу  және  корғау 

тірі  организмдердің  сан  алуан  түрлілігін  сақтау  мәселелерімен  тығыз 

байланысты. 

Қазіргі  кезде  Жер  шарында  адамның  аяғы  тимеген  және  іс-әрекетінің 

әсеріне  ұшырамаған  алқаптар  жоқтың  қасы.  Дегенмен  де  табиғаттың 

бастапқы  табиғи  қалпы  сақталған  немесе  антропогендік  факторлардың 

ықпалы 

онша 


байқала 

коймаған 

экожүйелердің 

біраз 


бөлігін 

табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар 

антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін 

қажет.  Халықаралық  қабылданған  ережелерге  сәйкес  әрбір  мемлекеттің 

жалпы  жер  аумағының  10%-ы  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар 

мәртебесін алуы қажет. 

Ерекше  корғалатын  табиғи  аумақтарға  биосфералық  қорықтар,  мемлекеттік 

табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, 

корықшалар  және  т.б.  табиғи  нысандар  жатады.  Соңғы  деректер  бойынша 



дүние  жүзінің  100-ден  астам  ірі  мемлекеттерінде  1000-нан  астам  ерекше 

қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы 

көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на 

тең. 


Қазақстанда ерекше 

қорғалатын 

табиғи 

аумақтар 

туралы 

заң 1997 және 2006 жылдары  қабылданды.  Мұндай  Республикалық  маңызы 

бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және 

табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді. 

1. Мемлекеттік ұлттық қорықтар. 

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар. 

3. Мемлекеттік табиғи резерваттар. 

4. Мемлекеттік корықтың аймақтар. 

5. Мемлекеттік табиғи қорықшалар. 

6. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. 

7. Мемлекеттік зоологиялық бақтар. 

8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар. 

9. Мемлекеттік дендрологиялық бақтар және т.б. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет