Бақылау жұмыстарының ұсынылатын нормалары.
Алған білімдерінің динамикасын анықтау мен мониторингін жасау үшін әрбір тоқсанның аяғында 4 бақылау жұмысын жүргізу ұсынылады.
Бақылау жұмыстары тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, әр тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика және грамматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым – 5 тапсырма, оқылым – 5 тапсырма. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға – 14-20 балл, «3» деген баға – 4-13 балға қойылады.
Жазба жұмыстарының ұсынылатын нормалары.
Жұмыстың бұл түрі оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын және жазу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, жеке хат, электрондық хат, суреттегі адам туралы бірнеше сөйлем жазуды ұсынуға болады (оқушы бұл адамның аты-жөнін, мекенжайын ойдан шығарады), мәтінді ағылшын тілінде көшіріп жазу, оқу міндетіне сәйкес одан сөздерді теріп жазу немесе оған сөздер қойып жазу, үлгіге қарап отырып, қысқаша құттықтаулар: 4-сыныпта – 30-40 сөзге дейін жазу.
Түсінік хат
9 - сынып
Негізгі орта білім беру деңгейінде шетел тілін оқытудың мақсаты – оқушылардың тілді меңгерудің жалпыеуропалық (А2+) қалыптасу алдындағы деңгейіне сәйкес білім алушылардың тіл тасымалдаушылармен мәдениаралық қарым-қатынас жасау қабілеттерін, коммуникативтік біліктерін дамыту, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру.
Бұл кезеңде келесі кезеңдердегідей танымдық процесс шоғырландырыла ұйымдастырылады: берілген кезеңде әуелгі кезеңнің тақырыптары мен сөйлеу аясы кеңейіп, оларға жаңа сөйлеу тақырыптары қосылады. Қатысымдық-сөйлеу әрекеті бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, репродуктивті әрекеттен репродуктивті өнімді әрекетке, кейіннен өнімді әрекетке қарай дамиды.
9-сыныптарда (А2+оқу деңгейі бойынша) қатысымдық-мәдениаралық құзыреттердің барлық компоненттерін дамыту жалғаса береді: грамматикалық және лексикалық минимум кеңейтіледі, тілдік және сөйлеу дағдылары нығайтылады, дискурсивті және әлеуметтік-мәдени біліктері дамиды. Бұл оқу деңгейінде өзіндік өмірлік тәжірибесі мен оқушылар білімін ескере отырып, үлгіге қарамай, вербальдық тірексіз байланысқан сөйлем құрау қабілеттерін қалыптастыру қажет.
Көптілді білім беруді енгізу жағдайында ағылшын тіліне ерекше назар аударылады.
9-сыныптарда лексикалық сөздік қоры кеңейеді, тілдік емес пәндер бойынша терминологиялық түсініктерінің көлемі ұлғаяды.
Шетел тілі сабақтарында білім алушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастырудың маңызды аспектісі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру болып табылады:
білім алушылар бойында шетел тілінің қазіргі адам өмірінде және көп мәдениетті әлемдегі рөлі мен маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру, Шетел тілін қолдануда мәдениаралық қарым-қатынаста басқа халықтар мәдениетімен дүниені тану құралы ретінде жаңа тәжірибе жинақтау;
азаматтық бірегейлікті, өз халқы, туған өлкесі, өз елі үшін патриоттық және мақтаныш сезімін, өз этникалық және ұлтқа қатыстылығын сезіну, тілдерді және мәдениетті меңгеру арқылы жалпы қабылданған адамзаттық және базалық ұлттық құндылықтарды дамыту;
коммуникативтік құзыреттіліктері мен мәдениетін қалыптастыру, яғни өзінің сөйлесу мүмкіндігі мен қажеттілік деңгейінде ауызша (айтылым және тыңдалым) және жазбаша (оқылым және жазылым) әртүрлі үлгіде тілді тасымалдаушымен қарым-қатынасқа дайын болуы және коммуникативтік міндеттер мен әңгімелесу әдебіне сәйкес сөйлесу және сөйлесуден басқа құралдарды барынша кең көлемде пайдалану;
басқа елдердің мәдениетімен танысу арқылы өзге (бөгде) мәдениетке құрметпен қарау қарым-қатынасын қалыптастыру;
ауызша және жазбаша қарым-қатынаста шетел тілінде өзінің төл мәдениетін таныстыру қабілетін одан әрі дамыту.
Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында шетел тілі пәні мұғалімдеріне:
оқыту материалдарының түпнұсқасын пайдалану (аудио-, бейнежазбалар, фильмдер, әндер, ғылыми және ойын-сауық журналдарынан мақалалар);
шетел тілінде сипаттама беру, мінездеме беру, салыстыру, талдау, диалог жүргізу, пікірталас, қажетті дәлелдемелер келтіру, жинақтау және қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру үшін БАҚ материалдарымен жұмыс жасау;
оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында өз бетінше анықтамалармен және энциклопедиялық әдебиеттермен, электронды ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
білім алушылардың қауіпсіз мәдениетті тәртібін қалыптастыру үшін қауіп-қатер жағдайындағы және түрлі жағдаяттардағы мінез-құлықтары туралы мәтіндерді жұмыс үшін қолдану ұсынылады.
Шетел тілі бойынша апталық оқу жүктемесінің көлемі:
9-сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Білім алушы дәптерлерінің саны мен түрлері, білім алушы дәптерін жүргізуге қойылатын негізгі талаптар, дәптерлерді тексеруге қойылатын негізгі талаптар өзгеріссіз қалады. Нормативтер мен талаптар 2017-2018 оқу жылындағы Әдістемелік – нұсқау хатта көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |