Түсінік хат
7– сынып
2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат, Астана 2018 жыл;
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін
пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
7-сыныпта төмендегі грамматикалық тақырыптарды: Past Simple Tense, Past Continuous Tense, Future Simple Tense, Passive Voice және сын есімдердің салыстырмалы шырайын қайталау ұсынылады, себебі жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасы бойынша жоғарыда аталған тақырыптар өтілген тақырыптар болып саналады (2013 жылғы оқу бағдарламасы бойынша 7-сыныптар А1 high деңгейі бойынша оқиды, ағылшын тілінің оқу бағдарламасы бойынша 7-сыныптар В1 low деңгейі бойынша оқиды). Оқыту процесінде, сондай-ақ, қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады. 7-сынып – Communication and Technology, Space and Earth, Natural disasters;
Жаңа тақырып бойынша оқыту және жаңа сабаққа дайындық процесінде мәтіндер мен сөйлемдердің лексикалық және грамматикалық мазмұнын тексеру ұсынылады. Сонымен қатар, жоғарыда аталған себептер бойынша білім алушыларға таныс емес грамматикалық құрылымдарға көңіл бөлген дұрыс. Айтылым және жазылым тапсырмаларында перифраз қолдану ұсынылады.
7-сыныптарға арналған оқу бағдарламасына тән сипат білім алушылардың әртүрлі жан-жақты дағдылары мен пәндік білім, біліктерін дамытуға арналған. Осылайша оқу мақсаттарының жүйесі коммуникацияның түрлі тәсілдерін, зерттеушілік, сыни ойлау, АКТ, функциональдық және шығармашылық білімдерін, командалық жұмыс, өзіндік жұмыс, проблеманы шешу мен шешім қабылдау тәрізді түрлі тәсілдерді қолдануға және оларды дамытуға негіз болады. Бұл жан-жақты дағдылар білім алушының өмірде және мектепте табысқа жетуін қамтамасыз етеді.Сабақ уақытында дағдылар мен іскерліктерді дамыту және жетілдіру үшін ауызша сөйлетуді қолданған дұрыс. Коммуникативтік жағдаяттарда жаңа лексикалық және грамматикалық материалды енгізу және бекіту, сабақта жұппен, топпен жұмысты ұйымдастыру арқылы әрбір оқушының сөйлеу белсенділігін арттыру; мәтіндермен жұмыс жасау кезеңдерін міндетті түрде сақтай отырып оқылым мен тыңдалымға үйрету ұсынылады.
Бағдарламаның міндетті компоненті ретінде ұсынылатын «Independent Project бөлімі» («Жобалық жұмыс»), зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін (оқушылардың қызығушылығын тудыратын) «Reading for Pleasure» бөлімі, осының аясында оқушылар көркем шығармаларды және ғылыми-публицистикалық әдебиеттерді оқиды; әдеби шығармалардың түрлі жанрларымен танысады.
Ағылшын тілі бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
7сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |