Түсінік хат 6-сыныпқа информатика пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар



бет2/3
Дата24.01.2023
өлшемі37,33 Kb.
#62550
1   2   3
Байланысты:
6 сынып КТП қаз тілі 2022-2023

Оқытудың мақсаты оқушылардың бойында заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ақпараттармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
6-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. "Компьютердің құрылғылары". Есептеу техникасының даму тарихы.

Компьютерлік негізгі құрылғылардың әрекеттестігі;
2) "Программалық қамтамасыз ету". Операциялық жүйелердің негізгі функциялары. IDE (ай ди и) (Integrated Development Environment (интегрейтед девелопмент энвайронмент)) интерфейсінің мүмкіндіктері;
3) "Компьютерлік желілер". Сымсыз байланыстың артықшылықтары;
4) "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру". Мәтіндік құжаттардағы
сілтемелерді ұйымдастыру. Сілтемелер. Гиперсілтемелер. Мазмұны. Реферат құру;
5) "Модельдеу". 3D-модельдер қолдану мысалдары. 3D-редактордың мүмкіндіктері. 3D-редакторының графикалық примитивтерді құруға арналған құралдары. Айналу денелерін құру және түрлендіру. 3D-редактордағы объектілердің модельдері. Басып шығару үшін 3D-үлгіні экспорттау. 3D-баспаны баптау;
6) "Алгоритмдер". Python (пайтон) тіліндегі сызықтық алгоритмдер.
7) "Программалау". Бағдарламалау тіліннің алфавиті және синтаксисі. Мәліметтер типтері;
8) "Эргономика". Эргономика міндеттері (барынша жайлылық пен тиімділік үшін);
9) "Ақпараттық қауіпсіздік". Интернетке тәуелділіктің проблемалары. "Авторлық құқық", "плагиат" ұғымдары. Авторға сілтеме жасайтын ақпаратты сақтау.
Оқыту міндеттері:
1) білім алушыларда ақпараттық процестердің қоғамдағы түсінігін, ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуді қалыптастыру;
2) ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс-әрекетінде тиімді пайдалану біліктерін дамыту;
3) білім алушыларды жүйелерді талдау, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшаларды жасау, өздерінің өнімдерін бағалау үшін компьютермен жұмыс істеудің базалық қағидаларды түсінуін қамтамасыз ету;
4) талдау, абстракциялау, модельдеу және программалау арқылы түрлі тапсырмалар шеше білуді дамыту;
5) білім алушылардың бойынша жалпылау және ұқсастық, есепті құрамдас бөліктерге бөлу және жалпы заңдылықтарды айқындау, қойылған міндеттерді шешудің тиімді және ұтымды тәсілдерін іздеу қабілеттілігін қамтитын логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ есептеу ойлауын дамыту;
6) білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы қабылданған қағидаларды сақтау, жеке адамның және бүкіл қазақстандық қоғам мүдделерін ескеру;
7) білім алушылардың академиялық тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету.

Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


6 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат;


5-9 сыныптардағы Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 6, 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет